"Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жұмағалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 201 жылғы 13 тамыздағы № 194/НҚ бұйрығымен бекітілді |
Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16-1) тармақшасына
сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Есептеу әдістемесі тек ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) және/немесе қаржылық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ҚЭН) әзірлеу және түзету сатысында бюджетті жоспарлау кезеңдерінде және кез келген меншік нысанындағы ұйымдармен ғарыш саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қолданылады. Есептеу әдістемесі инвестициялық шығындарды айқындау, сатылар, құрамдас бөліктер мен қаржыландыру көздері бойынша қаржыландыру қажеттігін бөлу, пайдалану шығындарын, өзіндік құнын есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында көрсетілген өзге де қаржы көрсеткіштерін есептеу үшін пайдаланылады.
3. Осы Есептеу әдістемесінде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) амортизация – негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнын олардың физикалық және сапалық тозуына қарай, өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына бөліп ауыстыру;
2) арнайы бағдарламалық қамтылым – белгілі бір сыныптағы міндеттерді шешу үшін әзірленген және құрылған бағдарламалар санаты;
3) ғарыш аппараттарын ұшыру (бұдан әрі – ҒА ұшыру) – ғарыш аппаратын тасымалдағыш зымыранның көмегімен берілген орбитаға шығару;
4) ғарыш аппараты (бұдан әрі – ҒА) – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
5) ғарыш жүйесі – ғарыш кеңістігінде міндеттерді шешуге арналған функционалды-өзара байланысқан орбиталды және жерүсті техникалық құралдар жиынтығы;
6) ғарыш инфрақұрылымы объектілері – жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері мен ғарыш объектілері;
7) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін дамыту – ғылыми-зерттеу жұмыстарын, техникалық объектілерді құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін процестерді құруды және/немесе ғарыш инфрақұрылымының жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғыртуды қамтитын іс-шаралар кешені;
8) ғарыш инфрақұрылымы объектісін өндіруге арналған еңбек сыйымдылығы (бұдан әрі – еңбек сыйымдылығы) – ғарыш инфрақұрылымы объектісін өндіруге арналған адам-айлармен өлшенетін жұмыс уақытының саны;
9) орындаушы ұйым – ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құру, пайдалану және дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
10) өндірістік шығыстар – өндірілетін өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дайындаумен байланысты шығындар;
11) сыртқы ұйымдардың қызметі – үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер;
12) техникалық қолдау – ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланушыларға оларды пайдалану барысында конструкторлық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің пайдалану және техникалық сипаттамаларын қамтамасыз ету бөлігінде көмек көрсету, қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін және ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің нысаналы мақсаты бойынша үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында штаттан тыс жағдайларға уақтылы ден қою үшін қажетті іс-шараларды ұйымдастыру;
13) іске қосу-баптау жұмыстары – құрылыс объектілерінде монтаждалған жабдықты пайдалануға беру жөніндегі іс-шаралар кешені.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындардың түрлерін жіктеу
4. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды анықтауға:
1) нормативтік-техникалық құжаттама (ҚР СТ, ҚР МЕМСТ, ІSO және т.б.);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12090 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5, 10 және 11-тармақтарына сәйкес орындалған жұмыстар бойынша құжаттама негіз болады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындар инвестициялар құрылымына және орындаушы ұйымдардың қызметін жоспарлау тәртібіне сәйкес:
1) инвестициялар (күрделі шығындар) құрылымына сәйкес Қағидалардың 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 33, 37, 39-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға арналған шығындарды қамтитын ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға және/немесе дамытуға;
2) орындаушы орындайтын және оның Қағидалардың 23, 33, 37, 39-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға арналған шығындарын қамтитын ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға бағытталған өндірістік шығындардан тұрады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Өндірістік шығындардың құрамына:
1) өндіріс ішіндегі шығындар;
2) кедендік төлемдер және тиісті салықтарды қосқанда, баға ұсыныстары негізіндегі мердігерлер жұмыстарының құны;
3) баға ұсыныстары негізінде ҒА ұшыру және/немесе іске қосу-баптау жұмыстарының құны;
4) орташа нарықтық бағалар негізінде есеп айырысу жолымен ҒА ұшырудан бастап орбитаға шығаруға дейінгі аралықтағы сақтандыру құны;
5) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға арналған шығындарды айқындау кезіндегі өзге де шығындар, олар:
пайдалану кезеңінде ғарыш жүйесін сақтандыруға арналған шығындардан;
ҒА басқаруды авторлық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерге арналған шығындардан;
ҒА пайдалануды техникалық қолдау жөніндегі қызметтерге арналған шығындардан тұрады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өндіріс ішіндегі шығындар құрамына:
1) сағаттық мөлшерлемелерді пайдалана отырып, жоба бойынша өндірістік жұмыс күшіне арналған шығыстар ретінде ескерілуі мүмкін адами ресурстарды қамтитын өндірістік жұмыс күшіне арналған шығындар;
2) түрлендіруге және құрастыруға жататын, шикізаттарды, механикалық бөлшектерді, жартылай фабрикаттарды немесе электрлік/электрондық бөлшектерді қоса алғанда, материалдарға арналған шығындар;
3) жобаны жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық жабдықтың, аспаптардың, құрылғылардың, арнайы бағдарламалық қамтылымның амортизациясына арналған шығындар;
4) жобаны жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық жабдықтарды, аспаптарды, құрылғыларды, арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алуға немесе жалға алуға арналған инвестициялық шығындар;
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығындар;
6) ғарыш инфрақұрылымы жобаларын іске асыру үшін қажетті өндірістік алаңдарды және/немесе негізгі құралдарды жалға алуға арналған шығындар;
7) құрылыстар мен құрылғыларды жалға алу, сарапшыларды, компьютерлік қызметтерді жалдау, мемлекеттік және басқа да сараптамалар жүргізу, рұқсаттар мен сертификаттар алу, телімді сатып алу және рәсімдеу, алаңды мақсатты пайдалануға дайындаудан тұратын сыртқы ұйымдардың өзге де шығындары кіреді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.06.2023 № 184/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Кедендік төлемдер және тиісті салықтарды қосқанда, баға ұсыныстарының негізінде мердігерлер жұмыстарының құны мыналарды:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын;
2) объектілерді, ғарыш жүйелерін және құрамдас бөліктерін эскиздік және жұмыстық (егжей-тегжейлі) жобалауды;
3) технологиялық жабдықтарды, жүйелерді және олардың құрамдас бөліктерін дайындауды;
4) технологиялық жабдықтарды, жүйелерді және олардың құрамдас бөліктерін монтаждауды;
5) мердігерлік шарттарда көзделген инженерлік жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтандыру және байланыс құралдарын, құрал-саймандарды, құрал-жабдықтарды, мөртабандарды, құрылғыларды, жарақтарды, қосалқы бөлшектерді, арнайы контейнерлерді жеткізуді және басқа да шығындарды қамтиды.
9. Баға ұсыныстарының негізінде ҒА іске қосу және/немесе іске қосу-реттеу жұмыстарының құнына:
1) ҒА ұшыру құны;
2) зауыттық, іске қосу алдындағы және орбиталық сынақтарды жүзеге асыру уақытына арналған шығындар (іске қосылған персоналға арналған шығындарды және шығыс материалдарды қоса алғанда);
3) жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері үшін пайдалануға беру кезеңіндегі іске қосу-баптау жұмыстарына арналған шығындар (іске қосылған персоналды, шығыс материалдарын және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға беруге байланысты басқа да шығындарды қоса алғанда) кіреді.
10. Баға ұсыныстары негізінде немесе есеп айырысу жолымен ҒА ұшыру сәтінен бастап орбитаға шығаруға дейінгі сақтандыру шығындары.
3-тарау. Ғарыш жүйелері объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындарды анықтау тәртібі
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысатын орындаушы ұйым шығындарды айқындау бойынша есеп айырысуды мынадай жолмен жүзеге асырады.
1-параграф. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесі
13. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындарды есептеуге арналған барлық формулалар қолда бар ғылыми-техникалық бағыттағы ғарыш жүйесін құру тәжірибесі негізінде алынған.
14. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындар (1) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау құны, теңге;
– жобаның өндірістік шығындары, теңге;
– Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосымша құнға салынатын салық, пайыз.
Жобаның өндірістік шығындары (2) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– жобаның өндірістік шығындары, теңге;
– і жылғы жобаның өндірістік шығындары, теңге;
n – жобаны іске асырудың жалпы мерзімі, жыл.
і жылғы жобаның өндірістік шығындары (3) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы жобаның өндірістік шығындары, теңге;
– і жылғы жобаның өндіріс ішіндегі шығындар, теңге;
– кедендік төлемдер мен тиісті салықтарды қоса алғанда, і жылы мердігерлер жұмысының құны, теңге;
– і жылғы ҒА ұшыру және/немесе іске қосу-реттеу құны, теңге;
– і жылғы ҒА сақтандыру құны, теңге;
– і жылғы ҒА басқару бойынша авторлық сүйемелдеу шығыны, теңге;
– і жылғы ҒА пайдалануды техникалық қолдау қызметінің шығындары, теңге;
Пн – орындаушы ұйымның баға белгілеу саясатына сәйкес пайда нормасы, бірақ жоба сомасының 30%-нан аспауы тиіс, пайыз.
і жылғы өндіріс ішіндегі шығындар (4) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы өндіріс ішіндегі шығындар, теңге;
– і жылғы орындаушы-ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың жұмысының орташа құны, теңге/адам·ай;
– і жылғы жобаның еңбек сыйымдылығы, адам·ай;
– баға ұсыныстарына сәйкес і жылы жобаны іске асыруға арналған материалдар құны (құралдар, жиынтықтауыштар, шикізаттар), теңге;
– орындаушы-ұйымның Есеп саясатына сәйкес і жылғы активтер амортизациясы бойынша шығындар, теңге;
– і жылғы негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар, теңге;
– і жылғы материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар, теңге;
– і жылғы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығындар, теңге;
– баға ұсыныстары негізінде і жылғы жобаны іске асыруға қажетті өндірістік алаңдарды жалға алуға және/немесе негізгі құралдарға арналған шығындар, теңге.
– і жылғы сыртқы ұйымдар қызметіне шығындар, теңге.
Кеден және салық шығындарын қосқанда і жылғы мердігерлер жұмысының құны (5) формуласымен айқындалады:
мұнда:
– кедендік және салықтық шығындарды қосқанда і жылғы мердігерлер жұмысының құны, теңге;
– і жылғы құрылыс-монтаж жұмыстары, теңге;
– і жылғы ғарыш жүйелері мен қосалқы бөлшектердің эскиздік және жұмыстық (егжей-тегжейлі) объектілерін жобалау, теңге;
– і жылғы технологиялық құрылғыларды, жүйелерді және қосалқы бөлшектерді дайындау, теңге;
– і жылғы технологиялық құрылғыларды, жүйелерді және қосалқы бөлшектерді монтаждау, теңге;
– і жылғы мердігерлік шарттарда көзделген инженерлік жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтандыру және байланыс құралдарын, құрал-саймандарды, құрал-жабдықтарды, мөртабандарды, құрылғыларды, жарақтарды, қосалқы бөлшектерді, арнайы контейнерлерді жеткізу және басқа да шығындар, теңге.
Баға ұсыныстарының негізінде ҒА ұшыру және/немесе іске қосу-реттеу жұмыстарының құны (6) формуласымен айқындалады:
мұнда:
– і жылғы баға ұсыныстарының негізінде ҒА ұшыру және/немесе іске қосу-реттеу жұмыстарының құны, теңге;
– і жылғы ҒА ұшыру құны, теңге;
– і жылғы зауыттық, алдын ала және орбиталдық сынақ құны, теңге;
– і жылғы ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілері үшін пайдалану кезеңінде іске-қосу баптау шығындары, теңге;
і жылғы орындаушы ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың орташа құны (7) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы орындаушы-ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың орташа құны, теңге/адам·ай;
– і жылғы өндірістік персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам·ай;
– і жылғы өндірістік персоналдың жалақысына салынатын салық, теңге/адам·ай;
– і жылғы өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан төлем, теңге/адам·ай;
– і жылғы орындаушы-ұйымның 1 адамына есеппен ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар, теңге/адам·ай;
– і жылғы өндірістік персоналдың саны, адам.
Өндірістік персоналдың жалақысы (8) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы өндірістік персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам·ай;
– і-1 жылғы өндірістік персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам·ай;
– жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы 3 жыл ішіндегі инфляцияның орташа мөлшері, пайыз.
Персоналдың жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы жылғы атаулы орташа айлық жалақысы "Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі мамандықтар (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы" деректерінің негізінде, статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған соңғы аяқталған жылы жобаны іске асырудың нақты орны үшін қызметтің тиісті түрі бойынша анықталады.
і жылғы ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар (9) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар, теңге/адам·ай;
– і жылғы қосалқы персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам·ай;
– і жылғы қосалқы персоналдың жалақысына салынатын салық, теңге/адам·ай;
– і жылғы қосалқы персоналдың жалақысынан төлемдер, теңге/адам·ай;
– і жылғы қосалқы персоналдың саны, адам;
– і жылғы электр энергияға арналған шығындар, теңге.
Қосалқы персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы (10) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы қосалқы персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам·ай;
– і-1 жылғы қосалқы персоналдың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам·ай;
– жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы 3 жыл ішіндегі инфляцияның орташа мөлшері, пайыз.
Қосалқы персоналдың жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы жылғы атаулы орташа айлық жалақысы "Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі мамандықтар (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы" деректерінің негізінде, статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған соңғы аяқталған жылы жобаны іске асырудың нақты орны үшін қызметтің тиісті түрі бойынша анықталады.
і жылғы жобаның еңбек сыйымдылығы (11) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– і жылғы жобаның еңбек сыйымдылығы, адам·ай;
– і жылғы жобаның өндірістік персоналдың саны, адам;
– і жылғы жобаны іске асыратын айлардың саны, ай.
2 параграф. Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға арналған шығындарды есептеу әдістемесі
15. Жылына ғарыш жүйесінің 1 объектісін пайдалануға арналған шығындар (12) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
- пайдалану шығындары, теңге;
– ғарыш жүйесін пайдаланумен тікелей байланысты негізгі өндіріс шығындары, теңге;
- ғарыш жүйесін пайдаланумен байланысты өзге де шығындар, теңге.
Жылына негізгі өндіріс шығындары (13) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– жылына негізгі өндіріс шығындары, теңге;
– өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы, теңге;
– өндірістік персоналдың еңбекақы қоры, теңге;
– салықтар, алымдар және бюджетке басқа аударымдар, теңге;
– ғарыш жүйесін пайдаланумен тікелей байланысты өзге де шығындар (ғарыш аппаратын пайдалануды техникалық қолдау қызметтері, ғарыш аппаратын басқару бойынша авторлық сүйемелдеу қызметтері, пайдалану кезеңінде ғарыш жүйесін сақтандыру, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу, электр энергия, қорлар және басқалар), теңге.
Ғарыш жүйесін пайдаланумен байланысты өзге де операциялық шығындар (14) формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– жүйені пайдаланумен байланысты өзге де операциялық шығындар, теңге;
– қызметтерді іске асыру жөніндегі шығындар, теңге;
– өзге де шығындар (орбитада тәжірибелік пайдалану кезінде ҒА-ны сақтандыру, техникалық-технологиялық параметрлердің өзгеруі есебінен ҒА-ның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері құнының өзгеруі), теңге.