Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 8340 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 177 (2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 болып тіркелген);

      2) "Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 177 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 272 (2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7882 болып тіркелген).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 380 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің (бұдан әрі - Айсары ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Айсары ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Айсары ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Айсары ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Айсары ауылдық округінің ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Айсары ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Айсары ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Айсары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Айсары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Айсары ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Айсары ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Айсары ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 380 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 25.02.2020 № 487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Айсары ауылының тұрғындары үшін

60

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындары үшін

39

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындары үшін

3

4

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Половниковка ауылының тұрғындары үшін

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады