Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 182 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 5493 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 315 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-127 тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрайымы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      К. Масалимова С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады