"Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17554 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылыми министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 563 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылыми министрінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 152 бұйрығымен бекітілген

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖОО) және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКОБ) оқытудың кредиттік технологиясы (бұдан әрі - ОКТ) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) академиялық еркіндік - білім беру процесінің субъектілеріне таңдау компоненті пәндері, оқытудың қосымша түрлері бойынша білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

      2) академиялық кезең (Term) (терм) - семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның біреуін білім беру ұйымы өзі белгілейтін теориялық оқу кезеңі;

      3) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;

      4) академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

      5) академиялық сағат - оқу сабақтарының немесе оқу жұмысының басқа түрлерінің көлемін өлшеу бірлігі, 1 академиялық сағат 50 минутқа тең (ӘАОО-да 1 академиялық сағат кемінде 40 минутқа тең), академиялық күнтізбені (оқу процесінің кестесін), оқу сабақтарының кестесін жасау кезінде, өтілген оқу материалын жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының жұмысын есептеу кезінде пайдаланылады;

      6) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесебасқа ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

      7) белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

      8) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу процесінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері, дағдылары және құзыреті;

      9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) - тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модулдерінің көлемін және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

      10) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) (ретинг) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылатын, пәндердің және (немесе) модулдердің оқу бағдарламасын және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

      11) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын, оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тақырыптардың белгілі бір тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;

      12) екі дипломдық білім беру - қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі;

      13) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинау жүйесі (ECTS) - студенттің шетелде алған кредиттерін өзі оқитын білім беру ұйымына оралғанда дәреже алу, сондай-ақ білім беру бағдарламасы шеңберінде кредиттер жинау үшін есептелетін кредиттерге аудару тәсілі;

      14) жеке оқу жоспары - білім беру бағдарламасы (ТжКОБ ұйымдары үшін үлгілік және оқу жұмыс жоспары негізінде) мен элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдер негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушы әр оқу жылына дербес қалыптастыратын оқу жоспары;

      15) кредиттік ұтқырлық - білім алушыларды өзі оқитын ЖОО-да оқуын жалғастыру шеңберінде - академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң студенттер оқуын аяқтау үшін өзі оқитын білім беру ұйымына оралады);

      16) қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) - қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.

      17) модуль - дербес, білім беру бағдарламасының құрылымдық элементін оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған, айқын қалыптасқан, білім алушылар меңгеретін білім, іскерліктер, дағдылар, құзыреттер және бағалаудың барабар критерийлері;

      18) модульдік оқыту - білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы, оқу жоспары және оқу пәндері негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;

      19) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушы анықтаған білім беру бағдарламасы;

      20) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

      21) оқу пәніне жазу (Enrollment) - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу рәсімі;

      22) оқытудың кредиттік технологиясы - білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

      23) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;

      24) постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер, іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;

      25) пререквизиттер (Prerequisite) (пререквизит) - пәндер және (немесе) модульдер және зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;

      26) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;

      27) тьютор - студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;

      28) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының қатынасы);

      29) эдвайзер (Advisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

      30) элективті пәндер - жоғары оқу орны компонентіне және белгіленген академиялық кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне кіретін және білім беру ұйымы енгізетін, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін, нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін оқу пәндері, қалыптасқан ғылыми мектептер;

      3. ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

      1) білім көлемін біріздендіру;

      2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай жасау;

      3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

      4) білім алушының оқудағы жетістіктерін оларды тиімді әрі ашық бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

      4. ОКТ мыналарды қамтиды:

      1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша еңбек шығынын бағалау үшін академиялық кредиттер жүйесін енгізу;

      2) ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушылардың ЖОЖ қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, ЭПК-ге енгізілген пәндерді және (немесе) модульдерді таңдау еркіндігі;

      3) ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО-лар үшін пәндерге тіркеу кезінде білім алушылардың оқытушыны таңдау еркіндігі;

      4) оқу процесіне білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді тарту;

      5) интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;

      6) білім беру бағдарламасын игеруде білім алушылардың өзіндік жұмысын жандандыру;

      7) факультеттің (институттың) және кафедралардың оқу процесін ұйымдастырудағы, ЖОО-ға арналған білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы академиялық еркіндігі;

      8) оқу процесін қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

      9) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

      10) әр оқу пәні және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін пайдалану.

      5. ОКТ білім алушының оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқытудың жеке білім траекториясын таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

2- тарау. ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

1-бөлім. ЖОО-да ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру

1-параграф . ОКТ кезіндегі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары

      6. Оқу жоспарлары екі түрде әзірленеді:

      1) жеке оқу жоспарлары (бұдан әрі - ЖОЖ);

      2) оқу жұмыс жоспарлары (бұдан әрі - ОЖЖ).

      ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарлары (ҮОЖ) және оқу жұмыс жоспарлары (ОЖЖ) болып бөлінеді. ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әр оқу пәнінің және оқу қызметінің әр түрінің (практика, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу мен қорғау) еңбек сыйымдылығы кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклы бойынша ЖОО компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.

      7. ӘАОО-ны қоспағанда, білім беру ұйымы әр ББ бойынша элективті пәндердің каталогын (бұдан әрі - ЭПК) әзірлейді.

      ЭПК білім алушыларды жеке білім траекториясын құру үшін элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

      8. ӘАОО-ны қоспағанда, білім беру бағдарламасының және ЭПК негізінде білім алушылар эдвайзерлердің көмегімен ЖОЖ әзірлейді.

      ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім алу траекториясын бөлек анықтайды. ЖОЖ-ға міндетті компоненттің (МК), ЖОО компонентінің (ЖК) және таңдау компонентінің (ТК) пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практика, ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысы, қорытынды аттестаттау нысандары) кіреді.

      9. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:

      1) білім берудің алдыңғы деңгейінде оқытудың қол жеткізілген нәтижелеріне, игерілген пререквизиттерге байланысты өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастырады;

      2) ЖОО қолданыстағы білім беру бағдарламасының негізінде дербес анықтайтын жеке оқу мерзімін және білім беру бағдарламасының көлемін иеленеді.

      10. ЭПК, ЖОЖ, ОЖЖ жасау мен бекіту нысанын, тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

      ӘАОО-да ОЖЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде бүкіл оқу кезеңіне әзірленеді және оны ӘАОО басшысы бекітеді.

      11. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің тұтас санын құрайды. Бұл ретте, 5 академиялық кредиттен кем емес көлеммен анықталады.

      Пәнді 3-4 академиялық кредитпен бағалауға рұқсат етіледі.

      ӘАОО-да әр пәннің көлемі тұтас кредиттер санын құрайды және пәнді 1-2 кредитпен бағалайды.

      12. Дене шынықтыруды, тілдер пәндерін қоспағанда, әр оқу пәні қайталанбайтын бір атаудан құралады.

      ӘАОО-да пәнді бірнеше академиялық кезең ішінде игеруге рұқсат етіледі.

      13. Оқу пәндерінің мазмұны үлгілік оқу жоспраларымен және (немесе) оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабустармен) анықталады.

      14. Үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі - ҮОБ) бакалавриатта ЖБП циклының міндетті компонентінің пәндері бойынша Заңның 5 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленеді.

      ӘАОО-да ЖБП циклының пәндері бойынша ҮОБ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қарамағында ӘАОО бар мемлекеттік орган бекітеді.

      15. Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша білім беру ұйымы дербес әзірлейді.

      Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) әзірлеу мен бекітудің нысанын, құрылымын, тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

      16. Бір модульдің көлемін білім беру ұйымы дербес анықтайды және екі және одан да көп оқу пәндерінен немесе бір және одан да көп пәндердің оқу жұмысының басқа түрлерімен үйлесімінен тұрады.

      17. Кәсіптік практикалар, диплом жұмыстары (жобалары), магистрлік/докторлық диссертациялар (жобалар) білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне қосылады. Бұл ретте кәсіптік практиканың әрбір түрі түрлі модульдерге жатқызылуы мүмкін.

2-параграф. ОКТ бойынша оқу процесі

      18. Бір оқу жылы шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру білім беру ұйымының ғылыми (педагогикалық) кеңесінің шешімімен бекітілетін академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.

      Академиялық күнтізбеде оқу жылы ішіндегі оқу сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауды, кәсіптік практикаларды және оқу жұмысының басқа түрлерін өткізудің кезеңдері, демалыс күндері (демалыстар мен мерекелер) көрініс табады.

      19. Әр академиялық кезең білім алушылардың аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.

      ӘАОО-да әр академиялық кезеңнен кейін аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды.

      20. Каникулдар білім алушыларға оқу жылы ішінде кемінде 2 рет беріледі, демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 7 аптаны құрауы тиіс.

      ӘАОО-да оқу жылындағы демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.

      21. Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады.

      Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды практикалар болып табылады.

      Оқу процесін ұйымдастыру кезінде академиялық кезеңнен бөлек, сондай-ақ академиялық кезеңмен қатар кәсіптік практиканы енгізуге рұқсат етіледі.

      Кәсіптік практиканың нәтижелері аралық аттестаттау қорытындыларын жасау кезінде ескеріледі.

      Практиканың ұзақтығы 30 сағатқа тең апта ішінде (5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағат) практикадағы студенттің нормативтік жұмыс уақытына қарай аптамен анықталады.

      ӘАОО үшін барлық практика түрлерінің (тағылымдамалардың) ұзақтығы 60 сағатқа тең апта ішінде (6 күндік жұмыс аптасында күніне 10 сағат) практикадағы курсанттардың нормативтік жұмыс уақытына қарай аптамен анықталады.

      22. Білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде екі дипломдық білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).

      ӘАОО-да курсанттардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға, орташа үлгерім балын көтеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы 4 аптаға дейін жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).

      23. Оқу жұмысы көлемін жоспарлаған кезде бір академиялық кредит оның барлық түрлері үшін 30 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады. Оқу жұмысының барлық түрлері бойынша бір академиялық сағат 50 минутқа тең.

      ӘАОО-да оқу сабақтарының барлық түрлеріне, практиканың барлық түрлеріне және қорытынды аттестаттауға қолданылатын бір академиялық сағат кемінде 40 минутты құрайды.

      24. Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) ECTS-тің 1 кредитіне (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.

      25. Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушының өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысқа (ОБӨЖ) және толық өзі орындайтын жұмыс (ОБӨЖ - БӨЖ).

      БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.

      26. Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ні ЖОО дербес анықтайды. Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде 30%-ын құрайды.

      27. Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай кредиттер көлемімен жүзеге асырылады, яғни әр пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны оқытудан, сондай-ақ осы пән бойынша дайындықтан және аралық аттестаттау нысанынан өтуден құралады.

      28. Әр оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды бақылаумен аяқталады.

      ӘАОО-да әр пәнді оқыту аяқталған соң, курсанттар емтихан түрінде қорытынды бақылау тапсырады. Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан түріде аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың, курстық жұмыстардың (жобалардың), әскери тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.

      29. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және(немесе) кредиттермен жүзеге асырылады. Бұл ретте, аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме 1 академиялық сағат 50 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі. Оқу жұмысының басқа түрлері бойынша педагогикалық жүктеме ЖОО дербес белгілеген норма негізінде есептеледі.

      ӘАОО-да педагогикалық жүктеме 1 академиялық сағат кемінде

      40 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі.

      30. Академиялық лектер мен топтар осы пәнге және осы оқытушыға жазылған білім алушылардың жеткілікті саны және олардың рентабельділігінің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу принципі бойынша қалыптасады.

      Академиялық лек пен топтың толығуын білім беру ұйымы дербес анықтайды.

      31. Білім алушылардың оқу пәндеріне (Enrollment) жазылуын Регистратор офисі ұйымдастырады. Бұл ретте студенттермен ұйымдастыру-әдістемелік және консультация беру жұмыстарын жүргізу үшін білім алушыларды қолдау қызметі мен эдвайзерлер тартылады.

      32. Білім алушы жеке оқу траекториясын анықтау кезінде ЖОО компоненті және таңдау компоненті шеңберінде:

      1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;

      2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдайды.

      33. Негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдау мен игеру тәртібі пререквизиттердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдау мен игеру тәртібі аралас және бейіндік ББ бойынша қосымша құзыреттерді алу, сондай-ақ білім алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады.

      34. Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша таңдалатын пәндердің көлемін ЖОО дербес анықтайды. Бұл ретте, қосымша ББ пәндерін білім алушылар ЖК және ТК пәндері шеңберінде зерделейді және олардың көлемі негізгі ББ бойынша тиісті дәрежені немесе біліктілікті беруге қажетті академиялық кредиттердің жалпы көлеміне кіреді.

      35. Оқу пәндеріне жазылу процесінде білім алушы өзінің ЖОЖ қалыптастырады. Бұл ретте олар:

      1) оқытудың кредитік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен танысады;

      2) оқу пәндеріне тіркеудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтайды;

      3) игерілген пререквизиттерді ескере отырып, пәндерге жазылады.

      36. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады.

      "FХ" белгісіне сәйкес келетін "қаанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

      "F" белгісіне сәйкес келетін "қаанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

      37. Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқу және қорытынды бақылау процестері бөлінеді.

      ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын Регистратор офисі ұйымдастырады.

      38. Регистратор офисі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерінің тұрақты мониторингін және олардың талдауын бағалау кестесіне сәйкес жүргізеді, ол студенттердің топтарында өту деңгейінен жоғары абсолюттік бағалардың нақты пайыздық бөлінуін көрсетеді.

      39. Білім алушыға оқу пәндері (модульдер) және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша, сондай-ақ ББ зерделеу аяқталған соң академиялық кредиттер беру олардың қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған жағдайда жүзеге асырылады.

      40. Білім алушының алдыңғы оқу деңгейлерінде және формальды білім берудің басқа ұйымдарында қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағаларын ЖОО академиялық кредиттерді қайта санау арқылы дербес таниды.

      41. Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, білім алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір ББ-дан екіншісіне, бір білім беру ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады.

      42. Барлық академиялық кредиттер және білім алушының формальды және формальды емес білім берудегі алған оқу нәтижелері бүкіл өмір бойы жиналады.

3-параграф . Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын, оның ішінде халықаралық кредиттік ұтқырлығын ұйымдастыру

      43. Академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді зерделейді.

      Бұл ретте білім беру ұйымдарының арасында екіжақты шарт жасалады.

      44. Басқа білім беру ұйымдарында алуан түрлі білім беру тәжірибелерінен пайда алу мақсатында "ұтқырлық терезелерінен" білім алушының басқа ЖОО-да игеріледі, оқу пәндері мен кредит көлемдері анықталады.

      45. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру тәртібін, студенттерді іріктеуді ЖОО дербес жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары аясында жүзеге асырылады.

      46. Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру ұйымы қарастырған деңгейде шетел тілін білуі тиіс.

      47. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын растайтын қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып табылады.

      Транскриптке оқыту бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндердің (модульдің) атаулары, бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.

      48. Білім алушы академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде игерген және транскриптпен расталған оқыту нәтижелерін ЖОО міндетті тәртіпте қайта есептейді.

4-параграф. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру тәртібі

      49. Екі диплом бағдарламалары - әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын салыстыруға және синхрондауға негізделген және бағдарламаның мақсаты мен мазмұнын анықтау, дәреже беру немесе берілетін біліктіліктер сияқты мәселелер бойынша тараптардың ортақ міндеттемелер қабылдауымен сипатталатын бағдарламалар.

      50. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі әріптес ЖОО арасындағы келісім негізінде әзірленеді.

      Бұл ретте, екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарттары:

      1) келісілген білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту;

      2) екі дипломдық білім беруге қосылған білім алушының білім беру бағдарламасының бөлігін әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында игеруі;

      3) сапаны қамтамасыз етудің уағдаластықтары, жалпы принциптері мен стандарттары негізінде оқыту кезеңдері мен нәтижелерін міндетті түрде тану және автоматты түрде қайта санау;

      4) оқытушылардың екі дипломдық бағдарламаға тартылуы, білім беру бағдарламаларын бірігіп әзірлеуі, оқыту, жалпы қабылдау және аттестаттау комиссияларына қатысуы;

      5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық игерген білім алушыларға әрбір әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының дәрежесі не уағдаластықтар негізінде бір біріккен дәреже беріледі.

      51. Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына қосу оның өтініші негізінде және әріптес ЖОО-мен жасалған келісімге (шартқа) сәйкес жүзеге асырылады.

      Білім алушылар әріптес ЖОО-ға қабылдау рәсімдерінен өтеді.

      52. Екі дипломдық білім беру бағдарламасына қосылған шетелдік білім алушылар "қосылған білім" ерекше белгісімен және оқыту кезеңін, мерзімін, пәндердің санын және игерілген кредиттердің көлемін көрсете отырып, білім алушылардың жалпы контингентіне қабылдаудың ұқсас рәсімінен өтеді.

      53. Білім алушының жеке оқу жоспары оқу пәндерінің тізбесін, олардың еңбек сыйымдылығын (кредит және сағат түрінде), семестрлер, игерілетін әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлуді, қайта есептеу тәртібін қамтиды.

      54. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын және әріптес ЖОО талаптарын ескереді.

      Екі тараптың білім беру бағдарламалары пәндерінің тізбесі білім алушының жеке оқу жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Сонымен қатар білім алушы практиканың барлық түрлерін және қорытынды аттестаттауды толық көлемде өтеді.

      55. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту кезінде түрлі оқыту технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары пайдаланылуы мүмкін.

      56. Әр оқу жылының соңында тиісті бағдарлама модулін жүзеге асыратын әріптес ЖОО білім алушыға транскрипт береді.

      57. Оқыту аяқталған және бағдарламаның әрқайсысы бойынша барлық талаптар орындалған соң, білім алушыға академиялық дәреже беру туралы белгіленген үлгідегі екі диплом және уағдаластық негізінде екі транскрпит немесе бір біріккен диплом беріледі.

3-бөлім. ТжКОБ ұйымдарында ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру

1-параграф. ОКТ бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары

      58. Білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - ББ) мазмұнының құрылымы оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

      ББ:

      1) базалық және кәсіптік пәндер мен (немесе) модульдердің циклдерін зерделеуді;

      2) базалық және кәсіптік пәндер мен (немесе) модульдер бойынша зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді;

      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;

      5) аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуді қамтиды.

      Бұл ретте ББ модульдік оқыту принципі бойынша құрылымданады.

      АӘОО-да ББ мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.

      59. ОКТ бойынша ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары:

      1) оқу жұмыс жоспарын (бұдан әрі - ОЖЖ);

      2) (АӘОО-ны қоспағанда) жеке оқу жоспарларын (бұдан әрі - ЖОЖ) әзірлейді.

      60. Оқу жоспарларында оқу жоспарының әрбір оқу модуліне әріптік және цифрлық символдарда тиісті код беруді көздейтін модульдерді кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.

      61. ОЖЖ-да міндетті компоненттің және кредиттегі таңдау бойынша компоненттің әрбір оқу пәні және (немесе) модулінің тізбесі және еңбек сыйымдылығы, оларды оқу тәртібі, оқу қызметінің түрлері және бақылау нысандары айқындалады.

      Оқу жұмыс жоспарына енгізілген барлық модульдер және (немесе) пәндер бойынша:

      әрбір модулдің және (немесе) пәннің еңбек сыйымдылығы мен маңыздылығын көрсететін кредиттер саны;

      аудиториялық сабақтарға бөлінетін сағаттар көлемі;

      студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінетін сағаттар көлемі;

      оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына (ОСӨЖ) бөлінетін сағаттар көлемі көрсетіледі.

      АӘОО-да ОЖЖ-да міндетті компоненттің және кредиттегі ЖОО компонентінің әрбір оқу пәнінің және (немесе) модулінің тізбесі мен еңбек сыйымдылығы, оларды оқу тәртібі, оқу қызметінің түрлері және бақылау нысандары айқындалады.

      62. ОЖЖ оқытудың барлық кезеңіне әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      ОЖЖ білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.

      ӘАОО-да ОЖЖ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 13342 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әзірленеді.

      63. ОЖЖ нысаны, құрылымы мен оқу уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес келуі тиіс.

      64. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде әрбір модульдің және (немесе) пәннің көлемі кередиттердің бүтін санын құрайды.

      65. ОЖЖ Қазақстан Республикасы Білім және және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16013 тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары немесе ББ негізінде барлық модульдер мен (немесе) пәндер бойынша әзірленеді.

      ОЖЖ-ның (силлабустардың) нысанын, құрылымын және оларды әзірлеу мен бекітудің тәртібін оқу орны дербес айқындайды.

      66. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім беру траекториясын бөлек анықтайды, перереквизиттер мен постреквизиттер ескеріле отырып жасалады және ОЖЖ таңдау компонентін өзектілендіру үшін негіз болып табылады. ЖОЖ нысаны мен құрылымын білім беру ұйымы дербес айқындайды.

      Жеке оқу жоспарына міндетті компоненттің пәндері мен (немесе) модульдері және оқу қызметінің түрлері (практика, аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жобаны (жұмысты) жазу және қорғау), таңдау бойынша компоненттің пәндері мен (модульдері) кіреді.

      67. ЖОЖ-ны ТжКОБ ұйымдарының басшысы үш данада бекітеді: біреуі бөлімде сақталады және білім алушының білім беру бағдарламасын орындау мен меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық атттестаттауды ұйымдастыру үшін Регистратор офисіне (оқу бөліміне) беріледі, үшіншісі білім алушыға табысталады.

      68. Білім беру ұйымы оқу процесін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, белсенді үлестірмелі материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім беру ресурстарына қолжетімділік.

2-параграф.

      ОКТ бойынша оқу процесі

      69. Оқу процесін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу процесі кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

      Оқу процесінің кестесі академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, каникулдар мен практикалардан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды атттестаттау кезеңі қосылады.

      Оқу процесінің кестесі жылдар бойынша бөлінеді. Оқу жылы 52 аптадан тұрады, оның 40 аптасы оқу процесіне, 11 аптасы каникулға, 1 аптасы мерекелік күндерге бөлінген.

      АӘОО-да академиялық күнтізбе жылдар бойынша бөлінеді. Оқу жылы 52 аптадан тұрады, оның ішінде 6 аптадан кем емес каникул.

      70. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін жоспарлау кесте бойынша білім алушымен оқытушының байланыс жұмысы уақытын білдіретін кредиттер немесе академиялық сағаттар бойынша жүзеге асырылады.

      71. Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады.

      Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, өндірістік, дипломалды және әскери тағылымдама болып табылады.

      Практиканың ұзақтығы 36 сағатқа (6 күндік оқу аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең болатын апта ішінде практикада жүрген студент жұмысының нормативтік уақытына қарай аптамен айқындалады.

      АӘОО-да практиканың ұзақтығы кемінде 36 сағатқа тең болатын апта ішінде практикада жүрген кадет жұмысының нормативтік уақытына қарай аптамен айқындалады.

      АӘОО-ны қоспағанда, өндірістік оқыту мен кәсіптік практика жалпы білім беру пәндеріне, аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінген оқу уақытын есептемегенде, міндетті оқудың оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40%-ды құрауы тиіс.

      72. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит оның барлық түрлері үшін 30 (отыз) академиялық сағатқа тең болатындығы есепке алынады. Бір академиялық сағат оқу жұмысының барлық түрлері бойынша 50 минутқа тең.

      73. Қазақстандық бір академиялық кредиттің (30 академиялық сағат) еңбек сыйымдылығы 1 кредитке (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.

      74. ОКТ кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысы мынадай екі бөлікке бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОСӨЖ), және толық өз бетінше орындалатын жұмыс (СӨЖ).

      ОСӨЖ сабақтың жалпы кестесіне кіреді және оқытушының міндетті түрде төленетін жүктемесіне енгізіледі.

      СӨЖ-нің барлық көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.

      75. Оқу қызметінің барлық түрлері бойынша аудиторлық байланыс жұмысы, ОСӨЖ мен СӨЖ арасындағы уақыттың өзара қатынасын оқу орны дербес анықтайды. Бұл ретте, аудиторлық жұмыстың және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс көлемі жылына 1440 сағатты, білім алушының (студенттің) өзіндік жұмыс көлемі - жылына 360 сағатты құралады.

      76. Білім алушыларды пәндерді және (немесе) модульдерді оқуға жазуды (Enrollment) (енролмент) Регистратор офисі ұйымдастырады. Бұл ретте ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін эдвайзер (Advisor) тартылады.

      77. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыруды білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарына бағынатын Регистратор офисі жүзеге асырады (АӘОО-ны қоспағанда).

      Регистратор офисі транскриптте көрсетілетін оқудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізеді. Транскрипт оқудың кез келген кезеңінде білім алушының сұрауы бойынша беріледі.

      78. Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен қорытынды бағалау процестері бөлінеді.

      79. Білім алушылардың оқу жетістіктері, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттіліктері) халықаралық практикада қабылданған 100 балдық шкала бойынша, 4 балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, "қанағаттанарлықсыз" - F).

      80. Оқу пәндері мен (немесе) модульдер және оқу жұмысының өзге де түрлері бойынша, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын оқуды бітіргеннен кейін білім алушыға академиялық кредиттерді беру жалпы олар қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған кезде жүзеге асырылады.

      81. Ауысу, қайта қабылдану, сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу кезінде білім алушының қол жеткізген нәтижелері, оң бағалары бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ұйымнан екіншісіне ауыстырыла отырып танылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы ______
___________
№ _______ бұйрығына
1-қосымша

Басшылыққа арналған бағалауды бөлу кестесі

Жоғары оқу орындарында қолданылатын бағалар (барынша жоғары бағалаудан ең төменгі бағалауға дейінгі оң бағалау) *

Референттік топқа қойылатын оң бағалардың саны

Оң бағалардың жалпы санына қатысты әрбір бағаның пайызы

Оң бағалардың жиынтық пайызы

10

50

5%

5%

9

100

10%

15%

8

350

35%

50%

7

300

30%

80%

6

200

20%

100%

Қорытынды

1000

100%

-

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы ______
___________
№ _______ бұйрығына
2-қосымша

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады