"Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24862 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады;";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      жерасты газ қоймасы-тауарлық газды маусымдық біркелкі емес тұтыну кезеңінде жеткізуді қамтамасыз ету үшін газдың технологиялық қоры сақталатын, магистральдық газ құбырының бөлігі болып табылатын, жерүсті жабдығы бар кешендегі жерасты құрылыстары;

      тауарлық газды қабылдау пункті-әдетте тауарлық газды есепке алу аспабымен жарақтандырылған, тұтынушы тауарлық газды жеткізетін жерасты газ қоймасында болатын газды жеткізу пункті, одан кейін тауарлық газ жерасты газ қоймасына сақтауға тікелей айдалады;

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "су тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайтын нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың мөлшері;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеменің теңіз портына, кейіннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге де мақсаттарда кіргені үшін теңіз портының (кеме кірісі) қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне ақы төлеуді тасымалдаушы есепті айдың әрбір онкүндігі басталғанға дейін оператордың кіріс шотына жүк тасымалының мөлшерлес бөлінген айлық көлемінен 100% алдын ала төлем шартымен күнтізбелік он күнде бір рет жүргізеді";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суды магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолға жылжымалы құрамды жіберу кезінде тасымалдаушы концессионерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) сәйкес жылжымалы құрамға есептке алу құжатын ұсынады.";

      22-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 тамызда № 19188 болып тіркелген) және теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген теміржол жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың орындалуын қамтамасыз етуге;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      7-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өнім беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары) және осы Шартта көзделген жағдайларда, оның ішінде мынадай:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жабдықты жөндеу және (немесе) жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажет болған және резервтік қорек болмаған кезде Тұтынушыны ажырату тәртібі Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес көзделеді.";

      19-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес Тұтынушылардың сақтауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және оларды салыстырып тексеруді ұйымдастыруға;".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады