Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 "Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелінсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданы әкімінің м.а | Ж. Койшыбаев |
Темір ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 19 қаулысына қосымша | |
Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 қаулысына қосымша |
Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша мамандардың лауазымдары |
1. ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
2. ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент |
3. ММ біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
4. ММ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент |
Мәдениет саласы бойынша мамандардың лауазымдары |
1. Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары (директорлары) |
2. ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер |
3. ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы- режиссер, хореограф |
4. ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер |
5. ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, хореограф |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары.