Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 177 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 4612 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 09.04.2019 № 380 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы
С. Кульбеков
      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы Қостанай ауданы

      Глазунов ауылдық округінің әкімі

      ___________________ Е. Бекишев

  Мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 177 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы
Глазунов ауылдық округінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің (бұдан әрі - Глазунов ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Глазунов ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Глазунов ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Глазунов ауылдық округінің әкімімен шақырылады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Глазунов ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Глазунов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Глазунов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Глазунов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Глазунов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Глазунов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Глазунов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 177 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 30.05.2018 № 272 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазуновка ауылының тұрғындарына

60

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындарына

39

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындарына

3

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады