Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19/2 "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 68/7 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 8 қазанда № 5830 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12/1 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 12/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19/2 "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4320 тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Ордабасы оттары" газетінде және 2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:

6

Емханалар

1 келiп кету

0,02


      "реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:"

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0


      "реттiк нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:"

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отыратын орын

1,5


      "реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:"

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,26


      "реттiк нөмiрi 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:"

14

Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,4


      "реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.".

      2. "Ордабасы ауданының маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Түркістан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Досым
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Садвахасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады