Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 4 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасының, 20-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8, 18-тармақтарының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақысының мөлшері 2016 жылға белгіленген 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "08" желтоқсан № 14018 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
№р/с | Ұйымдар атауы | Қоғамдық жұмыс түрлері | Атқарылатын жұмыстар көлемі | Сұраныс (жарияланған қажеттілік) | Ұсыныс (бекітілген) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 50 құжат | 15 | 15 | Өскемен қаласының бюджеті |
2 | "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; сессия және тұрақты комиссия хаттамаларын ресімдеуде көмек | күніне 5-10 құжат; жылына 12 сессия хаттамалары, күніне 1 тұрақты комиссия хаттамасы | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
3 | "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуде көмек | күніне 18-20 құжат | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
4 | "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 17-18 құжат; | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
5 | "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек, факстерді жіберу, құжаттардың көшірмесін жасау, хат-хабарларды жеткізу | күніне 10 құжат | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті |
6 | "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 120 құжат | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті |
7 | "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 100 құжат | 9 | 9 | Өскемен қаласының бюджеті |
8 | "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек | күніне 20 құжат; күніне 800 шаршы метр | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
9 | "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 7 құжат; күніне 15 шаршы метр | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
10 | "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 10-20 құжат | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
11 | "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек | күніне 7 құжат; күніне 100 шаршы метр | 8 | 8 | Өскемен қаласының бюджеті |
12 | "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; хат-хабарларды жеткізу | күніне 10 құжат; күніне 15-20 құжат | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті |
13 | "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек | күніне 8 құжат; күніне 10 шаршы метр | 2 | 2 | Өскемен қаласының бюджеті |
14 | "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде көмек; тауар және қызметтерді жеткізушілермен жұмыс істеуде көмек; хат-хабарларды жеткізу | күніне 150 құжат; күніне 1 жеткізуші; күніне 10-15 құжат | 25 | 25 | Өскемен қаласының бюджеті |
15 | "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 25-30 құжат | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті |
16 | "Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | іс жүргізу бойынша құжаттарды өңдеуде, мұрағаттық құжаттарды ресімдеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек; | күніне 50 құжат; күніне 147 шаршы метр | 30 | 30 | Өскемен қаласының бюджеті |
17 | "Өскемен қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | іс жүргізу бойынша құжаттарды өңдеуде, мұрағаттық құжаттарды ресімдеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 125 құжат; күніне 1000 шаршы метр | 20 | 20 | Өскемен қаласының бюджеті |
18 | "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 25 құжат | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
19 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | мұрағаттық, ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек | күніне 125 құжат; күніне 110.0 шаршы метр | 438 | 438 | Өскемен қаласының бюджеті |
20 | Өскемен қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемелері: № 6 орта мектебі, № 33 орта мектебі, нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп-балабақша кешені. Өскемен қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары: № 8 "Мирас" балабақша-бөбекжайы | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруда көмек | күніне 10 құжат; күніне 567 шаршы метр | 13 | 13 | Өскемен қаласының бюджеті |
21 | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің "Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық, ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыс істеуде көмек | күніне 23 құжат | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті |
22 | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық, ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 116 құжат; күніне 219 шаршы метр | 30 | 30 | Өскемен қаласының бюджеті |
23 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Өскемен қаласының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 125 құжат | 60 | 60 | Өскемен қаласының бюджеті |
24 | "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуде көмек; ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 8-10 құжат; күніне 3-4 құжат | 7 | 7 | Өскемен қаласының бюджеті |
25 | "Өскемен қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық, ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 65 іс | 40 | 40 | Өскемен қаласының бюджеті |
26 | "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 30-40 құжат | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті |
27 | "Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 3-10 құжат | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
28 | "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 3-5 құжат | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
29 | "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 10 құжат | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті |
30 | "Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 8-17 құжат | 2 | 2 | Өскемен қаласының бюджеті |
31 | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | статистикалық есептілігін тіркеу, жинау, тарату бойынша жұмыс істеуде көмек | күніне 8 құжат | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті |
32 | "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 7 іс | 15 | 15 | Өскемен қаласының бюджеті |
33 | "Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 5 іс | 2 | 2 | Өскемен қаласының бюджеті |
34 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуде көмек; хат-хабарларды жеткізу | күніне 5-15 құжат; күніне 6 құжат | 70 | 70 | Өскемен қаласының бюджеті |
35 | "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; | күніне 100 құжат | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
36 | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; хат-хабарларды жеткізу | күніне 20-25 құжат; күніне 10 құжат | 7 | 7 | Өскемен қаласының бюджеті |
37 | "Зағиптар мен көздері нашар көретіндер үшін мамандандырылған Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 45 құжат; күніне 29 шаршы метр | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
38 | "Қазақстан Республика денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 72 құжат; | 36 | 36 | Өскемен қаласының бюджеті |
39 | Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 4 құжат | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті |
40 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 16 құжат | 50 | 50 | Өскемен қаласының бюджеті |
41 | Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек | күніне 1 іс-шара | 5 | 5 | Өскемен қаласының бюджеті |
42 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен қалалық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 1-3 құжат; күніне 26000 шаршы метр | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті |
43 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; кітап қорымен жұмыс істеуде көмек | күніне 3 құжат; күніне 33 дана | 20 | 20 | Өскемен қаласының бюджеті |
44 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыс істеуде көмек | күніне 50-60 құжат | 6 | 6 | Өскемен қаласының бюджеті |
45 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Оқу зерттеу экобиоорталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 7 құжат; күніне 33 шаршы метр | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті |
46 | "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік қорының шағын несие ұйымы" қоғамдық қоры (келісім бойынша) | мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 30 құжат; | 3 | 3 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
47 | "Шығыс Қазақстан аумағының Ауғаныстан мүгедектер-ардагерлері" қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 2 құжат ; күніне 150 шаршы метр | 6 | 6 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
48 | "Ауғаныстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен қалалық ұйымы" қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 2 құжат ; күніне 150 шаршы метр | 6 | 6 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
49 | "Bliss" психология орталығы" қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; хат-хабарларды жеткізу | күніне 50 құжат; күніне 10 құжат | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
50 | "Өскемен қаласының іскер әйелдері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 4 құжат | 2 | 2 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
51 | "НҰР ОТАН" партиясының Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық филиалы (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 10 құжат | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
52 | "Өскемен қаласы және облыстың бағбандар одағы" қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | саяжай телімдерін күзетуге қөмек | саяжай кезеңдерінде (6 ай) 20000 телім | 40 | 40 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
53 | "Алтайский строитель" әуесқой бағбандардың қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) | саяжай телімдерін күзетуге көмек | саяжай кезеңдерінде (6 ай) 450 телім | 8 | 8 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
54 | Қоғамдық бірлестіктер (мүгедектер бірлестіктері): "Алтын-Ай", "Азина", "Қазақ соқырлар қоғамы", "Благодеяние", "Қазақ саңыраулар қоғамы", "Шығыс", "Шығыс Қазақстан облысының мүгедектер ерікті қоғамы", "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Өскемен" корпоративтік қоры (келісім бойынша) | арнайы киімдерді, төсек-орын жабдықтарын тігуде мүгедектерге көмек; ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек, хат-хабарларды жеткізу; тренингтер ұйымдастыруда көмек | күніне 4 арнайы киімдер жинақталымы, 97 төсек-орын жабдықтарының жинақталымы; күніне 5 құжат; күніне 1 тренинг | 87 | 87 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
55 | Пәтер иелерінің кооперативтері (келісім бойынша): "Крылова, 106", "Защита-2", "Пролетарская, 89", "Ушанова, 70", "Рауан" | аумақтарды абаттандыруға, үй астындағы және үй жанындағы жайларды, техникалық қабаттарды, шатырды тазалауға көмек | күніне 51642 шаршы метр | 15 | 15 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
56 | "Нұр-Шапағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 2-4 құжат; күніне 67 шаршы метр | 10 | 10 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
57 | "Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 5-10 құжат; күніне 67 шаршы метр | 6 | 6 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
58 | "Қазпошта" акционерлік қоғамы (Шығыс Қазақстан облыстық филиалы) (келісім бойынша) | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек; аумақты абаттандыруға көмек | күніне 167 құжат; күніне 550 шаршы метр | 20 | 20 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
59 | "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан филиалы | ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек | күніне 15 құжат | 4 | 4 | Өскемен қаласының бюджеті, жұмыс беруші |
Барлығы: | 1250 | 1250 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты талаптары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күнімен 5 күнді құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, еңбекақы төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы жүргізу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақытына жұмыссыздардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, саймандар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жүргізіледі. Жұмыскерлердің жеке санаттары (әйелдер және отбасылық міндеттері бар басқа тұлғалар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) үшін қоғамдық жұмыстардың талаптары тиісті санатқа еңбек талаптарының ерекшелігін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің және жұмыскердің арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.