Астана қаласы әкімдігінің ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабы 5)-тармағына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 569-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қоса бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының шешімдері күшін жойды деп танылсын:
2009 жылғы 21 желтоқсандағы №286/42-IV "Су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 612 болып тіркелген, "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде 2010 жылғы 30 қантарда жарияланған);
2015 жылғы 24 маусымдағы № 383/54-V "Су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 286/42-IV шешiмiне өзгерiс енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 929 болып тіркелген, "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде 2015 жылғы 1 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Е. Сыдықов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 340/42-VI шешіміне қосымша |
2017 жылғы инфляция коэффициентін (бірлікке келтірілген) ескеруімен есептелген Астана қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары
Арнайы су пайдалану түрі | Тұрғын-үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер (теңге/1000 тек.м) | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 тек.м) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 тек.м) | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 тек.м) | Гидроэнергетика (теңге/1000 кВт/сағ) | Су көлігі (теңге/1000 т/км) | |
1. | Есіл өзенінің бассейні | 118,13 | 327,27 | 92,95 | 92,95 | 32,92 | 9,68 |
2. | Нұра өзенінің бассейні | 131,68 | 375,68 | 108,44 | 102,63 | − | − |
Ескерту: нормативтік ставкалар жыл сайын ағымдағы жылдың инфляция деңгейіне қатысты индекстеледі.