"Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қазанда № 17631 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14644 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрық тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) негізсіз кіріс – бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға, оның ішінде алынған қарызға және оны қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинақтау мақсатында резервтік шот ашуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақы алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамау, тарифтік сметада инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға көзделген қаражатты орындамау немесе мақсатқа сай пайдаланбау нәтижесінде алған қосымша кірісі;

      3) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе мынадай:

      кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру;

      аэронавигация мен әуежайлар қызметтері салаларындағы реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      4) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы немесе мынадай:

      кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру;

      аэронавигация мен әуежайлар қызметтері салаларындағы реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ведомствосы.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық шығындарды төмендету іс-шараларын өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметаның шығындары баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамауы тұтынушыларға шығын келтірген іс-қимылы деп танылады.

      Ескерту: Осы тармақта реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің қысқаруы деп бекітілген тарифтік сметада көзделген тарифтік кірісті толық алмауға әкеп соғатын тұтынушылар топтары көрсететін қызметтер көлемінің қысқаруы түсініледі.";

      мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органның ведомствосына:

      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың жаңа әдістерін және технологияларын енгізуі туралы құзыретті органның қорытындысы;

      конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;

      көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін тұтынушылармен салыстырып тексеру актілері, берілген төлем шоттары сияқты аталған үнемдеудің және (немесе) реттелiп

      көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін қысқартудың нақты пайдаланылғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындардың баптар бойынша үнемделгенін растайтын материалдарды ұсынады.

      Егер уәкілетті орган мен құзыретті орган бір мемлекеттік орган болып табылған жағдайда, онда табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың жаңа әдістерін және технологияларын енгізгені туралы қорытындыны ұсынбайды.";

      17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК1) мынадай формула бойынша айқындалады:

      НК1 = (Т1 - Т) х V1,мұнда:

      T1 – табиғи монополия субъектiсi нақты қолданған көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге;

      Т – уәкiлеттi органның ведомствосы шешім қабылдау күніне бекiткен тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шектi деңгейi, теңге;

      V1– бұзушылықтар жiберiлген кезең iшiнде табиғи монополия субъектiсi нақты көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi.

      18. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК2) мынадай формула бойынша айқындалады:

      НК2 = Амақсатс.

      мұнда:

      Амақсатс. – бекітілген тарифте және (немесе) тарифтік сметада табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге капитал салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсаттарға бағыттаған амортизациялық аударымдар қаражаты есебінен көзделген қаражат.

      19. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК3) мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      ИПi – тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалмаған і – іс-шарасын толық немесе ішінара іске асыруға инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген шығындар, теңге.

      20. Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК4) мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      Зi – бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген шығындармен салыстырғанда i-бабы бойынша 5 пайыздан асатын шығындарды толық игермеу, теңге.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Негiзсiз алынған кіріс (НК) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      НК = НК1 + НК2 + НК3 + НК4 + НКбекітілген - НКқайт.,

      мұнда:

      НКбекітілген – қолданыстағы уақытша өтемдік тарифті бекіту кезінде ескерілген негiзсiз алынған кіріс, теңге;

      НКқайт. – шешім қабылдау күніне қайтарылатын негiзсiз алынған кіріс, теңге.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уақытша өтемдiк тариф мынадай формула бойынша бір жылға айқындалады:



      мұнда:

      Төтем. – уақытша өтемдiк тариф, теңге;

      Vжыл – бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіндегі реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемi.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Егер уақытша өтемдік тарифті есептеу кезінде тариф теріс мәнмен қалыптасса, уақытша өтемдік тариф үш жылға дейінгі мерзіммен мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      Төтем. – уақытша өтемдік тариф, теңге;

      V – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі;

      n – есептеу кезінде тарифтің қандай кезеңде оң мәнмен қалыптасқанына байланысты болатын уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі.

      24. Уақытша өтемдік тарифті есептеу үлгісі Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларына қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.";

      Көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 24 бұйрығына
қосымша
  Уақытша өтемдік тарифті бекіту
қағидаларына
қосымша

Уақытша өтемдiк тарифтi есептеу үлгiсi

      Бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т – 8 теңге/м3.

      Бекiтiлген тарифте қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V-1000 текше метр (бұдан әрі - м3).

      1. Негiзсiз алынған кіріс (НК) сомасы – 1000 теңге.

      2. Шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған кіріс сомасы айқындалады (НКк):



      мұнда:

      1000 теңге – негiзсiз алынған кіріс сомасы;

      7,5 % – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

      1075 теңге – қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған кіріс сомасы.

      3. Уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      6,93 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады