Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 262/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қазанда № 6083 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы "Рекомбинанттық интерферон гамма 1- "Имукин" сөздері мен саны "Интерферон альфа - 1 b - "Ингарон" сөздерімен және санымен ауыстырылсын;

      1-қосымша мынадай мазмұндағы 8, 9 жолдармен толықтырылсын:

      "

8

Вегенер Гранулемотозы

Препарат:
"Ритуксимаб (Мабтера)".

9

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Препарат:
"Пирфенидон (Эсбриет)".

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Әбішев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы О. С. Мұқашев
      2018 жылғы "26" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады