Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14694 болып тіркелді

      Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, Б¥ЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 315 бұйрығымен бекітілген

Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме құрылыс өндірісіндегі баға үрдісін сипаттайтын және қолданыстағы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде алынған статистикалық деректерді қолдану арқылы қалыптастырылған құрылыстағы индекстерді қалыптастырудың негізгі аспектілерін және әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті құрылыс құнын және баға индекстерін (бұдан әрі – құрылыс индекстері) қалыптастыру кезінде пайдаланады.

      4. Құрылыс индекстері:

      1) құрылыс қызметі көрсеткіштерінің нақты көлем индекстерін есептеуде;

      2) жалпы ішкі өнімді, еңбек өнімділігін есептеуде және басқа да экономикалық-талдамалық есептерде;

      3) құрылыс ресурстары құнының өзгеруіне байланысты құрылыс жобасының құнын түзету үшін құрылыс және жобалау ұйымдары қолданады.

      5. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтың статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банкі (2004 жылы) шығарған "Өндірушілер бағасының индексі бойынша нұсқау: теория және тәжірибе" нұсқауының Қазақстан Республикасының экономикасы мен зерттелетін экономикалық қызмет түрінің ерекшелігі ескеріле отырып бейімделген қағидаттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

      6. Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде ірі жиынтықтарға біріктіру;

      2) агрегаттық баға индексі – бағаның жеке (қарапайым) индекстері негізінде құрылады және жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерделенетін құбылыс бойынша бағаның өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

      3) жеке (қарапайым) баға индексі – зерделенетін жиынтықтың (нақты тауардың, қызметтің) бір элементі бағасының өзгерісі;

      4) құрылыстағы баға индексі – құрылыс өндірісінің барлық кезеңдерінде: құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар және құрал-жабдықтар, өзге де жұмыстар мен шығындарда қолданылатын материалдық-техникалық ресурстарға бағаның өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

      5) құрылыс материалдары – әртүрлі құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерінің өндірісінде ғимараттар мен имараттардың құрылыс конструкцияларын жасауға арналған табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар;

      6) құрылыс өндiрiсi – құрылыс-монтаж және арнайы жұмыстарды қоса алғанда, құрылыс алаңында тікелей орындалатын өндірістік үдерістер жиынтығы;

      7) құрылыс ұйымдары – қызмет түрі "Құрылыс" секциясына жататын құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын жалпы құрылыс және мамандандырылған ұйымдар;

      8) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объектіні салу құны;

      9) сметалық пайда – жұмыстардың өзіндік құнына, мердігерлік ұйымды дамытуға, оның қызметкерлерін қосымша материалдық ынталандыруға жатқызылмайтын шығыстарды өтеуге арналған құрылыстың сметалық құнының нормативтік бөлігі болып табылатын қаражат сомасы;

      10) тікелей шығындар – оларды тасымалдаумен материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың, мердігер жеткізетін инженерлік жабдықтың құны, құрылысшы жұмысшылардың негізгі жалақысы және құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану құны;

      11) үстеме шығыстар – өндіріске жалпы жағдай жасауға, оған қызмет көрсетуге, ұйымдастыру мен басқаруға байланысты құрылыс-монтаж ұйымдарының шығындарын өтеуге, сондай-ақ, құрылыстың есепке алынбаған басқа да құрамдас сметалық құнын салық пен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуге арналған қаражат сомасы.

2-тарау. Қамту және жіктеу жүйесі

      7. Баға индексін қамту саласы мен олардың құрамдас бөлігін айқындау оларды құрудың түпкілікті мақсатына және қолданудың негізгі бағытына байланысты. Құрылыс индекстері үшін экономикалық және географиялық қамту шеңбері айқындалады.

      8. Экономикалық сала баға мәмілесі жүзеге асырылатын және құрылыс индекстерінде есепке алынатын операцияларды қамтумен сипатталады. Құрылыс үшін саланы шығын жағынан және шығару жағынан сипаттайтын екі индекс есептеледі. Құрылыс қызметімен айналысатын ұйымдардың шығын немесе өндіріс шығыны жағынан құрылыс құнының индексі (соst index), шығару немесе өндірілген дайын өнім құны жағынан – құрылыстағы баға индексі (price index) есептеледі. Құрылыс индекстері элементтерінің құрамы осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      9. Құрылыс құнының индексі (соst index) жұмысшылардың еңбекақысының, материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, оларды жеткізу бойынша көліктік шығыстарды және құрылыс машиналары мен жабдықтарды пайдалану құнын қамтитын құрылыстағы тікелей шығындарды қалыптастыратын факторларға мердігердің шығындарының өзгерісін сипаттайды.

      Құрылыстағы баға индексі (price index) тапсырыс беруші тарапынан құрылыс құнының өзгерісін сипаттайды және мердігерге төленген шығындарды, инженерлік және технологиялық жабдықтарды сатып алуға және өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға кеткен шығындармен біріктіреді. Құрылыстағы баға индексі (price index) құрылыстың дайын өніміне өндірушілер бағасының серпінін көрсетеді.

      Жоғарыда аталған құрылыс индекстері сатып алушыға ұсынылатын құрылыс объектісінің түпкілікті бағасында қарастырылатын барлық баға факторларын: тапсырыс беруші көздейтін пайданың шамасын және өзге де қаржылық шығыстар мен салықтарды (жердің құны, құрылысқа рұқсат алу, сақтандыру жарналары, тіркеу салығы, жылжымайтын мүлік кепіліне несиенің комиссиялық алымдары, жылжымайтын мүлікті сату бойынша агенттің комиссиялық алымдары) қамтымайды.

      10. Құрылыс индекстерін географиялық қамту құрылыс қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркелген орнына қатыссыз, құрылыс қызметiн нақты жүзеге асыру орындары бойынша есепке алуды көздейді.

      Құрылыс индекстерін құру құрылыс өндiрiсiнiң мамандануы және құрылысқа жұмсалған инвестицияның нақты көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жүзеге асырылады. Құрылыстағы өңірлік баға индексiн (price index) есептеу үшін осы өңірдің құрылысқа салынған инвестициясының жалпы көлемiндегі технологиялық құрылымның тиiстi элементiнiң үлесі пайдаланылады.

      11. Салалық қамту бойынша құрылыс индекстерi объектiлерді салу және қалпына келтiру туралы деректер негiзiнде экономикалық қызметтің барлық негiзгi түрлерiнде құрылады.

      Жіктеу жүйесі индексті қалыптастыру, байқау үшін іріктеу жиынтығын құру, қалыптастырылатын көрсеткіштің құрылымын және нақтылау дәрежесін, жариялау үшін субъиндекстердің диапазонын анықтау үдерісінің негізі болып табылады. Құрылыс индекстерін әзірлеуде стандартты статистикалық жіктеу қолданылады, бұл қолдану үшін жарамды және халықаралық деңгейде салғастырылатын маңызды деректер қатарын алуға мүмкіндік береді.

      12. Құрылыс индекстерін құру үшін қолданылатын статистикалық жіктелімдер:

      1) салынып жатқан объектінің жұмыс істеуі көзделетін экономикалық қызмет түрін;

      2) құрылыс материалдарының түрлерін және технологиялық сипаттама бойынша олардың түрленуін (шикізаттың типі, өндiрiс технологиясы, өңдеу тәсілі, типтік өлшемі, сорты, маркасы) жіктеу үшін қолданылады.

3-тарау. Құрылыс құнының индексін құру

      13. Құрылыс құнының индексі (соst index) құрылыс өндірісіндегі мердігердің шығындары элементтеріне бағаның өзгеруін сипаттайды.

      Құрылыс құнының индексін құру құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындардың шамасын анықтайтын негізгі баптар:

      1) құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар;

      2) еңбекақы төлеу;

      3) электр энергиясына, отынға жұмсалатын шығыстар;

      4) басқа да шығындар (жүк көлігінің қызметі, машиналар мен жабдықтарды жалға алу) бойынша жүзеге асырылады;

      5) үстеме шығыстар.

      Құрылыс құнының индексіне қосылатын элементтердің құрамы түрленеді, бірақ екі элемент: құрылыс материалдары мен еңбекақы төлеуді қосу міндетті болып табылады.

      14. Құрылыс құны индексін есептеу құрылыстағы негізгі шығын элементтерінің барлығын қамтитын арнайы әзірленген ресурстық-технологиялық үлгілер (бұдан әрі – РТҮ) базасында жүргізіледі.

      РТҮ алдыңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында нақты салынған объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларының негізінде құрылады. Салынған ғимараттардың, имараттардың конструктивті шешімдерінің және қолданылатын ресурстарының бірдей болуы үшін құрылыс объектілерін пайдаланудың әртүрлі бағыттарын бейнелейтін экономикалық қызмет түрлері бойынша топтастырылады.

      15. РТҮ шығындарының элементтерi екi блокқа біріктіріледі: ресурстық және құндық.

      Ресурстық блокқа экономикалық қызметтің тиiстi түрiндегi объектілердi тұрғызуға қажетті құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қолданылатын құрылыс материалдары, бөлшектер және конструкциялар қамтылады. Ресурстық блокқа енгізілген әрбір құрылыс материалына құрылыс-монтаж жұмыстарының бiртұтас шартты құнына есептелген заттай көріністе оны қолданудың орташаландырылған көлемі айқындалады. Құрылыс материалдарының жиынтығы және оларды қолданудың орташаландырылған көлемі РТҮ бойынша объектілердің әралуан түрінде жұмысты орындау ерекшелігіне байланысты ажыратылады.

      РТҮ құндық блогында құрылыс-монтаж жұмыстары өндiрiсіне, қызмет көрсету мен басқаруға байланысты шығын баптары қамтылған: құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану, шеткері ұйымдардың қызметтерi, құрылыс және монтаж жұмыстарында тікелей жұмыспен қамтылған жұмысшылардың еңбекақысы, үстеме шығыстар.

      16. РТҮ ресурстық блогының үлесін және құндық блок элементтерінің құрылымын айқындау үшін құрылыс ұйымдарының негiзгi қызметін жүзеге асыруда шығыстар бөлiгiндегi өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық деректері қолданылады. Бастапқы құндық деректер экономикалық мазмұны бойынша жіктелген. РТҮ-де пайдалану мақсатында РТҮ ресурстық және құндық блоктарының есепке алынатын элементтерінің шығыс баптары бойынша құндық деректер қайта бөлінеді. РТҮ ресурстық және құндық блоктарының шығын баптарын қалыптастыру осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      17. РТҮ ресурстық блогы элементтерiн бағалық бағалау жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар барысында алынған құрылыс материалдарына баға деңгейі туралы статистикалық деректер бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс материалдарының бағасы туралы әртүрлі ақпарат көздерінің арасында өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық деректеріне артықшылық беріледі. Қажет болған кезде көтерме сауда немесе импорттық түсімдер бағасы статистикасының деректері қосымша қолданылады.

      18. РТҮ құндық блогы элементтерiнің құнын бағалау РТҮ ресурстық блогы шығыстарының пайыздық арасалмағы бойынша жүргізіледі.

      Элементтер бойынша бағаның өзгеруiн бағалау үшін бағаланатын элементтiң құрылымындағы неғұрлым шығынды болып табылатын айқындамалар бойынша бағаның (тарифтердің) ай сайынғы өзгеруi туралы қолда бар статистикалық ақпарат қолданылады:

      1) машиналар және механизмдерді пайдалануға (EMM) мұнай өңдеу өнiмдерi мен электр энергиясына (INE) өндiрушiлердiң баға индексi қолданылады;

      2) қызметкерлердiң еңбекақысына (ZP) құрылыста жұмыс істейтін қызметкерлердің атаулы жалақы индексi (IZP) қолданылады;

      3) шеткері ұйымдардың өндiрiстiк сипаттағы басқа қызметтеріне (U) құрылыс жүктерін тасымалдау бойынша жүк көлiгi қызметтеріне тарифтер индексi (IU) және құрылыс техникасы мен жабдықтарын жалға алу бойынша қызмет көрсетуге баға индексі (IA) қолданылады;

      4) үстеме шығыстар (NR) шамасы (коэффициенті) сметалық баға белгiлеу саласындағы қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес айқындалады. РТҮ үшiн әртүрлi экономикалық қызмет түрлерi бірдей болып қабылданады және құрылыс қызметiн жүзеге асырудағы шығыстар құрылымында айтарлықтай өзгерiстер болғанда қайта қаралады.

      Үстеме шығыстардың шартты есептелетін элементі (NR) бойынша шығыстар құнының өзгеруі негізгі жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысының өзгеруіне сәйкес есептеледі. Есептеу үшін мынадай формула қолданылады:


(1)

      мұндағы:


– үстеме шығыстар құны;

– қызметкерлердің еңбекақысына шығыстар құны;

– үстеме шығыстар үшін коэффициент.

      19. Есептi кезеңдегі құрылыс құнын есептеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) РТҮ ресурстық блогының негізгі материалдық ресурстар жинағына қосылған әрбір құрылыс материалы бойынша құны анықталады және олардың сомасы есептеледі:


(2)

      мұндағы:


– негізгі материалдық ресурстардың құны;

i материалдық ресурсының заттай көріністегі көлемі;

i ресурсының стандартты өлшем бірлігіндегі бағасы;

– негiзгi материалдық ресурстар түрлерінің саны.

      2) технологиялық үлгiдегi РТҮ ресурстық блогының құны негiзгi материалдық ресурстар және өзге де материалдар құнынан айқындалады:


(3)

      мұндағы:


– РТҮ ресурстық блогының құны;

– негізгі материалдық ресурстардың құны;

– экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған материалдардың жалпы құнындағы өзге де материалдар құнының үлес салмағы.

      3) РТҮ құндық блогын қалыптастыру үшін салыстырылатын екі кезеңдегi құрылыс-монтаж жұмыстарының өзiндiк құнына кіретiн шығын баптарының (EMM, ZP, U) құны табылады:


(4)

      мұндағы:


– есептіден алдыңғы t-1 кезеңіндегі х шығындарының тиісті баптарының құны;

– есепті t кезеңіндегі х шығындарының тиісті баптарының құны;

– есептіден алдыңғы t-1 кезеңіндегі ресурстық блоктың құны;

– РТҮ х шығындарының тиісті баптарының үлесі;

х шығындарының тиісті баптарын бағалық бағалау үшін қолданылатын өткен аймен салыстырғанда есепті кезеңдегі баға (тарифтер) индексі;

      х – тиісінше машиналар мен механизмдерді пайдалануға, қызметкерлердің еңбекақысы, шеткері ұйымдардың өндірістік сипаттағы өзге де қызметтеріне шығындар баптары.

      4) РТҮ құндық блогының шамасы екі кезеңде де барлық шығындар баптарының сомасы ретінде есептеледі:


(5)

      мұндағы:


– РТҮ құндық блогының құны;

– тиісінше машиналар мен механизмдерді пайдалануға, қызметкерлердің еңбекақысы, шеткері ұйымдардың өндірістік сипаттағы өзге де қызметтеріне шығындар баптарының құны;

– үстеме шығыстар құны.

      5) РТҮ жалпы құны ресурстық және құндық блоктардың құнын екі кезеңде де қосындылау арқылы табылады:


(6)

      мұндағы:


– РТҮ жалпы құны;

– РТҮ ресурстық блогының құны;

– РТҮ құндық блогының құны.

      20. Құрылыс құны индексінің (соst index) мәні есепті кезеңдегі бағада экономикалық қызметтің қандай да бір түрінің объектісін салуда барлық жүргізілген жұмыс кешені құнының осы жұмыстардың өткен кезеңдегі құнына қатынасы ретінде айқындалады:


(7)

      мұндағы:


– өткен айға қатысты алғанда есепті кезеңдегі экономикалық қызметтің f түрі бойынша құрылыс құнының индексі;

– есепті t кезеңіндегі экономикалық қызметтің f түрі бойынша құрылыс құны;

- өткен t-1 кезеңіндегі бағадағы экономикалық қызметтің f түрі бойынша құрылыс құны.

4-тарау. Құрылыстағы баға индексін құру

      21. Құрылыстағы баға индексiн (price index) құру құрылысқа салынған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтерiне сүйене отырып жүргізіледі. Объектіні тұрғызуға кеткен шығындардың құрамы және олардың жалпы сметалық құнындағы үлесі технологиялық құрылым деп аталады. Құрылыстың сметалық құны инвестицияның құрылымына және құрылыс-монтаж ұйымдарының қызметiн жоспарлау тәртібіне сәйкес жұмыстар мен шығындардың мынадай түрлерiне бөлінедi:

      1) құрылыс-монтаж жұмыстары;

      2) машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;

      3) басқа да жұмыстар мен шығындар.

      22. Құрылыстағы агрегатталған баға индексi құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі технологиялық құрылымының әрбір элементінің үлесін (үлес салмағын) ескере отырып мына формула бойынша айқындалады:


(8)

      мұндағы:


– құрылыстағы баға индексi;

– тиісінше құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, өзге де жұмыстар және шығындарға баға индекстері;

– тиісінше құрылыс-монтаж жұмыстарының, машиналар мен жабдықтардың, өзге де жұмыстар және шығындардың үлес салмағы.

      Құрылысқа салынған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтерiнің үлес салмағы есептіге жуық жылғы инвестициялық қызмет туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша анықталады.

1-параграф. Құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі

      23. Құрылыстағы баға индексі (price index) құрамындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексін (бұдан әрі –

) құру құрылыс құнының индексін (соst index) құру үшін қолданылатын РТҮ негізінде жүзеге асырылады.

РТҮ құндық блогына материалдық шығындар және құрылыс-монтаж жұмыстары өндiрiсіне, оған қызмет көрсету және басқаруға байланысты шығын баптары қамтылады: құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану, шеткері ұйымдардың өндiрiстiк сипаттағы қызметтерi, құрылыс және монтаж жұмыстарында тікелей жұмыспен қамтылған жұмысшылардың еңбекақысы, мердігердің пайдасы.

үшін РТҮ ресурстық блогының құнын есептеу және құндық блок шығындарының негізгі баптары бойынша мердігердің пайдасын қоспағанда құрылыс құны индексінің (соst index) тиісті элементтері бойынша жүйелілікпен 2-4 формулалар бойынша жүзеге асырылады.

      24. Алынған деректер негiзiнде тікелей шығындар (PrZ) мынадай формула бойынша қалыптастырылады:


(9)

      мұндағы:


– тікелей шығындар құны;

– РТҮ ресурстық блогының құны;

– тиісінше машиналар мен механизмдерді пайдалануға, қызметкерлердің еңбекақысы, шеткері ұйымдардың өндірістік сипаттағы өзге де қызметтеріне шығындар баптарының құны.

      25. Мердігер пайдасының (PR) шартты есептелетін элементі бойынша құнның өзгеруі тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасының өзгеруіне сәйкес есептеледі. Оларды есептеу үшін мынадай формула қолданылады:


(10)

      мұндағы:


– мердігер пайдасының құны;

– тікелей шығындар құны;

– үстеме шығыстар құны;

      k – мердігердің пайдасы үшін коэффициент.

      26.

үшін ҚМЖ құндық блогының мөлшері екі кезеңде де құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған барлық шығындар мен мердігер пайдасының сомасы ретінде есептеледі:

(11)

      мұндағы:


– ҚМЖ құндық блогының құны;

– тиісінше машиналар мен механизмдерді пайдалануға, қызметкерлердің еңбекақысына, шеткері ұйымдардың өндірістік сипаттағы өзге де қызметтеріне жұмсалған шығындардың құны;

– үстеме шығыстар құны;

– мердігердің пайдасы.

      27.

үшін ҚМЖ жалпы құны екі кезеңде де ресурстық және құндық блоктардың құнын қосындылау арқылы табылады:

(12)

      мұндағы:


– ҚМЖ жалпы құны;

– ҚМЖ ресурстық блогының құны;

– ҚМЖ құндық блогының құны.

      28. Құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі шығындардың барлық жиынтығының құндық бағасын өткен кезеңге қатысты алғанда есепті кезеңде оларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен анықталады:


(13)

2-параграф. Құрылыс материалдарына баға индекстерін және орташа бағаны есептеу

      29. Өкіл материал бойынша жеке баға индексі ағымдағы және өткен кезеңдегі құрылыс материалының әрбір түрінің нақты бағасын салыстыру арқылы есептеледі:


(14)

      мұндағы:


– жеке баға индексі;

– есепті t кезеңіндегі өкіл материал бағасы;

– өткен t-1 кезеңіндегі өкіл материал бағасы.

      30. Құрылыс материалының j түрі бойынша жеке баға индексі баға деңгейі туралы ақпараттың немесе оны анықтайтын өкіл материалдарға баға өзгерісінің негізінде есептеледі.

      Жеке баға индекстерін есептеу үшін жеке баға индекстерінің орташа геометриялық қарапайым (салмақталмаған) формуласы қолданылады, бұл салмақталмаған геометриялық орташа бағаның (Джевонс индексі) арақатынасына баламалы:


(15)

      мұндағы:


– материалдың j түрі бойынша жеке баға индексі;

– тиісті кезеңдегі өкіл материалдың бағасы;

      i – жеке баға индекстері;

      t, t-1 – салыстырудың тиісінше есепті және өткен кезеңдері;

      j – бірнеше нақты өкіл материалдарды (бірден n-ге дейін) біріктіретін құрылыс материалының түрі;

       – құрылыс материалының түрін айқындайтын өкіл материалдардың саны.

      Жеке баға индексі тауардың әрбір айқындамасы бойынша әрбір өңір бойынша есептеледі.

      31. Өңірлер және Қазақстан Республикасы бойынша құрылыс материалдарының кластары (топтары) бойынша баға индексі салыстырмалы кезеңдерде осы класқа (топқа) кіретін материалдарды құндық бағалау сомаларын бөлу арқылы есептеледі:


(16)

      мұндағы:


m материалдар тобындағы баға индексі;

m материалдар тобына жататын j материалының көлемі;

– есепті және өткен кезеңдегі m материалдар тобына кіретін j материалының нақты бағасы;

      nm тобындағы материалдар түрлерінің саны.

      32. Өңір бойынша құрылыс материалының түрлері бойынша орташа баға өкіл материалдарға тіркелген баға негізінде орташа геометриялық формуламен есептеледі:


(17)

      мұндағы:


– есепті кезеңдегі j құрылыс материалының түрі бойынша орташа баға;

– есепті кезеңдегі өкіл материалдардың бағасы;

      n – өкіл материалдардың саны.

      Орташа баға белгілі бір уақыт кезеңі үшін аумақ бойынша, құрылыс материалдарының түрлері және олардың біркелкі топтары бойынша есептеледі.

      Салыстырылатын кезеңдерде орташа бағаны есептеуде өкіл материалдар бағасы санының теңдігі назарға алынады.

      33. Қазақстан Республикасы бойынша өкіл материалдар, құрылыс материалдарының түрлері бойынша орташа баға өңірлер бойынша баға деңгейі мен олардың үлес салмағынан орташа салмақталған шама ретінде келесі формула бойынша қалыптастырылады:


(18)

      мұндағы:


t кезеңіндегі Қазақстан Республикасы бойынша орташа баға;

t кезеңіндегі өңір бойынша орташа баға;

– өңір бойынша белгіленген базалық кезеңдегі құндық деректер (базистік салмақтар).

      34. Егер зерделенетін құбылыстардың барлық жиынтығына баға деңгейін көрсететін есептелген орташа баға есепті кезеңде есеп тапсырған кемінде әртүрлі үш базалық объектінің бағасынан қалыптастырылған болса, ол репрезентативті болып табылмайды. Құрылыс материалдарының түрлері бойынша осындай бағалар жарияланбайды, бірақ әрі қарай ең жоғары деңгейде агрегатталған орташа бағаны және баға индекстерін есептеу үшін қолданылады.

3-параграф. Машиналар мен жабдықтарға баға индексі

      35. Құрылыстағы баға индексінің (price index) құрамындағы машиналар мен жабдықтарға баға индексі (

) құрылыс өндірісі үшін сатып алынатын объектілердің технологиялық және инженерлік жабдықтарына бағаның өзгеруін сипаттайды.

      Машиналар мен жабдықтар құнына сатып алу (дайындау) және объект жанындағы қоймаға жеткізу құны қосылады:

      1) монтаждалатын немесе монтаждалмайтын жабдықтың барлық түрлерінің кешені (технологиялық, энергетикалық, көліктік-көтергіш, компрессорлық-сорғы және өзге де жабдықтар, электронды-есептеу орталықтарының, зертханалардың, әртүрлі мақсаттардағы шеберханалардың, медициналық кабинеттердің жабдықтары);

      2) бақылау-өлшеу аспаптары, автоматтандыру және байланыс құралдары;

      3) аспаптар, құрал-саймандар, мөртабандар, құралдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, өндірісті іске қосудың бастапқы қорына енгізілетін дайын өнімді немесе жартылай дайын өнімдерді тасымалдау үшін арнаулы контейнерлер;

      4) жатақханаларды, коммуналдық шаруашылық, ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, сауда объектілерін бастапқы жабдықтау үшін қажетті жабдықтар, аспаптар, құрал-саймандар, жиһаздар және бөлмелердің өзге де ішкі жасау заттары.

      36. Машиналар мен жабдықтарды сатып алу РТҮ-де әзірленген экономикалық қызмет түрлерінде қарастырылады және сатып алу бағасымен бағаланады.

      Өндірушілердің немесе импорттық жеткізілімдердің бағасы, жекізілім бойынша көліктік шығыстар, түрлі төлемдер мен салықтар сатып алу бағасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Машиналар мен жабдықтарды сатып алу бағасындағы әрбір құрамдас бөліктің үлесі экономикалық қызметтің тиісті түріндегі машиналар мен жабдықтарды пайдалану туралы құндық деректерді қамтитын "Ресурстар-Пайдалану" статистикалық кестелерінен (бұдан әрі – РПК) анықталады. Олардың өзгеруі отандық жабдықтарды өндірушілердің және импорттық жеткізілімнің баға индексімен, теміржол және автомобиль көлігімен құрылыс жүктерін тасымалдауға тарифтер индексімен, қосымша құнға салық мөлшерлемесінің өзгеруімен бағаланады.

      37. Машиналар мен жабдықтарға баға индексi мынадай формула бойынша есептеледі:


(19)

      мұндағы:


– машиналар мен жабдықтарға баға индексi;

– импортты қоса алғандағы өндірушілердің машиналар мен жабдықтарға баға индексі;

– автомобиль және темiржол көлiгiмен құрылыс жүктерін тасымалдауға тарифтер индексi;

– қосылған құнға салық мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

– сатып алынған жабдықтар құнындағы тиісiнше өндірушілер бағасының, көлiктік шығыстардың, төлемдер мен салықтар үлесі.

      38. Импортты қоса алғандағы өндiрушiлердiң машиналар мен жабдықтарға баға индексiн (

) есептеу жабдықтың әрбiр іріктелген тобы және экономикалық қызмет түрi бойынша мынадай формуламен жүзеге асырылады:

(20)

      мұндағы:


– экономикалық қызметтің j түрiндегі машиналар мен жабдықтарға импортты қоса алғандағы өндірушілердің баға индексі;

– отандық (rk) және импорттық (imp) жабдықтарға баға индексі;

– экономикалық қызметтің j түрiндегі отандық (rk) және импорттық (imp) жабықтардың үлесі.

      39. Отандық және импорттық жабдықтар үлесі отандық өндiрiстiң және елге импортталған жабдықтар құнының арасалмағы туралы деректер бойынша РПК негiзінде анықталады.

      Есепті жылға жақын жылы жеке алғанда экономикалық қызметтің әрбір түрi бойынша құрылысқа салынған инвестицияларды игеру барысында пайдаланылатын жабдықтардың тiзбесі айқындалады. Тізбеге жабдықтардың технологиялық бiркелкi топтары келесі өлшемшарттарды есекере отырып енгізіледі:

      1) жабдықтардың осы тобы қызметтiң тиiстi түрiнiң ерекшелiгiн көрсетеді;

      2) іріктелген топқа кіретін жабдықтар түрлерінің жиынтығы қызметтiң осы қызмет түрiнiң барлық машиналары мен жабдықтары құны көлемiнiң кемiнде жартысын қамтиды;

      3) жабдықтардың іріктелген тобы үшін өндірушілер бағасының және импорттық жеткізілімдер бағасының өзгеруi туралы тиiстi статистикалық ақпарат бар.

      Жабдықтардың іріктелген топтарының құны осы экономикалық қызмет түрiнде қолданылатын машиналар мен жабдықтарға салынған инвестициялардың жалпы құны ретінде шартты түрде қабылданады, осыған сүйене отырып есепке алынатын жабдық түрiнiң үлес салмағы (

) айқындалады.

      40. Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша импортты қоса алғандағы өндірушілердің машиналар мен жабдықтарға баға индексі орташа салмақталған шама ретінде айқындалады:


(21)

      мұндағы:


– импортты қоса алғандағы өндірушілердің машиналар мен жабдықтарға баға индексі;

– экономикалық қызметтің j түрiндегі машиналар мен жабдықтарға баға индексі;

– экономикалық қызметтің j түрi жабдықтарының үлес салмағы;

      n – экономикалық қызмет түрінің саны.

4-параграф. Өзге де жұмыстар мен шығындарға баға индексі

      41. Құрылыстағы баға индексінің (price index) құрамындағы өзге де жұмыстар мен шығындарға баға индексін (

) құру шығындардың мынадай негізгі түрлері бойынша баға өзгерісін есепке алу жолымен жүзеге асырылады:

      1) құрылыс үшін жобалау-іздестіру жұмыстары;

      2) құрылыс аумағын дайындау (игеру);

      3) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;

      4) құрылыс, монтаж және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберуге байланысты шығындар және өзге де қосымша шығындар.

      42. Құрылыс үшін жобалау-іздестіру жұмыстарына және геодезиялық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар бойынша шығыстардың құрылымы негізгі қызметті жүзеге асыруға кеткен шығыстар бөлігінде ұйымдардың өндірістік-қаржы қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша анықталады. Шығындардың әрбір тобы үшін шикізат пен материалдар, отын және энергия, еңбекақы, өзге де шығындар сияқты негізгі ауыспалы болып табылатын баптардың үлесі есептеледі.

      Шығындардың тобы бойынша баға индексі экономикалық қызметтің осы түріндегі кәсіпорындардың жалпы шығыстарындағы әрбір баптың үлесін ескере отырып келесі формула бойынша есептеледі:


(22)

      мұндағы:


– топ бойынша өзге де жұмыстар мен шығындарға баға индексі;

– топтағы шығындар элементінің үлесі;

– топтағы шығындар элементі бойынша баға индексі.

      43. Құрылыс аумағын дайындау (игеру) және жұмысшылардың іссапарына баланысты шығындарға бағаның өзгеруі экономиканың нақты және тұтыну секторларының жекелеген салаларындағы баға индекстері арқылы бағаланады.

      44. Өзге де жұмыстар мен шығындарға баға индексін агрегаттау үшін орташа геометриялық формула қолданылады:


(23)

      мұндағы:


– өзге де жұмыстар мен шығындарға баға индексі;

      i – өзге де жұмыстар мен шығындарды құраушыларға баға индексі;

      n – өзге де жұмыстар мен шығындарға кіретін құраушылар саны.

5-тарау. Салыстыру кезеңдері бойынша баға индексін құру

      45. Есепті айдағы баға индексі алдыңғы аймен салыстырғанда кезеңнен кезеңге баға өзгерісінің жүйелілігін бейнелейтін тізбекті индекс болып табылады. Белгіленген базистік кезеңге есепті айдың баға индексі уақыт аралығында баға өзгеруі үрдісінің сипаттамасын беретін базистік индекс болып табылады.

      Түрлі салыстыру кезеңдеріне (өткен жылғы желтоқсанға, өткен жылғы тиісті айға, өткен жылғы тиісті кезеңге, тоқсандық) баға индексін есептеу үшін жүйелендірілген екі жылдағы тізбекті баға индексін өзара үйлестіру жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұрақты есеп нүктесі бар индексті серпінділік қатары немесе базалық баға индекстерінің серпінділік қатары құрылады.

      46. Өткен жылғы желтоқсанға баға индексі мынадай формула бойынша табылады:


(24)

      мұндағы:


– есепті t айының өткен жылғы желтоқсанға баға индексі;

– есепті t айының өткен t-1 айға баға индексі;

– өткен t-1 айының өткен жылғы желтоқсанға баға индексі.

      47. Белгіленген базистік кезеңге есепті жылғы бір айдағы баға индексі мынадай формула бойынша есептеледі:


(25)

      мұндағы:


– есепті t айының g жылғы белгіленген базистік кезеңге баға индексі;

– есепті t айының өткен жылғы желтоқсанға баға индексі;

g12 өткен жылғы желтоқсандағы g жылғы белгіленген базистік кезеңге баға индексі.

      Есептеулер кезінде есепті жылғы барлық айлар үшін соңғы құрастырушы тұрақты шама болып табылады.

      48. Өткен жылғы тиісті айға есепті жылғы айлық баға индекстерін есептеу екі жылдық серпінділік қатарының біреуіндегі есепті жылғы айлық баға индексін өткен жылғы айлық баға индексіне бөлу арқылы келесі формула бойынша жүзеге асырылады:


(26)

      мұндағы:


– есепті g жылғы t айының өткен g-1 жылғы тиісті айға баға индексі;

– индекстік қатардағы есепті g жылғы t айының баға индексі;

– индекстік қатардағы өткен g-1 жылғы айдың баға индексі.

      49. Өткен жылғы тиісті кезеңге есепті кезеңнің өспелi қорытындысымен баға индекстерi екі жылдық серпінділік қатарының біреуіндегі есепті кезеңнің айлық баға индекстерінің сомасын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес айлық баға индекстерінің сомасына бөліндісі ретінде мынадай формуламен айқындалады:


(27)

      мұндағы:


– есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

– индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан, ..., желтоқсандағы баға индексі,

– индекстік қатардағы өткен жылғы қаңтар, ақпан, ..., желтоқсандағы баға индексі.

      Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда есепті жылғы тоқсан, жартыжылдық және тоғыз айдағы баға индексі осыған ұқсас есептеледі.

      50. Өткен тоқсанға есепті тоқсандағы баға индекстері екі жылдық серпінділік қатарындағы тоқсанға кіретін айлық баға индекстерінің сомасын өткен кезеңдегі айлық баға индекстерінің сомасына қатынасымен келесі формула бойынша анықталады:


(28)

      мұндағы:


– бірінші тоқсанға есепті жылғы екінші тоқсандағы баға индексі;

– индекстік қатардағы есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымдағы баға индекстері;

– индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурыздағы баға индекстері.

      51. Баға индекстерін есептеудің аталған формулалары жеке алғанда құрылыстағы баға индексінің әрбір құраушысы бойынша агрегаттаудың барлық сатыларында (жеке, топтық, жиынтық) индекстердің серпінділік қатарларын құру үшін қолданылады.

6-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату

      52. Құрылыстағы баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарының мерзімдеріне сәйкес ай сайын жарияланады. Ақпарат барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде жедел ақпарат, баспасөз хабарламасы нысанында Комитеттің Интернет-ресурсына орналастыру арқылы таратылады. Құрылыс материалдарының топтары, кластары және түрлері бойынша бағаның өзгеруі туралы ақпарат статистикалық бюллетеньдерде, жинақтарда жарияланады.

      Пайдаланушылар үшін баға индекстерін жариялау қысқаша әдіснамалық түсініктемелермен бірге беріледі.

      Құрылыс материалдарының орташа бағасын жариялау алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын және өңір мен Қазақстан Республикасы бойынша есептелген орташа бағаның репрезентативтілігін сақтай отырып жүзеге асырылады.

  Құрылыстағы баға индекстерін
құру әдістемесіне
1-қосымша

Құрылыс индекстері элементтерінің құрамы

Құрылыс құнының индексі (cost index) Құрылыстағы баға индексі (price index)

(мердігер төлеген элементтерді қамтиды)

(тапсырыс беруші төлеген элементтерді қамтиды)



Материалдар

Материалдар

Жұмыс күші

Жұмыс күші

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану

Көлік қызметтері және басқалар

Көлік қызметі және басқалар

Үстеме шығыстар

Үстеме шығыстар

+

Мердігердің пайдасы

+

Жабдықтар

Өзге де шығындар

  Құрылыстағы баға индекстерін
құру әдістемесіне
2-қосымша

РТҮ ресурстық және құндық блоктары шығындарының баптарын қалыптастыру

РТҮ блоктарының баптары

Негізгі қызметті жүзеге асыру үшін шығыстардың баптары

Ресурстық блок

Құрылыс материалдары

Құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға жұмсалған шығыстар

Жиынтықтаушы бұйымдарға, жартылай дайын өнімдерге жұмсалған шығыстар

Құндық блок

1) Машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған шығындар

Мұнай өңдеу өнімдеріне жұмсалған шығыстар

Электр энергиясына жұмсалған шығыстар

2) Еңбекақы төлеуге жұмсалған шығындар

Еңбекақыға жұмсалған шығыстар

3) Шеткері ұйымдардың өндірістік сипаттағы басқа да қызметтеріне жұмсалған шығындар

Құрылыс жүктерін тасымалдау бойынша жүк көлігі қызметтеріне жұмсалған шығыстар

Құрылыс техникасын және жабдықтарды жалға алу бойынша қызметтерге жұмсалған шығыстар

4) Үстеме шығыстар

Өндірістің жалпы жағдайларын құруға, оған қызмет көрсетуге, ұйымдастыруға және басқаруға байланысты құрылыс-монтаж ұйымдарының шығыстарын өтеуге жұмсалған қаражат


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады