Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.11.2019 № 314/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларында:
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8 және 9-жолдармен толықтырылсын:
"
8. | Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, енгізу және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет ** | 89 854 | 100 637 |
9. | Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасын, инвестициялық ұсынысын ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет ** | 44 753 | 50 123 |
";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5 және 9-жолдармен толықтырылсын: "
5. | Ұялы байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру | бір айда 1 қызмет | 8 743 722,32 | 9 792 969 |
6. | Қалааралық және халықаралық байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру | бір айда 1 қызмет | 1 096 773,22 | 1 228 386 |
";
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 18.03.2019 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Д.В. Голобурда):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ақпарат және коммуникациялар министрі | Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
________________Б. Атамқұлов
2016 жылғы 21 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 24 қазан