"Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18135 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) және алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және (немесе) анықтығына жауапты адамдардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электрондық түрде;

      2) қағаз жеткізгіште;

      3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      4) интервьюермен жеке сауал салуды жүргізу кезінде ұсынылады.

      Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арнасы арқылы ұсынылады.

      Қағаз жеткізгіштердегі статистикалық нысандар қолма-қол немесе пошталық байланыс қызметтері арқылы ұсынылады. Ұсыну күні пошталық байланыс қызметінің пошталық штемпелінде көрсетілген жөнелту күні болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Графикте көрсетілген аталған есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің соңғы аяқталу күнінен кешіктірмей, статистикалық нысандардың орнына Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде тиісті мемлекеттік статистика органына ұсынады. Осы қағиданың 2-қосымшасында келтірілген Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізбесінде көрсетілген статистикалық нысандарды қоспағанда, Қызметінің болмағандығы туралы хабарламада қызметінің болмау себептері мен аталған қызмет жүзеге асырылмаған мерзім көрсетіле отырып, кезеңділікке сәйкес келетін барлық статистикалық нысандар көрсетіледі.

      Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық қолтаңбаны пайдаланумен "Респонденттің кабинеті" арқылы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама электронды түрде ұсынылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Респондент мемлекеттік статистика органдарына бұрын ұсынған статистикалық нысандар бойынша қателерін өзі анықтаған кезде, респондент қателерді екі жұмыс күні ішінде түзетеді және осы Қағидалардың 21 және 21-1-тармақтарына сәйкес мемлекеттік статистика органдарына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік статистика органдары респонденттер ұсынған статистикалық нысандардан қателер тапқан кезде, мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау мақсатында, Заңның 12-2-бабының тәртібіне сәйкес мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік статистика органдары анықтаған қателер бойынша статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын респондент Заңның 12-2-бабының 9-тармағында белгіленген мерзімдерде және осы Қағидалардың 21 және 21-1 тармақтарына сәйкес ұсынады.";

      21 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік статистика органына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынған жағдайда, статистикалық нысан "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.";

      Мынадай мазмұндағы 21-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Мемлекеттік статистика органына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын электронды түрде ұсынған жағдайда респондент, Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсының "он-лайн режимде деректерді жинау" бөлімінен "Респонденттің кабинеті" арқылы басып шығарылған статистикалық нысанның қағаз нұсқасын ұсынады. Статистикалық нысанның басып шығарылған қағаз нұсқасына өзгерістер енгізіледі және "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, түзету күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.";

      22-тармақ алынып тасталсын;

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаға сәйкес Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      КЕЛIСIЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қызметінің жоқтығы туралы хабарлама

  _________________облысының
(қаласының, ауданының)
мемлекеттік статистика органы

      Жеке немесе заңды тұлғаның атауы _______________________,

      ЖСН немесе БСН коды _____________, ЭҚЖЖ _____________,

      (статистикалық нысан атауы) _______ (индексі __________, кезеңділігі ________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ай, тоқсан және (немесе) жыл ішінде _________________________________ жағдайға байланысты қызмет жүргізілмейтінін хабарлайды.

      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан ______________ облысының (қаласының, филиалының) мемлекеттік статистика органына __________ айынан және (немесе) тоқсанынан (қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын болады.

      Басшы ______________________________________________________/___________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер ________________________________________________/___________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      ______________________________/_________________/________________________

                        мекеменің нақты мекенжайы телефон нөмірі электрондық пошта

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізімі

      1) "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      2) "Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет);

      3) "Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп" (индексі 1-Т (Еңбек жағдайы), кезеңділігі жылдық);

      4) "Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп" (индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет);

      5) "Өндірістік қуаттар теңгерімі" (индексі БМ, кезеңділігі жылдық);

      6) "Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп" (индексі 2-МП, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      7) "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      8) "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық);

      9) "Дара кәсіпкердің қызметі туралы есеп" (индексі 1-ИП, кезеңділігі екі жылда бір рет);

      10) "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп" (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық);

      11) "Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп" (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық);

      12) "Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп" (индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық);

      13) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық);

      14) "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп" (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет);

      15) "Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы);

      16) "Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы" (индексі 1-СПК, кезеңділігі тоқсандық);

      17) "Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы" (индексі 1-СЗЦ, кезеңділігі тоқсандық);

      18) "Теміржол желісінің пайдаланымдылық ұзындығының қашықтығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп" индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады