"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 284 "Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4242 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылдың 7 қарашасында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында, 1 тармағында және қосымшаларында "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген сөздер "Түркістан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшаларында "ОҚО" деген сөздер "ТО" деген сөздермен ауыстырылсын.
1. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" _________ № ______ "Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 284 "Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына