Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16145 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері":

      коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;

      электр энергетика саласындағы уәкілетті орган;";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін Қарыз алушы іске асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және Сенім білдірілген өкілге (агентке) алдағы жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін жібереді.";

      52-тармақтың 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы.

      "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - аудиторлық қызмет туралы Заң) сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, аудиттелген қаржылық есептілігі ұсынылады. Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;";

      "9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) Қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.";

      58-тармақ алып тасталсын;

      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Кепіл нысанының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты елеулі күмәнді жою үшін Қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттардың топтамасын қайтарады.

      62. Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қолдану мерзімі ол берілген жылдың 15 сәуірінде аяқталады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өтінімі бойынша бюджеттік кредит беру мүмкіндігі/беруден бас тарту туралы қорытынды осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келесі жұмыс күні Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін Жұмыс тобының хатшысына ұсынылады.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында жартыжылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Объектілерді көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Түпкілікті қарыз алушыға ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.";

      110-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30-ыншы маусымынан кешіктірмей түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға ұсынады.

      Аудиторлық қызмет туралы Заңына сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, Түпкілікті қарыз алушының аудиттелген қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелері ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 118-тармақпен толықтырылсын:

      "118. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алуды орындауы мүмкін.";

      Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12288 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _________________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы " " ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 15 қараша

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 775 бұйрығына
1-қосымша
Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-1-қосымша

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

      1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

      2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

      2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

      3) еңбек шығынының нормалары;

      4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

      3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:



      мұнда:

      ЖҚбір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

      саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;

      КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

      ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.

      4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.

      5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:



      мұнда:

      ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

      УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 775 бұйрығына
2-қосымша
  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат
Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Индексі: 1-ИЖІ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

      Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

Жобаның атауы

ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге

Жобаны іске асыру кезеңі

ТЭН/ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)

жұмысты бастау мерзімі

жұмысты аяқтау мерзімі

Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері

іс-шараның атауы

ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы

Өспелі қорытын дысымен нақты орындау

ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар

факт

ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар

факт

1












      Орындаушы: ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны

      Басшы:___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны

      Мөр орны

      Ескерту: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында көрсетілген.

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат"

      1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.

      2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны жобалау-сметалық құжаттама бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстарын ескере отырып) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында әр жылдары жұмыстары кезеңі мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес құжаттамаға арналған құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейін жобалау-сметалық құрылыс-монтаж көрсетіледі;

      "іс-шараның атауы" 5-бағанында жоба бойынша жұмыстардың атауы жобалау-сметалық құжаттама арналған (реконструкция/салу) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, орталықтандырылған жылу пункттерінің саны, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі;

      "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында көрсетіледі, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;

      "жұмысты бастау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 8-бағанында жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

      "жұмысты аяқтау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 9-бағанында жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;

      "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 10-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкес сияқты проблемалық мәселелер (орын алған жағдайда) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 775 бұйрығына
3-қосымша
  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Индексі: 1-БКТИ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

      Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

Жобаның атауы

Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы

Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі

Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

Қарыздың қалғаны

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек

% игерілгені (өсу қорытындысымен)

Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу

Ескерту

өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

Өтелуі тиіс

Нақты өтелгені

Есептік кезеңнің басталуы

Есептік кезеңнің аяқталуы

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома (мың тенге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

1

Облыстардың атауы





-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы





-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-


1 - жоба


















  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат"

      1. "Бюджеттік кредиттердің келіп түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сапалы ақпаратты ұсыну қамтамасыз ету үшін әзірленген.

      2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалық-сметалық құжаттамаға арналған мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" республикалық бюджеттен бөлінген 3 бағанында жобаның сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі" 4-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" 5-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" 6-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

      "Қарыздың қалғаны" 7-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

      "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 8-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

      "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 9-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген игеру процент көрсетіледі;

      "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 10-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алған материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Ескерту" 12-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 775 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 665 бұйрығымен
бекітілген

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және
жаңғыртуды субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Жұмыс тобы – Оператордың қорытындысының негізінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестициялық жобаларға субсидия беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

      2) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу тарату және жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;

      3) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылатын өтеусіз және қайтарымсыз негізде бюджеттік субсидия беру;

      4) инвестициялық жоба – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізуге бағытталған, Қаржы институттарының және бюджеттік субсидияның қарыз қаражаты есебінен Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғалар іске асыратын инвестициялық жоба;

      5) Қаржы институты – банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және халықаралық қаржы ұйымдары;

      6) ниеттестік хат – Қаржы институтының инвестициялық жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесімен және алдын ала құнымен жоба жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасынан тұратын кредитті беру мүмкіндігі туралы хаты;

      7) Оператор – Әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен Оператордың функциясын жүзеге асыруға шарт (келісімшарт) жасасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым;

      8) субсидия – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғаға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер;

      9) субсидия алушы – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін, жылу энергиясын өндіретін, беретін тарататын және (немесе) жабдықтайтын заңды тұлға;

      10) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және оны әкетуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

      11) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

      12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;

      13) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) үшжақты шарт - Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше мен Қаржы институтының және субсидия алушының арасында жасалған субсидия беру арқылы Қаржы институттарының және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт.

      3. Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыс тобын құрады, оның құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қаржы институтының өкілдері енгізіледі.

      4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері:

      коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган;

      электр энергетика саласындағы орталық уәкілетті орган

      5. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:

      субсидия Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-1-бабының 2-тармағына, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-2-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық сүйемелдеуге және субсидия алушының капитал көп жұмсалатын шығыстарына ақы төлеуге беріледі;

      субсидия мерзімі өтіп кеткен қарыздық берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатында, субсидия алушының шаруашылық қызметінің шығыстарын жабуға, Оператор көрсеткен қызметке ақы төлеуге берілмейді.

      6. Субсидия Қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шарттарында беріледі.

      7. Субсидияның көлемі инвестициялық жобаның жалпы құны мен Қаржы институты беретін кредиттің арасындағы айырма ретінде белгіленеді.

      Бұл ретте, субсидияның көлемі Қаржы институты беретін кредиттің сомасынан аспауға тиіс. Субсидияларды бөлу тиісті жылға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

      8. Субсидияларды беру Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше, Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы үшжақты шарттың негізінде жүргізіледі, онда қарыз және субсидияларды беру және пайдалану кезінде тараптардың құқықтық қатынастары белгіленеді.

      Бұл ретте, ақы төлеу қажеттілігін растайтын тиісті құжаттардың, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілерінің, сәйкестік және сапа сертификаттарының, шот-фактуралардың және көрсетілген қызметтер, сатып алынған жабдықтар мен материалдар бойынша басқа да бухгалтерлік есептілік құжаттарының негізінде алдағы төлемдерге ақы төлеу жүргізіледі.

      9. Бөлінген қаражатты тиімді және нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету, инвестициялық жобаның тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау субсидиялаудың міндетті шарты болып табылады.

      10. Субсидияны алушы субсидияның қаражатын тек қана инвестициялық жоба мен үшжақты шартта көзделген мақсаттарға пайдаланады.

      11. Субсидия мынадай өлшемшарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

      2) Қаржы институтының қаражаты есебінен алынған қарыз есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

      3) есептермен және тиісті құжаттармен расталатын субсидияның экономикалық негізділігі;

      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      5) бірыңғай техникалық саясатты, оның ішінде технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану;

      6) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту.

      12. Субсидия беру мынадай негіздерде жүзеге асырылады:

      1) Қаржы институты дайындаған инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулеріне (бұдан әрі - ТЭЗ), субсидияны әзірлеуші дайындаған техникалық-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі - ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға және ТЭН мен жобалау-сметалық құжатқа мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу;

      2) инвестициялық жобаға субсидия беру туралы шешім қабылдау үшін Әкімшіге ұсынылатын Оператордың қорытындысы;

      3) субсидия алушының үшжақты шарттың талаптарын сақтауы;

      4) субсидия алушының техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) Оператормен міндетті түрде келісуі. Бұл ретте, субсидия алушы конкурстық/тендерлік құжаттама бекітілгенге дейін техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді. Екі данада хатпен ресімделетін Оператормен және Қаржы институтымен келісу техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қарау нәтижесі болып табылады;

      5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның қорытындысы.

      13. Үшжақты Шарт міндетті түрде мынадай негізгі талаптарды қамтуы тиіс:

      1) берудің мақсаты;

      2) субсидияның мөлшері;

      3) валютасы;

      4) игеру кезеңі – субсидия берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін субсидия алушы субсидияны пайдалана алатын уақыт кезеңі;

      5) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі;

      6) ақы төлеу мерзімдері;

      7) міндеттерді сақтамағаны үшін санкциялар;

      8) инвестициялық жобаның іске асырылуы мен қаржыландырылуын мониторингілеу;

      9) субсидия алушының инвестициялық жобаның іске асырылуына және қаржыландырылуына мониторинг жүргізу үшін Операторға ақпарат ұсынуы.

      14. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды және мониторингілеуді Оператор және Қаржы институты жүзеге асырады.

2-тарау. Субсидия беру тәртібі
1-параграф. Субсидия беруге алдын ала тізбе қалыптастыру

      15. Оператордың инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыруы үшін Қаржы институты Әкімшіге әлеуетті субсидия алушымен келісілген берілген инвестициялық жобаның іс-шараларын қысқаша сипаттаумен және оның ішінде осы инвестициялық жобаларды іске асыру қажеттілігінің алдын ала есептелген құнын көрсете отырып кредит беру мүмкіндігі туралы ниетбілдіру хатын ұсынады.

      Әкімші инвестициялық жобаларды қарау және оларды алдын ала тізбеге енгізу үшін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Операторға ниет білдіру хатын жібереді.

      Оператор жобаларды алдын ала тізбеге енгізу үшін жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 наурызына дейін ниет білдіру хатын қабылдауды жүзеге асырады.

      Оператор инвестициялық жобалардың алдын ала қалыптастырылған тізбесін мақұлдау үшін Жұмыс тобының қарауына жолдайды.

      16. Жұмыс тобы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қарайды, оларды мақұлдаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Операторға жібереді.

2-параграф. Субсидия беру үшін субсидия алушыдан түскен өтінімді қабылдау

      17. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін субсидия алушы Қаржы институтымен бірлесіп Жұмыс тобы мақұлдаған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесінің шеңберінде субсидия алуға арналған өтінімді қалыптастырады және Әкімшіге береді.

      Субсидия алуға арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі субсидия алушының iлеспе хат;

      2) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулерімен (ТЭЗ) және кредит мөлшерінің негіздемесімен қоса, Қаржы институтының ілеспе хаты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;

      4) Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы келісім;

      5) техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні (қажет болған кезде) және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) Оператормен келісуді растайтын құжат;

      6) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;

      7) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;

      8) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;

      9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;

      10) қаржылық үлгі;

      11) мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқтығы туралы банк анықтамасы;

      12) басқа банк-кредиторлардың субсидия алушының басқа да қарыздар алуына келісімі туралы растау;

      13) Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы кредиттік шарт;

      14) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі бухгалтерлік баланс;

      15) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;

      16) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      17) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі түсім/өзіндік құн/басқа кірістер баптарының мағынасын ашу;

      18) қаржылық көмек алуды растаудың мағынасын ашу;

      19) салалық сараптаманың қорытындысы;

      20) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидасының (бұдан әрі – әзірлеу Қағидасы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) 3 және 15 - қосымшаларына сәйкес инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды нысаны;

      21) әзірлеу Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парақ нысаны.

      18. Әкімші Операторға субсидия алушы ұсынған құжаттар топтамасымен қоса субсидия алу жөніндегі өтінімін қарау қажеттілігі туралы хатты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Оператор субсидия алу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылғанын және құрамының толықтығын тексереді, субсидия алушының өтінімін тіркейді. Өтінімге тіркелген уақыты және тіркеу нөмірі қойылады.

      19. Ұсынылған құжаттардың құрамы толық болмағанда және (немесе) дұрыс толтырылмаған кезде Оператор 3 (үш) жұмыс күннің ішінде өтінімге қоса берілген құжаттардың топтамасын Оператордың ескертулерін толық жойғанға дейін субсидия алушыға қайтарады.

      20. Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін ескере отырып, құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Оператор құжаттардың топтамасын қабылдайды және субсидия алуға арналған өтінімді қайта тіркейді.

      Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін жоя отырып, құжаттардың топтамасын ұсынбаған жағдайда Оператор бұл туралы Әкімшіге жазбаша хабарлайды.

3-параграф. Оператордың субсидия беру жөніндегі өтінімді қарауы

      21. Осы Қағиданың 17 - тармағында көрсетілген құжаттардың және басқа да расталған көздерден алынған ақпараттардың негізінде (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлердің бекітілген даму жоспары), Оператор субсидияны ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытындыны қалыптастырады. Оператордың субсидияны ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қағаз түріндегі қорытындысына Оператордың бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын адам қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) бекітілген критерийлер (негізгі құралдардың тозуын төмендету, нормативтік техникалық ысырыптарды қысқарту, шикізаттар, материалдар, отын, энергия шығыстарының нормаларын төмендету, көрсетілетін реттелетін қызметтердің көлемін арттыру және сапасын жоғарлату) бойынша жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын бағалау;

      2) қазіргі заманғы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану және оларды бағалау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасын бағалау;

      3) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және/немесе реконструкциялау және/немесе жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу бойынша қосымша іс-шаралар жүргізу туралы ақпарат;

      5) ағымдағы қаржылық жағдайды бағалау, оның ішінде қызмет түрлері, тарифтер бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мен тұтынушылар топтары бойынша жіктелетін тарифтердің барлық түрлерін қамтитын, есептік жылдың және алдыңғы екі кезеңнің ішіндегі операциялық көрсеткіштерін бағалау, сонымен бірге жобаның тарифтерге әсерін көрсете отырып субсидияны әлеуетті алушының қаржылық үлгісін бағалау;

      6) мынадай критерийлер бойынша субсидия алуға арналған өтінімді бағалау:

      өтінімнің субсидияны пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;

      субсидиялау мерзімінің субсидия алудың қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;

      субсидия сомасының сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері.

      22. Субсидия алудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы өтінімді қарау және оны Жұмыс тобының қарауына енгізу мерзімі субсидия алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

4-параграф. Жұмыс тобының субсидия беру жөніндегі өтінімді қарауы

      23. Жұмыс тобы Оператордың қорытындысы негізінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобаларды субсидиялау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      24. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін Жұмыс тобының хатшысына субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ұсынады.

      25. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте, Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзінді хаттама Жұмыс тобының төрағасы мен мүшелері қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және Жұмыс тобының хатшысы Әкімші мен Операторға береді.

      26. Жұмыс тобы субсидия беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Оператор 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

      Субсидия беру туралы оң шешім болғанда Жұмыс тобының хаттамасында субсидия берудің шарттары (субсидияның сомасы, беру мерзімі) көрсетіледі.

      27. Жұмыс тобы бюджеттік субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Оператор:

      1) Жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзіндісі бар субсидия беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      2) Оператор Қаржы институтының және (немесе) субсидия алушының жазбаша талап етуі бойынша субсидия алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, Оператор ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) Қаржы институтына/субсидия алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және субсидия алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.

      28. Жұмыс тобы хаттамасының негізінде Әкімші бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін өтінім қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органға енгізеді.

      29. Республикалық бюджеттік комиссиясы хаттамасының негізінде Әкімші, Қаржы институты және субсидияны алушы арасында үшжақты шарт жасалады.

5-параграф. Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асырудың,
инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      30. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту саласында субсидиялау кезінде Оператор Әкімшімен жасалған шарттың (келісімшарттың) шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      31. Оператор мен Әкімші немесе оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі арасында шарт (келісімшарт) жасалады.

      32. Операторға көрсеткен қызметтерінің ақысын төлеу Оператордың функцияларын жүзеге асыруға арналған Әкімші мен оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі арасында жасалған шартқа (келісімшартқа) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды субсидиялау кезінде Оператор көрсеткен қызметтер құнының есептеуіне сәйкес жүргізіледі.

      33. Жабдықтардың құны мен белгіленген қуаты бөлігінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан инвестициялық жоба бойынша бөлігінде кез келген өзгерістер мен ауытқуларға Оператормен алдын ала жасалған келісім бойынша рұқсат етіледі.

      Оператор құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге инвестициялық жоба бойынша жазбаша келісім береді не бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді.

      34. Оператор Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингі жүргізу мақсатында және субсидия қаражаты есебінен іске асырылатын жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің салаларын жаңғыртуға және дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру және объектілерді көзбен тексеру үшін жарты жылда кемінде бір рет объектілерге барады.

      35. Объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру міндетті түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      36. Объектілерге көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексерудің қорытындылары бойынша Оператор 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жібереді.

      37. Мониторингті Оператор көзбен тексеру және субсидияны алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есептің негізінде жүргізеді, ол мынадай:

      - растайтын құжаттарды ұсына отырып, негізгі жұмыстардың әр түрі бойынша жоспарланған көлемге қатысты орындалған жұмыстардың нақты көлемі, ауытқу болған жағдайда ауытқу себептері бойынша;

      - сәйкестік және сапа сертификатын ұсына отырып, жоспарланған жабдықтар мен материалдардың әр түрі бойынша берілген жабдықтар мен материалдардың нақты көлемі бойынша ақпаратты қамтиды.

      Аталған есеп өндірістің жағдайын және алаңдағы жұмыстардың барысын көрсететін фото-бейне материалдардан тұруы қажет.

      38. Субсидияларды алушы инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есепті ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық нысанда және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есептік ай үшін – есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;

      есептік жыл үшін – есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.

      39. Оператор Субсидияларды алушының ұсынған инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратын жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдау жасауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылар бойынша Оператор инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті қалыптастырады және Әкімшіге мынадай мерзімдерде жібереді:

      есептік ай үшін – есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      есептік жыл үшін – есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.

      40. Оператордың жиынтық есебін Әкімшіге электрондық нысанда және қағаз тасығышта ұсынылады. Оператордың қағаз тасығышта ұсынған жиынтық есебіне Оператордың басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды және ұйымның мөрімен бекітіледі.

      41. Қаржы институтымен бірлесіп қаржыландыру шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаны қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында Оператор Субсидияларды алушыдан мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты, мәліметті, құжаттарды сұратады және алады.

      Субсидияларды алушы Операторға осы Қағидаларда, сондай-ақ, субсидияларды төлеу туралы үшжақты шарттың талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға шынайы және объективті мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.

  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Жоба паспорты

Жобаның атауы


Субсидияға арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)


Субсидияның сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Субсидия алушы


Нөмірі


Атауы


Жобаның жалпы сомасы, мың теңге


Субсидия алушы (заңды тұлғаның атауы)



Жоба бойынша ақпарат

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы, мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

….

20ХХ+n

1



















Субсидияның мерзімі


Қаржы институтының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі


Кредит бойынша қамтамасыз ету


Объектіні салу және/немесе реконструкциялау және/немесе жаңғырту орны


Жоба бойынша, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік – экономикалық әсер туралы ақпарат (негізгі құралдардың тозуын төмендету; нормативтік техникалық ысырапты азайту; шикізатты материалдарды, отынды, энергия жұмсау нормаларын азайту; ұсынылатын реттелетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру)


Қаржы институтының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Субсидияларды алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Қосымша ақпарат


  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және
жаңғыртуды субсидиялау кезінде Оператордың қызмет құнын есептеу

      1. Оператордың қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын немесе оның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлауды қамтамасыз ететін басқа қаржы құжатында қайта қаралады.

      2. Қызмет құнын айқындаудың тәртібі.

      Оператор көрсеткен қызметінің құны мынадай негізде айқындалады:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағат құны;

      2) қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

      3) еңбек нормалары;

      4) қаржыландыруды іріктеуге, мониторингілеуге және іске асыруға жататын инвестициялық жобалардың саны.

      3. Жоспарлы бір адам-сағат құны мынадай формула негізінде есептеледі:



      мұнда:

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      ЖӨ – тиісті кезең ішінде қызметтердің жоспарлы өзіндік құны, мың теңге;

      САНЫ – Оператордың тартылған жұмыскерлерін және өндірістік персоналының саны, адам;

      ЖК – жоспарланған кезеңде жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны, күндердегі (жұмыс уақыты теңгеріміне сәйкес аптасына 40 сағат бойынша, 2017, 2018 жылдары);

      ТН – табыс нормасы, пайыз.

      4. Жоспарлы табыс нормасы тиісті жылдың жоспарлы өзіндік қызметіне Оператордың инвестициялық жоспарының арақатынасы ретінде айқындалады.

      5. Оператордың көрсететін қызметінің табыс нормасын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Оператор әзірлейді және бекітеді.

      6. Оператор қызметінің құнын айқындау.

      Оператордың бір жобаға көрсеткен қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес анықталады:



      мұнда:

      Қб – Оператордың 1 жобаға көрсетілетін қызмет бағасы, мың теңге;

      ЖҚб – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      ЕН – қызмет бірлігінің еңбек нормасы, адам-сағат.

      Оператордың көрсеткен қызметіне арналған бюджет қаражатын жоспарлау мақсаттары үшін мынадай формула қолданылады:



      мұнда:

      Ққ – қызметтердің құны, мың теңге;

      Қб – 1 жобаға көрсетілетін қызмет бағасы, мың теңге;

      Саны – инвестициялық жобалардың саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады