Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 17.05.2019 № 30/246(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Берішбаева |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
Д.Жантуаров
15 мамыр 2017 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/97 шешімімен бекітілген |
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның жұмысшы органы "Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі - бөлім) табылады.
Комиссия осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.
4. Иесіз қалдықтарды басқаруды бөлім жүзеге асырады.
5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, жүзеге асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару тәртібі 2.1. Қалдықтарды есепке алу және бағалау
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:
1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;
2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;
3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4720 болып тіркелген) және 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4775 болып тіркелген) бұйрықтарының негізінде қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін Түпқараған ауданы әкімдігіне қалдықтардың көлемдерi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.
7. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.
8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.
2.2. Қалдықтарды одан әрі пайдалану және жүзеге асыру
9. Қалдықтарды бөлім заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.
10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Түпқараған ауданы әкімдігінің бөлімдерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып, Түпқараған ауданы әкімдігі конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.
11. Конкурстың шарттарын Түпқараған ауданы әкімдігі анықтайды.
12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.
Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті келесідей ақпараттан тұрады:
1) қалдық тарихы туралы анықтама;
2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамалары туралы ақпарат;
3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.
13. Конкурс ашық тәсілмен және қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Түпқараған ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Бір мезгілде хабарландыру Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құрамында:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;
2) өткізу уақыты мен орны;
3) қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
4) конкурстың негізгі шарттары;
5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;
6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.
15. Қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі - өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды.
16. Өтінімдерді әлеуетті қатысушылар осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тігілген түрде, беттері нөмірленіп ұсынады, соңғы беті олардың қолымен және мөрімен куәландырылады.
Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартуға құқылы, бірақ жұмыс және қызмет көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.
17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күн қалғанға дейін бөлімге жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.
18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
19. Бөлім келесідей жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:
1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;
2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;
3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері туралы мәлімет болмауы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген қағиданың 19 қосымшасына сәйкес нысан бойынша (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16601 болып тіркелген) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлімет).
Ескерту. 19- тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 12.12.2018 № 25/209 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).20. Конкурсқа қатысушылар жұмсаған шығындар, конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығындарды қоса алғанда, қайтарылуға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.
21. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылуға жатпайды.
22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар құрамында:
1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;
2) жарғының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;
4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);
5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);
6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;
7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестігі).
23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты тігілген түрде, беттері нөмірленіп ұсынады, соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.
24. Конкурстық ұсыныс әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, тармақтардың арасында жазусыз, өшірулерсіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
26. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверттерді ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде жүргізеді.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.
27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.
28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия келесідей негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:
1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестігі);
2) баға ұсынысы.
29. Конкурстың нәтижелері Түпқараған ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ шұғыл түрде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өтпеген деп танылады.
31. Конкурс өтпеген деп танылған кезде, конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өтпеген деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және уәкілетті органға тиімді шарттар негізінде ұйым үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.
32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде - бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өтпеген деп танылады.
33. Конкурс жеңімпазымен қалдықтарды жүзеге асыру туралы келісімшарт (бұдан әрі - Келісімшарт) жасалады, оның шарттары Түпқараған ауданы әкімдігімен келісіледі. Келісімшарт қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастырады.
Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.
Келісімшарт шарттары сақталмаған жағдайда бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.
34. Конкурс екі рет өтпеген деп танылған жағдайда, бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарды ақысыз негізде конкурс өткізеді.
35. Бөлімнің қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.
2.3. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою
36. Осы Қағидалардың 31 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өтпеген деп танылған кезде, қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
3. Қорытынды ережелер
37. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс жасау процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 1 қосымша нысан |
Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акті
20__жылғы "___"________________ ______________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)
Комиссия құрамында
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке келесідей құрамдағы:
Қалдық түрi |
Өлшем бірлігі | Қалдықтың деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша) | Орналасқан жері | Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме |
иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.
Комиссия мүшелерi (тегі, аты, әкесінің аты, қолы):
Мөрдің орны
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 2 қосымша нысан |
Өтінім
______________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_______________________________________________________________________
(өтініш берушінің заңды мекен-жайы және негізгі қызмет орнының мекен-жайы)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар үшін))
______________________________________________________________
(басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәлімет)
5. Түпқараған ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындау үшін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң жоқтығы туралы анықтама, ақшалай қаражаттың бары туралы банктік анықтама) қоса беріледі.
_________________ ________ ______________________
(ұйымның атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)