Ордабасы ауданының маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12/1 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 19 ақпанда № 6461-13 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданының мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы №19/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 4320 болып тіркелген);

      2) 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 68/7 "Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы №19/2 "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2020 жылғы 8 қазанда № 5830 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады