Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 маусымдағы № С-13/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 6019 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 27.02.2018 № С-20/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Арғымбаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі
А.Қиықов

      "13" маусым 2017 жыл

  Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 13 маусымдағы
№ С-13/3 шешімімен
бекітілген

Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Еңбекшілдер ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Еңбекшілдер аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 13 маусымдағы
№ С-13/3 шешімімен
бекітілген

Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

р/с №

Еңбекшілдер ауданының елді мекенінің атауы

Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Степняк қаласы

34

2

Пригорхоз ауылы

3

Заозерный ауылы

3

Заозерное ауылы

7

Ақсу ауылдық округі

4

Ақсу ауылы

5

5

Сапақ ауылы

2

Аңғал батыр ауылдық округі

6

Аңғал батыр ауылы

7

7

Жаңалық ауылы

3

Баймырза ауылдық округі

8

Баймырза ауылы

7

9

Шошқалы ауылы

3

Бірсуат ауылдық округі

10

Бірсуат ауылы

7

11

Сәуле ауылы

5

Уәлихан ауылдық округі

12

Уәлихан ауылы

5

13

Алға ауылы

5

14

Көдебас ауылы

3

Донской ауылдық округі

15

Андықожа батыр ауылы

10

16

Невское ауылы

7

Заурал ауылдық округі

17

Заураловка ауылы

5

18

Құдықағаш ауылы

5

19

Яблоновка ауылы

3

Еңбекшілдер ауылдық округі

20

Еңбекшілдер ауылы

7

21

Ақбұлақ ауылы

3

22

Ақтас ауылы

5

Кеңашы ауылы

23

Кеңашы ауылы

5

Краснофлот ауылы

24

Краснофлотское ауылы

7

Макин ауылдық округі

25

Макинка ауылы

15

26

Бұланды ауылы

5

27

Қаратал ауылы

3

28

Қоғам ауылы

5

29

Мақпал ауылы

5

30

Қарағай ауылы

3

Мамай ауылы

31

Мамай ауылы

7

Үлгі ауылдық округі

32

Үлгі ауылы

7

33

Жөкей ауылы

3

34

Қызылұйым ауылы

3

35

Карловка ауылы

3

36

Трамбовка ауылы

3

37

Ұйымшыл ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады