Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 177 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 272 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 маусымда № 7882 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 09.04.2019 № 380 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 177 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы
С. Байгабулов
      Қостанай
аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Қостанай ауданы

      Глазунов ауылдық округінің әкімі

      __________________ Б. Нургазин

  Мәслихаттың
2018 жылғы 30 мамырдағы
№ 272 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 177 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазуновка ауылының тұрғындарына

60

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындарына

39

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындарына

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады