"Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 36-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде N 3190 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 18.04.2018 № 18-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 тіркелген, аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде 2010 жылғы 22 қаңтарда, аудандық "Вести" газетінде 2010 жылғы 22 қаңтарда жарияланған, бұдан әрі - шешім) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары мынадай жерлерге 50 % жоғарылатылсын:

      1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы маңызындағы;

      2) елді мекендердің (үй жанындағы жер учаскелерін қоспағанда);

      3) елді мекендерден тысқары орналасқан өнеркәсіптік.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Д. Омаров
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданы
бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі Басшысы      А. Кемелев
2015 жылғы 27 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады