"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 16366 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрi

      Д. Абаев __________________

      2018 жылғы 25 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 258 бұйрығымен
бекітілген

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы баламалы негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорациядан немесе көрсетілетін қызметті берушіден қағаз жеткізгіште не электрондық форматта (сканерленген өтініш) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтке дейінгі рұқсат етілетін күту уақыты өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні;

      2) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру;

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сұратылып отырған статистикалық ақпараттың жоқ екендігі туралы хабарлама;

      осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық нұсқада алу мүмкіндігі ұсынылады.

      7. Мемлекеттік қызмет "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz., Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Төлем тәсілі – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген төлем шотына сәйкес жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсетуі керек.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібінде Мемлекеттік корпорация арқылы www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (жеке тұлға жеке басты куәландыратын құжат бойынша; заңды тұлға өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша, немесе сенімхат бойынша):

      1-кезең:

      жеке және заңды тұлғалар үшін – осы Стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес үлгілер бойынша өтініштер.

      2-кезең:

      жеке тұлғалар үшін: төлем туралы түбіртек;

      заңды тұлғалар үшін: төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат негізінде жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда:

      1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған немесе респонденттің келісімі болмаған жағдайда "Мемелекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

      3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданғанда шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Комитет, Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не портал арқылы осы Стандарттың 7-тармағында көрсетілген Министрліктің, Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар мен телефон нөмірлері бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар мен телефондар арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдау қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация жұмыскері тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізеді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының және осы Стандарттың 7-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары мен телефондары бойынша құжаттарды толтыру жөнінде консультация алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, көрсетілетін қызметті берушінің телефон нөмірлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы осы Стандарттың 7 және 11-тармақтарында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің және Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурстарында орналастырылған.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Сұратылып отырған ақпараттың жоқ екендігі туралы хабарлама 20_____"___" ________________

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің

      Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

      мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20 ____ жылғы № ____ сұрау салуыңызға _________

      деректердің жоқ екендігін хабарлайды, себебі "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы

      19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес Сіз

      сұратып отырған ақпаратты тиісті мемлекеттік органдар дербес қалыптастырады және таратады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындаушысы

      _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________ (қолы)

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Жеке тұлғалар үшін өтініштің
үлгісі
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің _____________ толық
атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Өтініш

      Осы өтініштің қосымшасына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезең, кезеңділік көрсетілсін)

      үшін статистикалық ақпаратты

      ______________________________________________________________ беруіңізді сұраймын.

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін:

      электрондық немесе қағаз)

      Қосымша ______ п.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке куәліктің нөмірі _____________________________

      ЖСН                  ______________________________

      Нақты мекенжайы ________________________________

      Телефоны және факсы _____________________________

      Электрондық мекенжайы ___________________________

      _____________                              ____________________________________

      (қолы, күні)                                    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Өтінішке қосымша

Р/с

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең

Кезеңділік
















  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Заңды тұлғалар үшін өтініштің
үлгісі
Заңды тұлғаның бланкісіне
арналған орын
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен______________________
(заңды тұлғаның
____________________________
толық атауы)

Өтініш

      Осы өтініштің қосымшасына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезең, кезеңділік көрсетілсін)

      үшін статистикалық ақпаратты

      ______________________________________________________________ беруіңізді сұраймын.

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін:

      электрондық немесе қағаз)

      Қосымша: ______ п.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      БСН                        _____________________________

      ЖСК                        _____________________________

      БСК                        _____________________________

      Заңды мекенжайы            _____________________________

      Нақты мекенжайы             _____________________________

      Телефоны және факсы      _____________________________

      Электрондық мекенжайы      _____________________________

      Басшы________________                  ________________________________________.

      (қолы, мөр)                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орынд.: _________________

      Тел.: _________________

      Өтінішке қосымша

Р/с

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең

Кезеңділік





















  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) не
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет қағидаларының 18-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                                          (қолы)

      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)

      Орындаушы: (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________

      Телефоны__________

      Алдым: Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      қолы ___________

      20____ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады