Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік бюроға беруіне келісім нысанын және Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 310 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14776 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 36 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7498 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 29-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 310 қаулысына
1-қосымша
  Нысан

Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" _____________

      Жеке тұлға үшін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған

      күні мен жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

      мен күні (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің

      заңнамасында көзделген өзге дербес деректер) Заңды тұлға үшін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке

      сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің

      заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат)

      Осы өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк,

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе

      кепілгерліктер туралы мәліметтерді

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі

      филиалының атауы көрсетіледі)

      банкпен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен жасалған

      ақпарат беру туралы шарттың негізінде __________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кредиттік бюроның атауы көрсетіледі)

      _______________________ кредиттік бюроға беруіне келісімін береді.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса),

      жеке қолы қойылады)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, заңды тұлға осы келісімге

      қол қоюға өкілеттіктер берген адамның қолы, егер адам заңды тұлғаның атынан

      сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете

      отырып, сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріле отырып қойылады)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі

      филиалының атауы, осы келісімді қабылдауға өкілеттіктер берілген адамның тегі,

      аты-жөні және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 310 қаулысына
2-қосымша

Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидалары

      1. Осы Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік бюроның банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібін белгілейді.

      2. Кредиттік бюро банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында және 30-3-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы пайдасына банк кепілдігі мен кепілгерлігін шығарған тұлғаның (бұдан әрі – кредиттік есепті алушы) сұратуы бойынша береді.

      Бұл ретте кредиттік есепті алушы банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті алу үшін кредитор борышкердің пайдасына шығарылған банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті алу туралы жазбаша немесе жазбашаға теңестірілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған сұратуды (бұдан әрі – сұрату) ұсынады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сұратуда Заңның 30-1-бабы 3-тармағының 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшаларында көрсетілген банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша ақпарат қамтылады.

      4. Кредиттік бюро сұрату кредиттік бюроға келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті алушыға борышкер кредитор тұлғаның пайдасына шығарылған банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы есепті береді, онда Заңның 30-1 бабының 3-тармағында көзделген ақпараттан басқа банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиттік бюроға олардың арасында ақпарат беру туралы жасалған шарттың негізінде ұсынатын ақпарат қамтылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Кредиттік бюро кредиттік есепті алушыға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы есепті қолына береді не электрондық нысанда электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы жібереді.

      6. Борышкер тұлғаның кредиттік бюроның кредиттік есепті алушыға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беруіне келісімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) келісім ресімделген күн;

      2) кредиттік тарих субъектісі (борышкер тұлға) туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған күні және орны, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер);

      заңды тұлға бойынша – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат);

      3) кредиттік бюроның кредиттік есепті алушыға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беруіне борышкер тұлғаның келісімі туралы белгі;

      4) кредиттік тарих субъектісі (борышкер тұлға) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қойылған қолы немесе кредиттік тарих субъектісі заңды тұлға келісімге қол қоюға өкілеттіктер берген адамның, егер адам заңды тұлғаның атынан сенімхаттың негізінде іс-әрекеттер жасаса, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып қойылған қолы, оған сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріледі;

      5) осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы, келісімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады