Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 19341 болып тіркелді.

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 687 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі – АТ ТҚКЖ) жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық техника (бұдан әрі – АТ) – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемесі, олардың борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштар, мемлекеттік авиация әуе кемесінің авиациялық қару-жарағы, авиациялық құтқару құралдары, кешенді тренажерлер (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын техникалық басқару құралдары, қондыру және байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары;

      2) авиациялық техниканы жөндеу – авиациялық техниканың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және авиациялық техника мен оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      3) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету – авиациялық техниканы мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жөндеуаралық кезеңдегі олардың техникалық даярлығын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені, оларды жүргізу қажеттілігі оның техникалық жай-күйі және құжаттамасымен айқындалады;

      4) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) оны жөндеуді жүзеге асыратын және қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;

      5) жөндеу – қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, істен шығу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      6) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) өтініш беруші – мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін уәкілетті органға жүгінген АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым;

      8) сәйкессіздік – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарын толық немесе ішінара сақтамауы;

      9) сертификаттау комиссиясы – уәкілетті органның лауазымды адамдарының және тиісті авиациялық білімі және әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар тартылатын сарапшылардың қатысуымен уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын комиссия;

      10) сертификаттық зерттеп-қарау – сертификаттау комиссия жүзеге асыратын АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өтініш берушінің құралдарын, жабдықтарын, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, персоналының құзыретін сертификаттау талаптарын сәйкестігіне зерттеп-қарау;

      11) сертификаттау талаптары – Заңның 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптары;

      12) сертификатты ұстаушы – уәкілетті органнан АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алған АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым.

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берілмейді.

      4. Сертификат қызмет саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, екі жылға беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып есептеледі. Сертификаттың қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган берілген сертификаттарды және сертификаттарды ұстаушыларды есепке алуды жүргізеді, олар туралы мәліметтер уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      6. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды (бұдан әрі – сертификаттау) және сертификат беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізу тәртібі

      7. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым мынадай жағдайларда:

      1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);

      2) қажет болған жағдайда ұйым қызметінің аясын кеңейту;

      3) бұрын берілген сертификаттың қолданылуы кері қайтарылғаннан (тоқтатылғаннан) кейін сертификаттауға жатады.

      8. Сертификаттаудан өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтінішке құжаттар (бұдан әрі – тізбе) қоса беріледі.

      9. Мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымды сертификаттаудың жалпы мерзімі алдағы жұмыстар көлемін, сондай-ақ қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бір айдан аспауы тиіс.

      10. Уәкілетті орган өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес сертификат беру үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкес келмегені туралы оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Егер өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 10-тармағының нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын тексереді.

      Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге мынадай хабарламалардың бірін жібереді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізу туралы хабарламаны;

      2) не ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды.

      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сертификаттау комиссиясы АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19340 болып тіркелген) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Анықталған сәйкессіздіктердің санына, сондай-ақ олардың еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке, АТ ТҚКЖ бойынша шарттық міндеттемелердің сапалы орындалуын ықпал ету дәрежесіне қарай өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік санаты белгіленеді:

      1) 1-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;

      2) 2-санат – уәкілетті органмен келісілген мерзімде оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;

      3) 3-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік.

      13. Өтініш берушінің сәйкессіздік санатын белгілеуді сертификаттау комиссиясы жүзеге асырады.

      14. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сертификаттау комиссиясы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі-акт) жасайды.

      Актіде өтініш берушінің өндірістік инфрақұрылымының нақты жай-күйі және қамтамасыз етілуі, сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер және өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкессіздігінің белгіленген санаты көрсетіледі.

      2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.

      Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.

      Егер өтініш беруші уәкілетті орган белгілеген мерзімде түзету іс-қимылдарын орындамаса, уәкілетті орган сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алады.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Актінің соңында сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарылады.

      Акт екі данада жасалады, оған сертификаттау комиссиясының мүшелері мен төрағасы қол қояды. Актінің бір данасы қол қойғызып өтініш берушіге беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. АТ ТҚКЖ жөніндегі сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру және оны беруден бас тарту, тоқтата тұру, қайтарып алу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, қолданысын тоқтату тәртібі

1-параграф. Сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру және беруден бас тарту

      15. Актінің негізінде уәкілетті орган оған қол қойылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде:

      1) сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша беру туралы;

      2) өтініш беруші белгіленген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі туралы;

      3) сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      16. Сертификатты және (немесе) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатына қосымша беру туралы шешім сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер болмаған кезде немесе сәйкессіздіктің 1-санаты белгіленген кезде қабылданады.

      17. Өтініш беруші белгіленген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі туралы шешім сәйкессіздіктің 2-санаты белгіленген кезде қабылданады.

      18. Сертификатты ұстаушы бұрын берілген сертификаттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей осы қызмет түрін жүзеге асыруды жалғастырған жағдайда, уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен сертификаттауды жүргізу және жаңа сертификат беру туралы өтініш жасайды.

      19. Сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім:

      1) сертификаттау талаптарына сәйкессіздік анықталған немесе сәйкессіздіктің 3-санаты белгіленген;

      2) сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың анық емес немесе жалған болуы фактісі белгіленген;

      3) өтініш беруші және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, сертификат және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру үшін қажетті деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      4) өтініш берушіге қатысты сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша алуды талап ететін қызметтің осы түрінің немесе жекелеген түрлерінің қызметіне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш берушіге сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша беруге уақытша тыйым салған жағдайларда қабылданады.

2-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу

      20. Уәкілетті орган сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын:

      1) сертификат ұстаушы сертификаттау талаптарын сақтамаған;

      2) сертификат ұстаушы бас тартқан немесе сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге кедергі жасаған;

      3) сертификат ұстаушы жазбаша өтініш берген жағдайларда тоқтата тұрады.

      21. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы Сертификатты ұстаушыға себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

      Егер АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған сәйкессіздіктерді және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті орган сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алады. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алған кезде хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификаттың түпнұсқасын және (немесе) сертификатқа қосымшаны уәкілетті органға қайтарады.

      22. Сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша, ол тоқтатыла тұрған жағдайда, оның қолданысын қайта бастау АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімде түзету іс-қимылдарының жоспарын орындағаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ұйымның түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауын уәкілетті орган сертификаттық зерттеп-қарау жолымен белгілейді.

      23. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымды уәкілетті орган сертификаттық зерттеп-қарау аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау немесе қайта бастаудан бас тарту жөніндегі шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

3-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру

      24. Сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша:

      1) олар берілген мерзімі өткен;

      2) сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша кері қайтарып алынған;

      3) заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе таратылған;

      4) сертификат ұстаушы уәкілетті органға сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өтініш жасаған.

      25. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде сертификат ұстаушы он жұмыс күні ішінде сертификатты және оған қосымшаны уәкілетті органға қайтарады.

4-параграф. Сертификатты өзгерту және толықтыру

      26. Қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға уәкілетті орган сертификат ұстаушының өтініші негізінде:

      1) сертификат ұстаушының деректері (атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы) өзгерген;

      2) сертификат ұстаушы қайта ұйымдастырылған;

      3) объектінің физикалық орын ауыстыруынсыз орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізінуі мүмкін.

      27. Қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін сертификат ұстаушы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішті, сондай-ақ сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      28. Уәкілетті орган сертификат ұстаушыдан өтініш алғаннан кейін қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзгерістер енгізеді.

      29. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.

      30. Бұрын берілген сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша уәкілетті органға қайтарылуға жатады.

5-параграф. Сертификат ұстаушының сертификаты жоғалған, ұрланған, бүлінген және телнұсқасын берген кезде сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру

      31. Берілген сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда, сертификат ұстаушы уәкілетті органға телнұсқаны беруге өтініш береді.

      32. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның телнұсқасын уәкілетті орган өтініш берушінің өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде береді, оның оң жақ жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" деген белгі қойылады.

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті

Уәкілетті органның атауы,мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның
Сертификаты
№_______
Сертификаттың қолданыс мерзімі: 20__жылғы "__" ______бастап 20_жылғы "___" _____ дейін


Осы сертификат 20__жылғы "__"______ сертификаттық зерттеп-қарау актісінің негізінде
___________________________________________________________
(АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы, нақты орналасқан мекенжайы) берілді.

Осы сертификатты ұстаушы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы сертификатқа қосымшада көрсетілген іс-қимыл саласына жататын Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің ______ № ___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.

Осы сертификаттың қолданыс мерзімі бір жыл.


Берілген күні мен орны:

Тегі, аты-жөні және қолы:



Бастапқы берілген күні:

Лауазымы:

Мөр орны


  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымныңсертификатына
қосымша

№_______

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті
Уәкілетті органның атауы,мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы
№_______
Сертификаттың қолданылу аясы

Авиациялық техниканың түрі және олардың түрленген түрі

Жұмыстардың түрі







Берілген күні мен орны: Тегі, аты-жөні және қолы:
Бастапқы берілген күні: Лауазымы:

Мөр орны

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтініш

      1. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      __________________________________________________________________________

      2. Ұйымның тіркелген орны және тіркеу нөмірі (шифр)

      __________________________________________________________________________

      3. Өндірістік база орналасқан орынның мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      4. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның пошта мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      5. Байланыс құралдарының деректемелері (телефон, телеграф, факс, e-mail, интернет мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      6. Өтініш беру себебі (қажеттісінің астын сызу):

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алуға бастапқы өтініш;

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның қызмет түрлерінің өзгеруі;

      авиациялық техника үлгілерінің тізбесін өзгерту;

      кезекті мерзімге сертификаттау;

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын қайтарып алу/жоюдан кейінгі сертификаттау;

      басқа да себептер

      (көрсету):________________________________________________________________

      7. Өтінімнің мазмұны: Мемлекеттік авиацияға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізуді сұраймын.

      8. Сертификаттауға мәлімделген қызмет түрлері:

Авиациялық техниканың түрі

Жұмыстардың түрі



      Мөр орны_________________

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы _______________________________________

      Лауазымы( қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 3-қосымша

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі.

      2. Салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, өтініш берушінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі. Өтініш беруші қызметті үш жылдан кем жүзеге асырған жағдайда, ақпарат қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін ұсынылады.

      3. Өтініш берушінің бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама.

      4. Сапа жөніндегі нұсқаулар, сапа жоспары, тәуекел менеджменті жоспары және конфигурацияны басқару жоспары.

      5. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның штаттық кестесі.

      6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер (ұйымның басшысы және АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындау сапасы жөніндегі басшының өкілі):

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдағы атқаратын лауазымы;

      3) авиацияның АТ ТҚКЖ саласындағы біліктілігі және білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;

      4) авиацияның АТ ТҚКЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі.

      7. Авиациялық техниканың нақты үлгісінде сертификаттауға мәлімделген жұмыстарды орындауға технологиялық дайындықтың аяқталғанын растайтын құжаттың (актінің) көшірмесі (бастапқы сертификаттау кезінде немесе сертификаттың қолданылу аясында жұмыстардың жаңа түрін немесе авиациялық техниканың түрін қосу кезінде).

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша

Сертификаттауды жүргізу туралы хабарлама

      _____жылғы "__" _________ № ____ _________________________________________________________________

      (АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы)

      ______ жылғы "__" __________ № _____________ ______________________________

      (ұйым атауы)

      ұйымды сертификаттауды жүргізуге ұсынылған өтінімді қарап келесіні хабарлаймыз:

      1. Сіз ұсынған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздік тармағы көрсетіледі)

      __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Сертификаттық зерттеп-қарау _______ бастап __________ дейін жүргізілетін болады.

      Уәкілетті органның лауазымды адамы

      немесе ол уәкілеттік берген адам

      __________________________________Мөр орны

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "____" ___________

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 5-қосымша

Сертификаттық зерттеп-қарау актісі

      20__ жылғы "__" ______ ______ қаласында мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі

      ________________________________________________________________________________

      (АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы))

      ұйымға сертификаттық зерттеп-қарау жүргізілді.

      Комиссия құрамы:__________________________________________________________

      Нақты жағдайы:____________________________________________________________

      Қорытынды:_______________________________________________________________

      Ұсынымдар: ______________________________________________________________

      Қорытынды мәтіні: _________________________________________________________

      Комиссия төрағасы не оны алмастыратын адам: _________________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Комиссия: _________________________________________________________________

      (қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Актімен таныстым:

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы

      __________________________________________________

      (қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 6-қосымша

Түзету іс-қимылдарының жоспары

Сертификаттау талаптарының тармағы

Сәйкессіздік мазмұны

Жою мерзімі

Түзету әрекеті

Құжаттар

Жою туралы белгі













Ескертпе: сұр түсті баған АТ ТҚКЖ бойынша тексерілетін ұйымның түсініктемелері мен жауаптары үшін құрастырылған.

Уәкілетті органның лауазымды адамы не ол уәкілеттік берген адам үшін баған:
Сәйкессіздіктерді жабу бойынша шешім қабылдау:



Түсініктеме


Қолы:
Күні:


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):


 

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымдарды сертификаттау және
оларға сертификат беру
қағидаларына 7-қосымша

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш

      Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізуді сұраймын

Өтініш беруші туралы мәліметтер

      1. Өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      2. Сертификаттың нөмірін (лерін), берілген күнін, Сертификатты берушіні көрсету;

      3. Қызмет түрінің толық атауын көрсету;

      4. Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздемесін немесе себептерін көрсету.

      Қоса берілген құжаттар тізбесі:

      1)____________________________________________________________________;

      2)_____________________________________________________________________;

      3)_____________________________________________________________________;

      4)_____________________________________________________________________.

      (құжаттар атауы және парақтар саны)*

      Мөр орны _________________________________________________

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы _______________________________________

      Лауазымы (қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады