Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 22.05.2024 № 21-103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың "Аграрлық сала, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Ибраимова |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | С. Дүйсембінов |
Алматы облыстық маслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 шешімімен бекітілген қосымша |
Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Алматы облысының аумағында жануарларды асырау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың әрекеті, жануарларды асыраумен айналысатын, меншігінде немесе басқа да иелігінде жануарлары бар барлық жануарлар иелеріне (жеке және заңды тұлғаларға) қатысты.
3. Қағидаларда келесі түсініктер пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;
2) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;
3) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
4) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.
2-тарау. Жануарларды асырау тәртібі
4. Жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар):
1) "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді тіркеу тізілімінде № 11127 тіркелген) сәйкес жануарларды уақытылы бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жануарларды уақытылы вакцинациялаудан және диагностикалаудан өткізуді;
3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;
4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;
5) көлік жолының жанында жануарлармен өткен кезде және олардың жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды;
6) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар) жануарларды асырау кезінде қамтамасыз етеді:
1) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны;
2) арнайы дайындалған жануарларды (иттерді) тұмылдырықта болуын және қысқа тізгінде ұсталуын;
3) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын;
4) оқшауланған қора-жайда, қоршалған аумақта бос қойып немесе байлаулы ұстап бағуды. Күзетуге арналған жануарларды (иттерді) "абайлаңыз қабаған ит" деген ескерту жазуы бар, жабдықталған қора-жайларда немесе байлауда ұсталуын;
5) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын жайларында өз тұрғын алаңында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардан жазбаша келісімдерімен).
Жеке және заңды тұлғалар жануарларды асырауды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орындарына жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
7. "Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11845 тіркелген) сәйкес тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орын ауыстыратын (тасымалданатын) жануарлар "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді.
3-тарау. Қағидалардың сақталуын бақылау
8. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
9. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.