Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 1/28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 5920 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 болып тіркелген, 2014 жылдың 12 сәуірінің аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Май ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімінің қосышасына сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.У. Кәрімов
      Мәслихаттың хатшысы Ғ.Т. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/28 шешіміне
қосымша
  Май аудандық мәслихатының
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 1/30 шешімімен
бекітілген

Май ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар). Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді

1 - тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Май аудандық бөлімшесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкiлеттi орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта бір рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Май ауданының аумағында тұрақты тұратын, келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген тұлғаларға, атап айтқанда:

      екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғаларға;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - ЧАЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар, атап айтқанда:

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға басқа да санаттары, атап айтқанда:

      қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екiншi рет некелеспеген әйелдерiне (күйеулерiне);

      ҰОС жылдарында тылда атқарған қажырлы еңбегi, мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалситік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған тұлғаларға;

      5) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғаларға;

      6) ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:

      жалғыз басты және жалғыз тұратын тұлғаларға;

      80 жасқа толған және одан да асқан тұлғаларға;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1 топтағы мүгедектерге;

      2 топтағы мүгедектерге;

      қәмелеттік жасқа толмаған баласы (балалары) бар мүгедектерге;

      арбаға таңылған мүгедектерге;

      8) бір адамға шаққандағы табысы белгіленген күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын, облыстың жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім-балаларға;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:

      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуінде тұрған, табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтарға;

      бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғаларға;

      ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға, атап айтқанда өрт немесе табиғи апат;

      ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға, атап айтқанда ұзақ (1 айдан аса) ауру;

      кірісі күнкөріс деңгейінен аспайтын 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты дер кезінде есепке тұрған, жүкті әйелдерге;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын кәмелеттік жасқа толмаған, төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға;

      жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларына;

      жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын, кәмелеттік жасқа толмаған, төрт және одан да көп бірге тұратын балалары бар отбасыларына;

      10) әлеуметтiк манызы бар аурулармен ауратын азаматтарға, атап айтқанда:

      онкология ауруларынан зардап шегуші тұлғаларға;

      туберкулездің әртүрлі формаларынан зардап шегуші тұлғаларға;

      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегуші тұлғаларға;

      9. Уәкілетті орган кірісін есептемеусіз көрсетеді:

      1) атаулы және мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:

      Жеңіс күніне орай осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйымымен келісілген тізім негізінде;

      Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында жетінші абзацта көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағиданың 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйымымен келісілген тізім негізінде;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшасында бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйымымен келісілген тізім негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға мерзімді басылымдарға жазылу үшін өтініш негізінде - 3 (үш) айлық есеп көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшасында бесінші абзацта көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне пандус орнатудың нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар мен бірге, мүгедек статусын растайтын құжаты негізінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшасында төртінші абзацта көрсетілген санаттарға екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар мен бірге, мүгедек статусын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі негізінде - 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында екінші абзацта көрсетілген санаттарға екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, бас бостандығынан айыру орнынан босағаны туралы анықтамасы негізінде - 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында үшінші абзацта көрсетілген санаттарға оқиға болған күнінен бастап үш айдың ішінде жеке өтініш берсе - 60 (алпыс) АЕК дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттарға екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде - 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында екіншщі абзацта көрсетілген санаттарға, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, туберкулез ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде - 7 АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында үшінші абзацта көрсетілген санаттарға екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде - 7 АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшыларында және 7) тармақшасында бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші негізінде - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшаларында бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, мүгедектігін растайтын анықтама негізінде - 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 8-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық тұрмыстық қызметін өтеу үшін, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, статусын растайтын құжат негізінде - 3,6 (үш бүтін алты) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшасында бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, статусын растайтын құжат негізінде - 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 2) тармақшасында екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға денсаулығын жақсарту үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, статусын растайтын құжат негізінде - 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 8-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек алу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, статусын растайтын құжат негізінде – 1 (бір) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрмыстық-коммуналдық кызметін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, статусын растайтын құжат негізінде – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында екінші абзацта көрсетілген санаттарға

      амбулаторлық емделу кезінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, амбулаторлық емделуде деген медициналық анықтама негізінде - тамақтануға 6 (алты) АЕК мөлшерінде және жүріп-тұруына 1 (бір) АЕК мөлшерінде;

      жүріп-тұру шығындарын өтеу:

      осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттарға Павлодар облыстық онкология диспансеріне дейін және тұрақты жеріне дейін жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы онколог-дәрігер берген анықтама, жүріп-тұрғаның растайтын құжаттар негізінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 7) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттарға ата-аналарының біріне немесе қамқоршысына нысаналы пунктке дейінгі және тұрақты тұратын жеріне кері қайтқандағы жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, мүгедек статусын растайтын құжаты, баланың туу туралы куәлігі, тексерілуге, немесе емделуге жолдама негізінде.

      10. Уәкілетті орган кірісін ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттарға жерлеу рәсімдері үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші негізінде, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, - 15 (он бес) АЕК мөлшерінде (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында төртінші абзацта көрсетілген, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын санаттарға, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, медициналық мекемесінін анықтамасы негізінде - 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында бесінші абзацта көрсетілген санаттарға, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, медициналық мекеменің жүктілігіне байланысты есепке тұрғаны жөнінде анықтама негізінде - 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында алтыншы абзацта көрсетілген санаттарға, алты айдан аса мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына жеке шарушылығын дамыту үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, сатып алу-сату шарты, малдын ветеринарлық паспорты негізінде - 100 (жүз) АЕК дейін;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында сегізінші абзацта көрсетілген санаттарға қатты отын алу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші негізінде, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге - 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында сегізінші абзацта көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші негізінде, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге - 60 (алпыс) АЕК дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 8-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге, жеке өтініші, білім беру қызметін көрсету үшін үш жақты шарты негізінде оқу төлем ақысын нақты төлем ақы мөлшерінде жартыжылда бір рет және жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге ай сайынғы - 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысының тыс жерінде оқитын осы Қағиданың 8-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек;

      осы Қағиданың 8-тармағының 9) тармақшасында төғызыншы абзацта көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі ұйымдарға қатысатын балаларға ата-аналық төлем төлеу, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге және мектепке дейінгі ұйымының анықтамасы негізінде - 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органы бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидамен бекіткен нысанда адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидамен бекітілген 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын

      алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4 - тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелері

      25. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Май ауданы аумағы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5 - тарау. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады