"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14167 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы табиғи салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылған:
1) бақылау субъектісі – дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар, оның ішінде табиғи монополия және (немесе) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) табиғи монополияларға және қоғамдық маңызы бар нарықтарға жатқызылған көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну саласындағы тәуекел – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
3) тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъекті (объект) қызметінің нәтижесіне қарай тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
5) өрескел бұзушылық – бұл Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу нәтижесінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері алған негізсіз кірісі (түсім);
6) елеулі бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің негізсіз кіріс (түсім) алуын көздейтін міндеттер мен шектеулерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында регламенттелген міндеттер мен шектеулерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
7) шамалы бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің ақпаратты, есепті, елеулі бұзушылықтарға жататын Заңның 18-1-бабына сәйкес алдын ала хабарламаны қоспағанда, хабарламаларды, мәліметтерді тиісінше орналастырмауы, тұтынушылардың назарына жеткізбеуі және хабардар етпеуі және ұсынбауы, қызметтерді көрсету стандарттарын сақтамауы және жыл сайынғы аудитті өткізбеуі;
8) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды ғана қамтитын талаптар тізбесі:";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қолдағы бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, шамалы.";
Осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауы үшін субъективті критерийлер анықталған.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген реттелетін нарықтар саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің
төрағасы
_____________________ Б. Мусин
2017 жылғы 28 ақпан
Табиғи монополия субъектілеріне арналған субъективтік өлшемшарттар
Субъективтік өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі | |
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | ||
1 | Тұтынушының назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiне - олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткiзбеу | Шамалы |
2 | Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етудің болуы | Шамалы |
3 | Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету туралы хабарламаны ол жүзеге асырылғанға дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын жібермеу | Өрескел |
4 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру) туралы құжаттаманың болуы | Елеулі |
5 | Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру туралы құжаттаманың болуы | Елеулі |
6 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) оларды ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемеріне) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзу | Өрескел |
7 | Инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражаттарды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу | Өрескел |
8 | Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану | Елеулі |
9 | Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін Субъектіге байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттау туралы құжаттаманың болуы | Елеулі |
10 | Шығындары Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру | Өрескел |
11 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу | Елеулі |
12 | Өңірлік электржелілік компанияларды, сондай-ақ қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік ету жағдайын қоспағанда, тарифтiк сметаны орындау | Елеулі |
13 | Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ өзге де ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу | Елеулі |
14 | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулымен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу | Елеулі |
15 | Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төмендету | Елеулі |
16 | Өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру туралы құжаттаманың болуы | Елеулі |
17 | Бекітілген Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiнің болуы | Елеулі |
18 | Бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау | Елеулі |
19 | Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеу | Елеулі |
20 | Уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімдерге нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін төмендету | Елеулі |
21 | Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты ұсыну не алдын ала хабарламаны жолдау | Елеулі |
22 | Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару туралы құжаттаманың болуы | Елеулі |
23 | Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді тарифтер бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей ұсыну | Өрескел |
24 | Осы Заңның 7-бабының бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға | Өрескел |
25 | Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтау | Өрескел |
26 | Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзгеше тану жөнінде салынған тыйымды сақтау | Өрескел |
27 | Субъектiлердiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-қимылдар жасауға салынған тыйымды сақтау | Өрескел |
28 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтау | Елеулі |
29 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге | Елеулі |
30 | Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету | Елеулі |
31 | Тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды | Елеулі |
32 | Тәртібі "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға | Елеулі |
33 | Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушылар үшiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) бiрыңғай деңгейлерi бойынша ұсыну | Өрескел |
34 | Тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату | Елеулі |
35 | Есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндiрiп алу | Елеулі |
36 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу | Елеулі |
37 | Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну жағдайын ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну | Өрескел |
38 | Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
39 | Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
40 | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
41 | Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
42 | Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
43 | Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
44 | Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
45 | Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
46 | Теңіз порттары саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
47 | Аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
48 | Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | Шамалы |
Тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | ||
49 | Қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбау | Шамалы |
50 | Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынбау | Шамалы |
51 | Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тарифтік сметаның орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынбау | Шамалы |
52 | Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырмау | Шамалы |
53 | Оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) төмендеуі туралы хабардар етпеу | Шамалы |
54 | Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған кезде, Субъектiнің тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде ұсынбау | Шамалы |
Ресми интернет-ресурстардың және бұқаралық ақпарат құралдарының талдау нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | ||
55 | Субъектінің интернет-ресурсында орналастырып және оны мерзімді баспа басылымдарында жариялап, акционерлік қоғамдар болып табылатын Субъектілер үшін аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізбеуі | Шамалы |
56 | Өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастырмау | Шамалы |
57 | Тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттерінің, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы тоқсан сайынғы ақпаратты орналастырмау | Шамалы |
58 | Инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында беруді қамтамасыз етпеу | Шамалы |
59 | Есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруді жүргізбеу | Елеулі |
60 | Тұтынушыларды жарты жылда бір рет инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы хабардар етпеу | Шамалы |
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін субъектілеріне арналған субъективтік өлшемшарттар
№ | Субъективтік өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | ||
1 | Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ету | Шамалы |
2 | Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтауға | Өрескел |
3 | Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету арқылы қайтару | Өрескел |
4 | Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару жөніндегі талапты сақтау | Өрескел |
Тексерілетін субъектілер ұсынатын есіптілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | ||
5 | Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбау | Шамалы |
6 | Уәкілетті органға өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы ақпаратты уақтылы ұсынбау | Шамалы |
7 | Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеуді орындамау | Өрескел |
8 | Уәкілетті органға оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде уақтылы ұсынбау | Шамалы |
9 | Шекті бағада ескерілген, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уақтылы ұсынбау және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырмау | Елеулі |
Табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағы
қатысты_________________________________________________________________________Тексеруді тағайындаған орган______________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт____________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Тұтынушының назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiне - олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткiзбеу | | | | |
2 | Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етудің болуы | | | | |
3 | Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету туралы Заңда белгіленген мерзімде осы қызметті көрсету кезінде уәкілетті органға хабарлама жібермеу | | | | |
4 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру) туралы құжаттаманың болуы | | | | |
5 | Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру туралы құжаттаманың болуы | | | | |
6 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) оларды ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемеріне) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзу | | | | |
7 | Инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражаттарды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу | | | | |
8 | Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану | | | | |
9 | Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін Субъектіге байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттау туралы құжаттаманың болуы | | | | |
10 | Шығындары Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру | | | | |
11 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу | | | | |
12 | Өңірлік электржелілік компанияларды, сондай-ақ қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік ету жағдайын қоспағанда, тарифтiк сметаны орындау | | | | |
13 | Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ өзге де ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу | | | | |
14 | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулымен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу | | | | |
15 | Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төмендету | | | | |
16 | Өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру туралы құжаттаманың болуы | | | | |
17 | Бекітілген Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiнің болуы | | | | |
18 | Бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау | | | | |
19 | Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеу | | | | |
20 | Уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімдерге нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін төмендету | | | | |
21 | Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты ұсыну не алдын ала хабарламаны жолдау | | | | |
22 | Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару туралы құжаттаманың болуы | | | | |
23 | Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді тарифтер бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей ұсыну | | | | |
24 | Осы Заңның 7-бабының бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға | | | | |
25 | Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтау | | | | |
26 | Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзгеше тану жөнінде салынған тыйымды сақтау | | | | |
27 | Субъектiлердiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-қимылдар жасауға салынған тыйымды сақтау | | | | |
28 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтау | | | | |
29 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтау | | | | |
30 | Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету | | | | |
31 | Тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды | | | | |
32 | Тәртібі "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға | | | | |
33 | Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушылар үшiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) бiрыңғай деңгейлерi бойынша ұсыну | | | | |
34 | Тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату | | | | |
35 | Есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндiрiп алу | | | | |
36 | Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу | | | | |
37 | Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну жағдайын ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну | | | | |
38 | Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
39 | Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
40 | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
41 | Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
42 | Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
43 | Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
44 | Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
45 | Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
46 | Теңіз порттары саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
47 | Аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
48 | Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын сақтау | | | | |
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
_______________________ _______________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы: ______________________________________ ___________________
(Аты, әкесінің аты, тегі (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін бар нарықтар саласындағы тексеру парағы
қатысты_________________________________________________________________________Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(№, күні,)
Тексерілетін субъектінің атауы_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ету | | | | |
2 | Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеуді сақтамау | | | | |
3 | Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету арқылы қайтару | | | | |
4 | Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару жөніндегі талапты сақтау | | | | |
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
_______________________ _______________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы: ______________________________________ ___________________
(Аты, әкесінің аты, тегі (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)