"Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19311 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17520 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қазанда электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 389 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 8 қазандағы
№ 548 бұйрығымен
бекітілген

Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың білім алуы үшін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар - Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс аймақтарда тұратын этникалық қазақтар;

      4) оқу үлгерімінің орташа балы (GPA - Grade Point Average (Грейд Пойнт Эверейдж)) - аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

      5) стипендия - білім алушыларға олардың тамақтануына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

      6) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық ЖЖОКБҰ-да шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар.

2-тарау. Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі

      3. Стипендиялық бағдарламалардың операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады (бұдан әрі - оператор).

      4. Оператор өзінің порталында үміткерлерден құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарландыруды құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын орналастырады.

      5. Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылғы 1 наурыз бен 1 маусым аралығында.

      6. Оператор стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдауды оператордың порталы арқылы онлайн-режимде жүзеге асырады.

      7. Үміткер бакалавриат, магистратура, PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін оператор порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптімен қоса) және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы (бакалавр деңгейін алуға үміткерлер үшін - орта білімді кәуландыратын құжаттың үлгерімдік орташа балы кемінде "жақсы" бағасы; магистр деңгейін алуға үміткерлер үшін - кемінде 2.33 (4.0-ден) GPA орташа балымен бакалавр немесе маман дипломы немесе оның білім беру ұйымдарында алған баламасы; PhD доктор деңгейін алуға үміткерлер үшін - кемінде 2.33 (4.0-ден) GPA орташа балы магистр дипломы немесе оның білім беру ұйымдарында алған баламасы;

      3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;

      4) үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;

      5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;

      6) толтырылған сауалнама;

      7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).

      8. PhD докторантура білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін үміткер операторға қосымша келесі құжаттарды ұсынады:

      1) диссертациялық зерттеу тақырыбына оқу тіліндегі негіздеме (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде);

      2) шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) - кемінде 138 балл),

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 32),

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 400,

      Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) - шекті балл - кемінде 47),

      International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл - кемінде 4.5);

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue français - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue français - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du français - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 400 балл).

      Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.

      9. Тұлғаларды оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген), сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат нострификация рәсімінен өтеді.

      10. Оператор үміткерлер ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкестігін құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді.

      11. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлер бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеуге рұқсат алады.

      Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда үміткерге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, үміткерге стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін қайта тіркеуден өту мүмкіндігі беріледі.

      12. Оператор үміткерлердің бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеуді, сондай-ақ онлайн-әңгімелесуді жүргізеді.

      Бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеу 80 сұрақтан тұрады, өту уақыты - 120 минут, өту мерзімі бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеуге рұқсат алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн.

      Онлайн-тестілеудің нәтижесі порталда "Тестілеу" бөлімінде атауы, тест түрі, жинаған балы, өткізілген уақыты, тапсыру күні көрсетіле отырып шығарылады. Онлайн-тестілеуден өткеннен кейін оператор үміткерге күні мен уақыты көрсетілген онлайн-әңгімелесуді өткізу бойынша хатты үміткер көрсеткен поштаға жібереді.

      Осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес стреске төзімділіктің орта немесе жоғары деңгейімен баға алған үміткерлер онлайн-әңгімелесуге жіберіледі.

      Онлайн-әңгімелесу оператор порталында "Вебинар" бөлімінде жүргізіледі. Үміткер құжаттарды тапсыру барысында порталда онлайн-әңгімелесу тілін өзі айқындайды.

      13 "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаларға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      14. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссияның төрағасы жетекші ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның вице-министрі болып табылады.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және күнтізбелік жылғы 29 тамызға дейін өткізіледі.

      15. Комиссия осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген оператор ұсынған құжаттарды қарастырады және осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады.

      Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      16. Комиссия шешімінің негізінде стипендиаттар тізімі ЖЖОКБҰ-ға жіберіледі және күнтізбелік жылғы 1 қыркүйекке дейін оператордың порталында орналастырылады.

      Оператор іріктеудің нәтижелері туралы электронды хабарламаны стипендиаттарға жібереді.

      17. ЖЖОКБҰ күнтізбелік жылғы 1 қазанға дейін білім беру бағдарламасы және оқу мерзімі көрсетілген шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды білім алушылар қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      18. Оператор стипендиат қабылдауға дейін стипендиядан бас тартқан жағдайда оны ауыстыруды резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 389 бұйрығына
2-қосымша

Бакалавриат, магистратура деңгейіне үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары Білім алу жөніндегі құжатты бағалау

GPA

4-3.68

3.67-3.34

3.33-3.1

3.0-2.68

2.67-2.34

2.33

Балл

100-95

94-90

89-85

84-80

79-75

74-70

Орташа балл

5.0-4.9

4.8-4.7

4.6-4.5

4.4-4.3

4.2-4.1

4.0

Сарапшы бағасы

30

25

20

15

10

5

Белгі


      Бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелерін бағалау

Көрсеткіштер

Стреске төзімділік жоғары

Стреске төзімділік орташа

Стреске төзімділік төмен

Тестілеу нәтижелері

0-30 балл

31-60 балл

61-85 балл

86-110 балл

111-160 балл

Сарапшы бағасы

20

15

10

5

0

Белгі


      Онлайн-әңгімелесу нәтижелерін бағалау

Көрсеткіштер

Жауаптар толықтылығы, мамандықты білуі

Дәлелділік, дәлелдер, негіздемелер мен қорытындылар айғақтылығы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

5


5


4


4


3


3


2


2


1


1


Белгі



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 389 бұйрығына 3-қосымша

Докторантура деңгейіне үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары Білім алу жөніндегі құжатты бағалау

GPA

4-3.68

3.67-3.34

3.33-3.1

3.0-2.68

2.67-2.34

2.33

Балл

100-95

94-90

89-85

84-80

79-75

74-70

Орташа балл

5.0-4.9

4.8-4.7

4.6-4.5

4.4-4.3

4.2-4.1

4.0

Сарапшы бағасы

30

25

20

15

10

5

Белгі


      Бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелерін бағалау

Көрсеткіштер

Стреске төзімділік жоғары

Стреске төзімділік орташа

Стреске төзімділік төмен

Тестілеу нәтижелері

0-30 балл

31-60 балл

61-85 балл

86-110 балл

111-160 балл

Сарапшы бағасы

20

15

10

5

0

Белгі


      Онлайн-әңгімелесу нәтижелерін бағалау

Көрсеткіштер

Жауаптар толықтылығы, мамандықты білуі

Дәлелділік, негіздемелер мен қорытындылар айғақтылығы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

5


5


4


4


3


3


2


2


1


1


Белгі



      Уәждемелік эссені бағалау

Көрсеткіштер

Жауаптар толықтығы

Дәлелділік, негіздемелер мен қорытындылар айғақтылығы

Автордың дербестігі және жеке позициясы

Тақырыптық тұтастығы, сөйлеу үндестігі және мазмұндау дәйектілігі

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

5


5


5


5


4


4


4


4


3


3


3


3


2


2


2


2


1


1


1


1


Белгі





      Диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздемені бағалау

Көрсеткіштер

Зерттеу тақырыбы өзектілігі, ғылыми жаңалық деңгейі

Зерттеу тақырыбын, қойылған міндеттерді негіздеу деңгейі

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы

Жариялынымдардың болуы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

Балл

Сарапшы бағасы

5


5


5


5


4


4


4


4


3


3


3


3


2


2


2


2


1


1


1


1


Белгі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады