Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 318 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 қазанда № 8055 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 479 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.02.2020 № 479 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 174 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы
Б. Бурашев
      Қостанай
аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Қостанай

      ауданы И.Ф. Павлов атындағы

      ауылының әкімі

      ________________ Р. Кембаев

  Мәслихаттың
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 318 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының (бұдан әрі - И.Ф. Павлов атындағы ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және И.Ф. Павлов атындағы ауылы көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. И.Ф. Павлов атындағы ауылының аумағындағы көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды И.Ф. Павлов атындағы ауылының әкімі шақырады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді И.Ф. Павлов атындағы ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды И.Ф. Павлов атындағы ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      И.Ф. Павлов атындағы ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін И.Ф. Павлов атындағы ауылының көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін И.Ф. Павлов атындағы ауылының көшелер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны И.Ф. Павлов атындағы ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 318 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылы көшелерінің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы И.Ф. Павлов атындағы ауылының көшелер тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Павлов көшесі

15

2

Школьная көшесі

10

3

Молодежная көшесі

10

4

Урожайная көшесі

5

5

Юбилейная көшесі

1

6

Целинная көшесі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады