Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 ақпанда № 3455 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, көшеге атау беру мақсатында Қызылқоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылқоға ауданы, Қызылқоға ауылдық округі, Қарабау ауылындағы жаңа көшеге "Нығмет Көмековтің" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылқоға ауылдық округінің әкімі: С. Измуканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады