Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 23-4 "Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 27-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5487 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 29.01.2020 № 40-9 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №23-4 "Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5273 тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Тілемісов
      Мәслихат хатшысы А.Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 27-10 шешіміне қосымша
  Орал қалалық мәслихатының
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ 23-4 шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге/айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алып тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

215,00

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алып тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

219,05

3

Заңды тұлғалар үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

3

160,26

      Аббревиатураның толық жазылуы:
м3– текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады