"Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 сәуірде № 3017 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.08.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "31" наурыз
№ 94 қаулысына қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (тенге/литр, килограмм)

1.

Сүт шикізаты

Сары май

12,0

2.

Сүт шикізаты

Қатты ірімшік

20,0

3.

Сүт шикізаты

Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майысыздандырылған)

15,0

4.

Қант қызылшасы

Қант

7,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады