ЗҚАИ-ның ескертпесі
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу (бұдан әрі – Есептеу) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 55) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ауылшаруашылық санағымен айналысатын интервьюерге түсетін жүктеме нормасын айқындау үшін кезеңдегі жұмыс сағатының орташа саны және ауылшаруашылық санағының объектісі туралы ақпаратты жинауға жұмсалған уақыттың орташа саны жөніндегі деректер пайдаланылады.
Ауылшаруашылық өндірушілерінің мынадай санаттары:
ауылшаруашылық кәсіпорындары және олардың оқшауланған бөлімшелері;
шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер;
халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;
саяжай және бау-бақша шаруашылықтары ауылшаруашылық санағының объектілері болып табылады.
Ауылшаруашылық санағымен айналысатын интервьюерге түсетін жүктеме нормасы келесі формула бойынша есептеледі:
Ni = T(f)/ W (3),
мұндағы
Ni – жалдаудың барлық кезеңіне интервьюерге түсетін жүктеме нормасы (объектінің әрбір типі бойынша жеке) ;
T(f) – жұмыс уақытының қоры (орындалатын жұмыстың ұзақтығына байланысты);
W – санақ парағын толтыруға жұмсалған уақыт.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ауылшаруашылық санағына жататын объектілер саны және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезеңінде интервьюер толтыратын санақ парақтарының саны интервьюерлер санын айқындау үшін бастапқы көрсеткіштер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу үшін интервьюерлердің қажетті саны келесі формула бойынша есептеледі:
K= Nt /Ni(6),
мұндағы
K – интервьюерлердің талап етілетін саны;
Nt – типтері бойынша ауыл шаруашылығы санағы объектілерінің (респонденттерінің) саны;
Ni – жалдаудың барлық кезеңіне интервьюерге түсетін жүктеме нормасы (объектінің әрбір типі бойынша жеке);
Ауыл шаруашылығы санағымен айналысатын интервьюерге тәулігіне түсетін жүктеменің орташа нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:
N1=Ni/Kд
мұндағы
N1 – интервьюерге тәулігіне түсетін жүктеменің орташа нормасы,
Ni – жалдаудың барлық кезеңіне интервьюерге түсетін жүктеме нормасы (объектінің әрбір типі бойынша жеке);
Кд – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалдау күндерінің саны;
Ауыл шаруашылығы санағы үшін интервьюерлердің жалпы саны оларды объектілердің әрбір типі бойынша жеке анықтаудан кейін қосу арқылы айқындалады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Халықтың жұмыспен қамтылуына ай сайынғы статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюер бір айға көрсететін қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
N=26mrp х M (7),
мұндағы
N – бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құны;
26mrp – 26 айлық есептік көрсеткіштер. 26 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
M – айлар саны.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына және шағын шаруа қожалықтары немесе ферма қожалығы және халық шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ай сайынғы статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
N=24mrp х M (8),
мұндағы
N – бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құны;
24mrp – 24 айлық есептік көрсеткіштер. 24 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
M – айлар саны.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Белгілі бір күндер аралығында және кезеңділігі тоқсанына, жылына бір немесе екі рет статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюердің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
N = 35mrp / 21 Dr х D х Р (9),
мұндағы
N – бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құны;
35mrp - 35 айлық есептік көрсеткіш. 35 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
21 Dr – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны;
D – статистикалық байқау жүргізу күндерінің саны;
Р - статистикалық байқауды жүргізу кезеңділігі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тұрғылықты жерін нақтылау және байқауды жүргізуге келісім алу мақсатында респонденттерді алдын ала аралап шығуға (жұмыспен қамту, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы статистикасы бойынша статистикалық байқаулардан және астықтың түсімділігін зерттеу сауалнамасынан басқалары) интервьюердің бір күндік көрсетілетін қызметінің құнын анықтауды есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
ND = 15mrp / 21 Dr (11),
мұндағы
ND – интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;
15mrp – 15 айлық есептік көрсеткіш. 15 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
21 Dr – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Ұлттық санақтардың толық есепке алынуын анықтайтын бақылау құжаты ретінде қызмет ететін елді мекендерде объектілер тізімін құру бойынша алдын-ала аралап шығу кезінде 1-кезең интервьюері көрсететін қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
ND = 27mrp / 21K (12),
мұндағы
ND – интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;
27mrp – 27 айлық есептік көрсеткіш. 27 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
21К – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.
N1 = ND х K1
мұндағы
N1 – бүкіл жалданатын жұмыс кезеңіндегі интервьюер қызметтерінің
құны;
ND –интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;
K1 – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалданған күннің саны;
N2 = N1 / Ni,
мұндағы
N2 – ұлттық санақтардың 1 объектісін аралап шығу құны;
N1 – жұмыстың бүкіл жалданатын кезеңіне интервьюер қызметтерінің құны;
Ni – ұлттық санақтар жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасы.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Елді мекендердегі ұлттық санақтар объектілеріне сауал салу жүргізу кезінде 2-кезең интервьюері қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
ND = 33mrp / 21K (13),
мұндағы
ND – интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;
33mrp – 33 айлық есептік көрсеткіш. 33 айлық есептік көрсеткішке: көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген әлеуметтік төлемдер кіреді.
21К – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.
N1 = ND х K1,
мұндағы
N1 – бүкіл жалданатын жұмыс кезеңіне интервьюер қызметтерінің құны;
ND –интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;
K1 – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалданатын күндер саны;
N2 = N1 / Ni,
мұндағы
N2 – ұлттық санақтардың 1объектісін аралап шығу құны;
N1 – бүкіл жұмыс кезеңінде жалданатын интервьюер қызметтерінің құны;
Ni – ұлттық санақтар жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасы.";
мынадай мазмұндағы 21-2 және 21-3-тармақтармен толықтырылсын:
"21-2. Респондент Қазақстан Республикасының Ұлттық санағынан интернет желісі арқылы онлайн режимде өткен кезде және оның ұлттық санағынан өткені туралы хабарламасы болған кезде ұлттық санақтардың 1 объектісін аралау құнының 50% мөлшерінде ұсынылған әрбір хабарлама үшін интервьюерге ақы төлеу белгіленсін.
21-3. Интервьюер респондентке 3 реттен артық барған кезде (сұралатын адамның болмауы, мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы), интервьюерге ұлттық санақтардың 1 объектісін аралау құнының 50% мөлшерінде төлем белгіленсін. Бұл ретте интервьюердің респондент мекенжайына бару фактісі расталатын, сапардың координаттары мен уақытын автоматты түрде белгілейтін GPS-трекер пайдаланылуымен бекітілуі қажет.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Есептің 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарында тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдары жоқ елді мекендерде интервьюерлермен сауалнама жүргізу кезінде белгіленген тәртіппен арнайы автокөлік пайдаланылады.".
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты басшылық ету және жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жетекшілік ететін басшы орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының міндетін атқарушы |
Ә. Шауенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі