2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 143 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 4932 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 06 сәуірдегі № 229 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 14 сәуірдегі "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 06 сәуірдегі № 229 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылылады.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Б.Жаржанов-келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
      2) "Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Пірмағанбетов-келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Д.Кенжебаев-келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ізтілеуге және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кенжебаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады