Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу қағидаларын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17543 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.06.2021 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 30) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу қағидалары және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы "7" қыркүйектегі
№ 356 бұйрығына
1-қосымша

Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу қағидалары және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібі және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 30) тармақшасына және 130-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату, өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібін және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату тәртібі

      3. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі) жобалау және қолданысқа енгізу мынадай кезеңдерден тұрады:

      өндірістік объектілерді жобалауалды тексеру;

      кеңейтілген техникалық тапсырманы әзірлеу;

      жобаны әзірлеу;

      жобаның құрамына кіретін аналитикалық жабдықтарды сатып алу, монтаждау және іске қосу;

      іске қосу-баптау жұмыстары және қабылдау сынамалары;

      пайдалану бойынша нұсқаулықты әзірлеу;

      метрологиялық аттестаттау (калибрлеу);

      қабылдау сынамалары;

      пайдалануға енгізу.

      4. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жобасын табиғат пайдаланушы дербес немесе басқа ұйымды тарта отырып орындайды.

      5. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жобасы мыналардан тұрады:

      эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі орнатылатын өндірістік объектілер мен технологиялық жабдықтың сипаттамасы;

      ластаушы заттардың концентрациясын өлшеудің қателігіне қойылатын талаптар;

      аналитикалық жабдықты орнату орындары;

      эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің құрылымы, оның элементтерін сипаттау;

      эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орналастыру схемасы;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпараттық жүйесіне эмиссия мониторингінің деректерін беруге арналған бағдарламалық қамтылым;

      өндіріс жағдайларын, технологиялық жабдықтың түрін, конструктивті ерекшеліктерін, құрастыруын, технологиялық параметрлерді, қауіпсіздік талаптарын, қызмет көрсету мүмкіндігі ескерілген өлшеу құралдарының түрлері.

      6. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жобалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жобасы уәкілетті органға назарға алу үшін жіберіледі.

3-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібі

      8. Қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін табиғат пайдаланушымен немесе әзірленетін жобаға сәйкес ластаушы көздеріндегі эмиссияларға үздіксіз өлшеуді жүзеге асыратын құралдарды орнату арқылы табиғат пайдаланушы жүргізеді.

      9. Эмиссияларға үздіксіз өлшеуді жүзеге асыратын құралдардың салыстырмалы қателігінің рұқсат етілген шегі паспорттық деректермен анықталады.

      10. Үздіксіз өлшеу нәтижелері компьютер мониторында ағымдағы және жинақталған шығарындылардың мәндерін көрсететін кестелер түрінде, сондай-ақ графиктер түрінде көрсетіледі.

      11. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі тексеру (калибрлеу), жөндеу, төтенше жағдайлар жағдайларын қоспағанда, үздіксіз жүзеге асырылады.

      12. Эмиссияларға үздіксіз өлшеуді жүзеге асыратын құралдардың деректері нақты уақыт режимінде (онлайн) өңделмеген түрінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жеткізіледі.

      13. Табиғат пайдаланушы эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін өлшеудің сенімділігін және ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және беру құралдарының жұмысын бұзатын рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді.

      14. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі жоспарлы немесе авариялық ажыратылған кезде эмиссияларды есептеу ажырату кезеңіне аспаптық (немесе есептік) мониторинг негізінде қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар

      15. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      16. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп осы Қағидалардағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды түрде ұсынылады.

      17. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есепке жұмыстарды орындау туралы түсіндірме жазба қоса беріледі, оны табиғат пайдаланушы еркін нысанда жасайды.

      18. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы есептілік және оған түсіндірме жазба осы Қағиданың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген графиктерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне тапсырылады.

      19. Кезеңдік есептерді тапсыру графигі:

      атмосфераға шығарындылар мониторингі бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      суға төгінділер мониторингі бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      қалдықтар мониторингі бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      радиациялық мониторинг бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      санитариялық-қорғау аймағының шекарасында әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады;

      қалдықтарды орналастыру полигондарындағы газ мониторингі бойынша есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады.

      20. Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторинг шеңберінде кезеңдік есептерді тапсыру графигі:

      табиғат пайдаланушы операциялық экологиялық мониторинг бойынша тоқсандық және жылдық есептерді есептік тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;

      эмиссиялар мониторингі бойынша тоқсандық және жылдық есептерді есепті кезең аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;

      әсер ету мониторингі бойынша жылдық есептерді есепті кезең аяқталғаннан кейін 2 ай ішінде тапсырады.

  Өндірістік экологиялық бақылау
жүргізу кезінде қоршаған
ортаға эмиссиялардың
автоматтандырылған
мониторингін жүргізу
қағидалары және өндірістік
экологиялық бақылау
нәтижелері бойынша
есептілікке қойылатын
талаптарға қосымша
  Нысан

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп

      Нысанның индексі: Өндірістік экологиялық бақылау

      Нысан қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне

      Ақпарат жинау кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

      Нысанның берілетін мерзімі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: тоқсан сайын, жыл сайын

  1- кесте

1. Жалпы мәліметтер

№ р/н

Өндірістік объектінің атауы (орналасқан жері)

Өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы

Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі

1

2

3

4





  2- кесте

2. Зертхана туралы мәліметтер

№ р/н

Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы

Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі

Сынақ зертханасының аккредиттелген саласы

1

2

3

4





  3- кесте

3. Эмиссиялар мониторингі

3.1 Атмосфералық ауа

Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив, грамм/секунд, тонна/жыл

Мониторингтің нақты нәтижесі (грамм/секунд, тонна/тоқсан, тонна/жыл)

Шекті жол берілген шығарындылар норматив терін асыру

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.2. Су ресурстары

Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив, миллиграмм/ текше дециметр, тонна/жыл

Мониторингтің нақты нәтижесі миллиграмм/ текше дециметр, тонна/тоқсан, тонна/жыл

Шекті жол берілген шығарындылар норматив терін сақтау немесе асыру

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері)

Қалдықтардың түрлері

Қауіптілік деңгейі

Эмиссия нормативі (тонна/жыл)

Қалдықтарды нақты орналастыруы (тонна/жыл)

Қалдықтарды кәдеге жарату/өндеу бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив (миллиграмм/ килограмм)

Мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/ килограмм)

Шекті жол берілген концентрация нормативтерін сақтау немесе асыру, фондық концентрациясы

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.5. Радиациялық мониторинг

Әсер ету көзінің атауы

Белгіленген норматив (өлшем бірлігі микрозиверт/ сағатына)

Мониторингтің нақты нәтижесі (өлшем бірлігі микрозиверт/сағатына)

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" нормативін сақтау немесе асыру

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5






  4-кесте

4. Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі

4.1 Атмосфералық ауа

Сынамалар алынатын нүктелер

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану нормасы (барынша бір реттік, миллиграмм/ текше метр)

Шекті жол берілген шоғырлануды асырудың болуы, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







4.2. Су ресурстары

Сынамалар алынатын нүктелер

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану нормасы (миллилитр/ литр)

Шекті жол берілген шоғырланудың асырудың болуы, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







4.3. Топырақ жамылғысы

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану нормасы, миллиграмм/ килограмм

Шекті жол берілген шоғырлануды асырудың болуы, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







      Басшы ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ұйымның атауы _______________________________________________

      ЖСН/БСН ___________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы __________________________________________

      Ұйымның телефоны ___________________________________________

      Мөр орны (болған жағдайда)

"Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп" әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп (бұдан әрі – Есеп) нысаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсан аяқталғаннан кейін, келесі айдың 10 күніне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде:

      1-бағанда рет бой ынша № толтырылады;

      2-бағанда өндірістік объектінің атауы (орналасқан орны) көрсетіледі;

      3-бағанда өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда өндірістік экологиялық бақылау жиілігі көрсетіледі;

      "Зертхана туралы мәліметтер" деген 2-кестеде:

      1-бағанда рет бой ынша № толтырылады;

      2-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі көрсетіледі;

      4-бағанда сынақ зертханасының аккредиттелген саласы аккредиттеу саласының көшірмелерімен қоса көрсетіледі;

      "Эмиссиялар мониторингі" деген 3-кестеде:

      3.1. "Атмосфералық ауа":

      1-бағанда шығарынды көзінің атауы көрсетіледі (шығарынды көзінің нөмірі шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда эмиссиялардың белгіленген нормативі (грамм/секунд, тонна/жыл) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (грамм/секунд, тонна/тоқсан, тонна/жыл көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шығарындылар нормативтерін асыру көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.2. "Су ресурстары":

      1-бағанда әсер ету көздерінің атауы көрсетіледі (шығару нүктесіндегі ластаушы заттардың шоғырлану нормативтерін сақтау үшін бақылау нүктелері шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/текше дециметр, тонна/жыл) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/текше дециметр, тонна/тоқсан, тонна/жыл) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.3. "Өндіріс және тұтыну қалдықтары":

      1-бағанда қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері) көрсетіледі;

      2-бағанда қалдықтардың түрлері көрсетіледі;

      3-бағанда қауіптілік деңгейі көрсетіледі;

      4-бағанда эмиссия нормативтері (тонна/жыл) көрсетіледі;

      5-бағанда эмиссиялардың нақты нормативтері (тонна/жыл) көрсетіледі;

      6-бағанда қалдықтарды кәдеге жарату/өндеу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.4. "Жердің ластану деңгейінің мониторингі":

      1-бағанда әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері) көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырлануды сақтау немесе асыру, фондық шоғырлану көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.5. "Радиациялық мониторинг":

      1-бағанда әсер ету көзінің атауы көрсетіледі;

      2-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтеріне (бұдан әрі - нормативтер) сәйкес есептелетін белгіленген өлшем бірліктері көрсетіледі;

      3-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін мониторингтің нақты нәтижесі көрсетіледі;

      4-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін нормативтердің сақталуы немесе асуы көрсетіледі;

      5-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

      "Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі" деген 4-кестеде:

      4.1. "Атмосфералық ауа":

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері (барынша бір реттік, миллиграмм/текше метр) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

      4.2. "Су ресурстары":

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану нормасы, (миллилитр/литр) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

      4.3. "Топырақ жамылғысы":

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану нормасы, миллиграмм/килограмм көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 356 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 3 шілдеде №162 (28101) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 258 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13969 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған).

      3. "Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 556 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14696 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 қаңтарда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады