Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/192-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 13 қарашада № 4259 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 37/391-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 05.04.2019 № 37/391-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:

      1) ауылдық жерге жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрі – қызметкерлер) 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде әлеуметтік қолдау белгіленсін;

      2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі бір жолғы қолдау болып табылады деп белгіленсін;

      3) әлеуметтік қолдауды төлеу қалалар мен аудандардың бюджеттеріне бөлінген облыстық бюджет шегінде жүзеге асырылатын болып айқындалсын.

      2. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/154-VI "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4155-нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 24 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiм Оңтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Абасов
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Қ. Балабиев

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2017 жылғы 23
қазандағы № 15/192-VI
шешімімен бекітілді

Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жiберiлген медицина
және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi

      Осы тәртіп 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде әзірленді және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын қабылдау шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік қолдау қаржыландыру мен төлем жасау шарттары мен тәртібін айқындайды.

1. Негiзгi ұғымдар

      1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы;

      2) жұмыс берушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен жеке еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;

      4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.

2. Жалпы ережелер

      1. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы бес жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген қызметкер әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.

      Осы бес жылдық мезгiлде қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақытысы, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.

      2. Облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағында орналасқан поселкелерде тұратын және жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетiлмейдi.

      3. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.

3. Әлеуметтiк қолдау шараларын қабылдау тәртiбi

      4. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

      2) медицина және фармацевтика қызметкерiнiң өтiнiштерiн, олардың бiлiктiлiгiн, жұмыс орны бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;

      3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;

      4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

      5. Уәкiлеттi органның жолдамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес жұмыс берушi қызметкермен еңбек шартын жасайды.

      6. Уәкiлеттi орган өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты қызметкердi ауылдық жердегi бiр медицина ұйымынан басқа ауылдық жердегi медициналық ұйымына ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.

      7. Еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган алдын жіберілген қаржыны қайтаруға шаралар қабылдау құқығы бар. Бұл ретте жұмыс беруші қаржы ұйымына жазбаша өтініш беру жолымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгiленген тәртiппен қаржы ұйымындағы қызметкердiң есеп шотына бұрын аударылған бюджет қаржысын облыстық бюджеттiң кiрiсiне қайтару бойынша шаралар қолданады.

      8. Қызметкердiң тарапынан мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші, қызметкер және қаржы ұйымы арасында шарт жасалады, онда қызметкердiң қаржы ұйымындағы есеп шотына бұрын аударылған бюджет қаржысын облыс бюджетiнiң кiрiсiне қайтару механизмi қарастырылады.

      9. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығынан айырылған уақыттан бастап 10 күннен кешiктiрмей (жұмысшымен еңбек шартын бұзу) уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

4. Әлеуметтiк қолдау шеңберiнде қаржыландыру және төлеу тәртiбi

      10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк қолдау көрсету ретінде ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде қаржыландыруды iске асырады.

      11. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган iске асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады