Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 5447 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 1 "Байнассай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімінің деректемелерінде "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1 "Байнассай ауылының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің деректемесіндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Байнассай ауылдық округінің әкімі С. Қошмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады