Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 62 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 5252 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 527 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылы 9 маусымда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" тарауында:

      2 тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Мұғалжар аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";

      1) тармақша 1–1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын.

      "3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі" тарауында:

      орыс тіліндегі мәтінде 15 тармақтың бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "15. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по спискам, утверждаемых акимом Мугалжарского района по представлению уполномоченной организации района, осуществляющего назначения и выплату социальной помощи либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық Мұғалжар аудандық
      мәслихатының сессия мәслихатының хатшысы
      төрағасы
      С.Қиясов Н.Калиева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________Қ.Отаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады