Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).2. Aлматы қаласы мәслихатының "Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
3 бөлімдегі:
25 тармақ келесі cөйлеммен толықтырылсын:
"Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.".
3. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Aлматы қаласы | |
мәслихатының LI сессиясының | |
төрағасы | Ә. Нәбиев |
V сайланған Aлматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Қазанбаев |