"Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 211 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қарашада № 15979 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларында:

      20-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде) қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда);";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың осы тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптары екінші деңгейдегі банктің облигацияларын акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруға қолданылмайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларында, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "7. Облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Облигациялар шығару проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Акционерлік қоғам болып табылатын эмитент Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың, акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің және аудиторлық есептердің, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары тізімдерінің, сондай-ақ жылдың қорытындысы бойынша атқарушы орган мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпараттың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімде орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағындағы өзгерістерді эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және олар туындаған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы назарына жеткізеді.".".

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында және осы қаулының 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 6 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады