"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 6-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қарашада № 3222 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 12.11.2019 № 40-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2032 болып тіркелген, 2013 жылғы 05 қарашасында №140 (17828) "Ақ жол" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары мынадай мазмұндағы 7.2 тармақшамен толықтырылсын:

      "7.2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бір рет "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыс, аудан және Тараз қаласы деңгейінде жиырма бестен аспайтын азаматқа берілуі мүмкін".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Д. Есімбеков Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады