Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 23-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 5273 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 29.01.2020 № 40-9 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңының 6 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы міндетін атқарушы А.Әубекеров
      Қалалық мәслихат хатшысы А.Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2018 жылғы 15 маусымдағы
№23-4 шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 24.12.2018 № 27-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге/айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алып тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

215,00

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алып тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

219,05

3

Заңды тұлғалар үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

3

160,26


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады