Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Сартоғай ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-120 болып тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосына" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сартоғай ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы";
1 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Сартоғай ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:";
орыс тіліндегі мәтінінде 1 тармағы келесідей мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"село Алтай батыр:";
қазақ тіліндегі шешімнің 3 тармағындағы "3." саны алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округінің әкімі | Е.Карабасов |