Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 04.09.2020 № 52/440-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25-176/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінде 3381 нөмерімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 5 шілде 2014 жыл № 55 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1) 1 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Аягөз аудандық бөлімшесі";
2) 9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына уәкілетті ұйымның дерек қорымен көрсетіледі:
Ауғаныстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист – жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 75 000 теңге;
2) Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 70 000 теңге;
3) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
"Алтын алқа" төс белгісімен, I мен II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға, "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға сондай-ақ, төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 12000 теңге;
4) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 75000 теңге;
5) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 80000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 10000 теңге;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 27000 теңге.";
3) 11 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Онкологиялық ауруларға медициналық мекеменің ем қабылдап жатқандығы туралы анықтамасы арқылы комиссияның шешімі бойынша, өкпе ауруының ашық түріне шалдыққан тұлғалар үшін өкпе ауруына қарсы диспансердің тізімі бойынша табыс көзінің есебінсіз әр ауруға ай сайын – 12000 теңге жәрдемақы төленеді.
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Касымжанов |
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | С. Искаков |