БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сертификат қызмет саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, екі жылға беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып есептеледі. Сертификаттың қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті орган өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес сертификат беру үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкес келмегені туралы оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1.Егер өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 10-тармағының нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын тексереді.
Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге мынадай хабарламалардың бірін жібереді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізу туралы хабарламаны;
2) не ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сертификаттау комиссиясы АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19340 болып тіркелген) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сертификаттау комиссиясы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі-акт) жасайды.
Актіде өтініш берушінің өндірістік инфрақұрылымының нақты жай-күйі және қамтамасыз етілуі, сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер және өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкессіздігінің белгіленген санаты көрсетіледі.
2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Егер өтініш беруші уәкілетті орган белгілеген мерзімде түзету іс-қимылдарын орындамаса, уәкілетті орган сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
Актінің соңында сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарылады.
Акт екі данада жасалады, оған сертификаттау комиссиясының мүшелері мен төрағасы қол қояды. Актінің бір данасы қол қойғызып өтініш берушіге беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі