Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16646 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2018 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 6 831 260 000 (алты миллиард сегіз жүз отыз бір миллион екі жүз алпыс мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 09.11.2018 № 989 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады