Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 "Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3193 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау парағы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";
9 тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.";
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен, аудандық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Махмутов |