Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 16238 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабының 3-тармағына және 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларында, мерзімдерінде:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Үміткерлерден өтініштерді қабылдау және куәліктерді беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің не 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын тапсырады.

      Куәлікті:

      медициналық білімі бар маманға маманның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Комитеттің департаменті) береді;

      фармацевтикалық білімі бар маманға маманның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Фармация комитетінің департаменті) береді.

      Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санаты берілетін маман сертификатын) алған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін жіберіледі.";

      6 және 7 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Куәлікті беру мерзімі осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын "электрондық үкімет" веб-порталына тапсырған кезден бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      7. Біліктілік санатын беру туралы куәлік "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" (бұдан әрі – Номенклатура) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) сәйкес мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде беріледі.

      Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1 және 2-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша куәлік алу үшін "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатура, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау (мамандану) циклын бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Үміткерлер "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша куәлікті алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі;

      медициналық/фармацевтикалық білімі туралы диплом;

      мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (егер бар болса);

      мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (егер бар болса);

      мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі біліктілігін арттыру туралы куәлік;

      мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы куәлік не біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (егер бар болса);

      клиникалық практикамен айналысатын адамдарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;

      білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін өзгерткен тұлғалар үшін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік.

      Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.

      Өтініш беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша медициналық/фармацевтикалық қызметінің бар екендігі туралы ақпарат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында көрсетіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Куәлік беру туралы шешім осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады және тиісті Комитеттің департаменті, Фармация комитетінің департаменті басшысының бұйрығымен ресімделеді.";

      17-тармақтың екінші бөліміндегі үшінші абзац алып тасталсын;

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті қайтарып алу тәртібі";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Куәлікті қайтарып алуды Комитеттің департаменттері, Фармация комитетінің департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) бойынша:";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Куәлікті қайтарып алуға болатын жағдайды анықтаған немесе осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты анықтаған Комитеттің департаменті, Фармация комитетінің департаменті куәлікті берген Комитеттің департаментіне, Фармация комитетінің департаментіне осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарып алу қолдаухатты жібереді. Куәлікті берген Комитеттің департаменті, Фармация комитетінің департаменті осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген ақпартты не қолдаухатты алғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық шығарады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды өздігінен анықтаған Комитеттің департаменті, Фармация комитетінің департаменті осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық (еркін түрде) шығарады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды cертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды cертификаттауды жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сертификат алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі (санат беру туралы куәлік болған жағдайда өтініш берген кезден 1 жылдан кешіктірілмей алынған Бағалау нәтижесі);

      медициналық білім туралы диплом;

      мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (егер бар болса);

      мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (егер бар болса);

      соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік (сертификат алуға өтініш берген кезде 5 жылдан кешіктірмей оқуды бітірген интернатура, резидентура, орта оқу орнының бітірушілерін қоспағанда үміткерлер ұсынады);

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;

      білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін өзгерткен тұлғалар үшін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік.

      Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сертификатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Комитет департаменті) береді.

      Мамандардан өтініштерді қабылдау және сертификаттарды беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Үміткерлер сертификат алуға құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.

      7. Сертификат беру мерзімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын "электрондық үкімет" веб-порталына тапсырған кезден бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      8. Сертификат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында көзделген мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде беріледі.

      Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1-тарауында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін интернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.

      Үміткерлер Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), ортадан кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Стоматология", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.";

      10-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. 1998 жылдан кейін "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру туралы құжатты ұсынуы болып табылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
1-қосымша
  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру және қайтарып алу
қағидаларына 2-қосымша
  нысан
  _________________ басшысына
(мемлекеттік органның
аумақтық департаментінің атауы)
кімнен ______________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
аты (егер бар болса)
____________________________
(тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша _____________________________ біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді сұраймын.

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.

      Мелекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      _________________________

      (толтырған күні)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
2-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  _________________ басшысына
(мемлекеттік органның атауы)
кімнен ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(егер бар болса), ЖСН)
Тұрғылықты мекенжайы
____________________________

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________________________

      мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық

      практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруді сұраймын.

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді

      жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      ______________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      _________________________

      (толтырған күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады