Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19/2 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 4320 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12/1 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 12/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ордабасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Ордабасы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т.Ибрагимов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Садвахасов

  Ордабасы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 19/2 шешіміне 1-қосымша

Ордабасы ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 68/7 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,7
2,0

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

1,2

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,2

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,24

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,4

6

Емханалар

1 келiп кету

0,02

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,06

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отыратын орын

1,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,26

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

--

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

1,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

1,2

14

Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,4

16

Алынып тасталды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 68/7 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,55

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

--

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,59

22

Жаға жайлар

Жалпы алаңы 1 м2

--

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,38

24

Авто тұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,4

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,85

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

--

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,2

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,75

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

1 жұмыс орны

0,55

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

1,15

32

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

--

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

--


  Ордабасы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 19/2 шешіміне 2-қосымша

Ордабасы ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

№ р/с

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

1.1

Жайлы үйлер

1 адам

70,00

1.2

Жайсыз үйлер

1 адам

105,00

2 адам

210,00

3 адам

315,00

4 және одан көп адам

400,00

1.3

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1200,00

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері

2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

400,00

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

800,00

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады